0 дауыс