0 дауыс
49.2k көрілді
Мақал мәтелдер мен фразеологизмдер тауып айтыңдаршы өтінемін !!!

3 жауап

0 дауыс
ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ

 

Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.

 

Ажыраған бірін-бірі іздейді.

 

Айдын, айдын, айдын көл асарлап төксең суалмас (Абай).

 

Айрылған азады, косылған озады.

 

Ақсақтың аяғы жетпесе де таяғы жетеді.

 

Апалы-сіңлілі тату болса үйді гүлстан етеді.

 

Ақ түйенің қарны ақтарылды.

 

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

 

Аңызды жерде ат өлмес,

Үйірлі жерде ер өлмес.

 

Артта қалғаңды аю жер,

Бөлек кеткенді бөрі жер.

 

Әрекет көп, берекет жоқ.

 

Байлық байлық емес, бірлік байлық.

 

Бакылда бірлік жоқ.

 

Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың.

Басалқыңыз бар болса, жанған отқа күймессің.

 

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

 

Бас жарылса бөрік ішінде,

Қол сынса жең ішіңде.

 

Батырлықты айт, ерлікті айт,

Батырлықты айт, бірлікті айт,

Ынтымақ қосып, ел болып, жұрт жасаған тірлікті айт.

 

Белбеулі бел қышиды шешерінде,

Жылқы мал тебіспейді өсерінде (Мәди).

 

Бел мен білек біріксе жұмыс бітер.

 

Береке басы — бірлік.

 

Береке бір тиыннан.

 

Берекелі болса ел жағасы жайлау ол бір көл (Абай).

 

Берекелі дәулет кеш келер.

 

Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды,

Берекелі жердің жыланы да шақпайды.

 

Берекелі жерден мереке кетпес.

 

Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле.

 

Берекесі кеткен ел

суы сасыған батпақ көл.

 

Берекесіз бейбақтар терлеп еңбек етпейді.

 

Терлеп еңбек еткенмен тілегіне жетпейді.

 

Берекесіздің ауылы мерекесіз.

 

Берекесі кеткен ауылдың:

айтқаны өсек болар,

андығаны төсек болар.

Берекесі кірген ауылдың:

айналдырғаны шаруа болар,

еккені тары, жегені жарма болар.

 

Береке түбі — бірлік,

Жеңіліс түбі — шерлік,

Жеңіс түбі — ерлік (Майқы би).

 

Бес бармақ жиналса — жұдырық.

 

Бетеге кетсе — бел қалар,

Бектер кетсе — ел қалар,

Берекең кетсе — нең қалар?

 

Бөлінген бүлінеді.

 

Бөлінгенді бөрі алар,

Ұзағанды ұры алар.

 

Бұлақты болса көл семіреді,

Ынтымақты болса ел семіреді.

 

Білек бір болса да бармақ басқа.

 

Бір адам — самал, екі адам — амал,

үш адам — жамал,

төрт адам — қамал.

 

Бірбеткей адам бірлікті бұзады,

Теріс мінез адам тірлікті бұзады.

 

Бірді бөліп, жартыны жарып же.

 

Бір жеңнен қол шығар,

Бір жағадан бас шығар.

 

Бір күн ұрыс болса қырық күн береке кетеді.

 

Бір қолың бір қолынды жуады.

 

Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас.

 

Бірлігі күшті ел азбайды,

Пішуі кең көйлек тозбайды.

 

Бірлік бар жерде тірлік бар.

 

Бірлік болмай, тірлік болмас.

 

Бірлік еткен озар,

Бірлеспеген тозар.

 

Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күйің жоқ.

 

Бірлік қайда болса ерлік соңда,

Ерлік кайда болса елдік сонда.

 

Бірліксіз істе береке жоқ.

 

Бірлікті ел бұзылмас.

 

Бірлік — ынтымақ, байлық — бак,

 

Біріккен — батыр.

 

Біріккен бітіреді, ұйымдасқан — ұтады.

Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады.

 

Біріктіріп айтса — бидікі жөн,

Құрастырып айтса — құлдыкі жөн.

 

Еділ суы бал болса елге жетер.

 

Екі бие — ел ырысы,

үш бие — бұлақ басы,

бір бие — жоқтың қасы.

 

Екі жақтама бір жақта,

Әлің келсе сыр сақта.

 

Екі жасты қосқанның сауабы бар,

Дос арасын ашқанның обалы бар.

 

Екі сегіз — он алты.

 

Екі сұңқар таласса бір қарғаға жем болар.

 

Екі сырттан ит болса қой алдырмас қорадан.

 

Екі жігіт тең болса ат жібермес арадан (Шернияз).

 

Екі тау қосылмайды,

Екі ел қосылады.

 

Екі тізгін жоқ болса

Ат басын адам бұра алмас.

Екі тартпа жоқ болса,

Ат үстінде ер тұра алмас.

Екі үзеңгі жоқ болса,

Атқа адам міне алмас.

 

Бәрі бірдей сай болса,

Шайтан түгіл жын алмас.

 

Ел айрылса — көбіне,

Жол айрылса — жөніне.

 

Елдестірмек елшіден,

Жауластырмақ жаушыдан.

 

Елдік түбі — бірлік.

 

Ерлі-зайып:

бірі — мойын, бірі — бас.

 

Ерлі-зайып тату болса шырағы жанар,

Ерлі-зайып араз болса көңлі қалар.

 

Жанжалды үйде береке болмас.

 

Жанжалшыл елге жақын қонба,

Оқпанды жерге егін салма.

 

Жарылғанды жау алады,

Бүлінгенді бөрі алады.

 

Жас ағашқа сүйеніп қу ағаш та күнелтер.

 

Жастың тілегі бір,

Ынтымақтың білегі бір.

 

Жеке жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас.

 

Жең ішінен жұдырық.

 

"Жеттім" дедің — жығылдың,

"Болдым" дедің — бүліндің.

 

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

 

Жұмыры бардың ғұмыры бар.

 

Жұрт келгеңдей жиын болсын,

Жұмылған қолдай ұйым болсын.

 

Жұртпен жүрген жүдемес.

 

Жүзге бөлгеннің жүзі күйсін.

 

Жүзден жүзді кеміткеннің жүзі қара.

 

Жылыда жинақталмаған суықта қымтана алмайды.

 

Игілік басы — ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ.

 

Ит пен ит ырылдасса, тамағының тоқтығы.

Жігіт пен жігіт қырындасса, ынтымағының жоқтығы.

 

Иті семіз, малы арық — жер азғаны,

Ынтымағы болмаса — ел азғаны.

 

Келісіп пішкен тон келте болмас.

 

Кемедегінің жаны бір.

 

Кеңес қылған ел азбайды,

Кең пішкен киім тозбайды.

 

Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.
0 дауыс
Көпті жамандаған,

Көмусіз қалар.

Ел бірлігі – ел теңдігі.

Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Бірлікті ел бұзылмас.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Бірлік ынтымақ – байлық бақ.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.

Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Сырттан келген жаудан да,

Іштен шыққан дау жаман.

Ауылдың иті ала болса да,

Бөрі келгенде бірігеді.

Тобынан айрылған қазды,

Топталған қарға алады.

Кең киім тозбайды,

Кеңесші ел азбайды.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

Теңге тиыннан,

Ынтымақ ұйымнан.

Қол жұмылмай – жылынбайды.

Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас.

Ынтымақ болмай іс оңбас.

Топтанып ұшқан торғайға,

Тұрымтай да бата алмас.

Үйдің басын қатын қосар.

Елдің басын батыр қосар.

Бірлік қайда болса,

Ерлік сонда.

Еркіндік қайда болса,

Елдік сонда.

Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Қырық кісі – бір жақ,

Қыңыр кісі – бір жақ.

Саусақ бірікпей,

Ине ілікпейді.

Байлық байлық емес, бірлік – байлық.

Бір кісінікі мақұл,

Екі кісінікі – ақыл.

Бас жарылса, бөрік ішінде,

Қол сынса, жең ішінде.
0 дауыс


Аңызды жерде ат өлмес,

Үйірлі жерде ер өлмес


Аңызды жерде ат өлмес,

Үйірлі жерде ер өлмес.

...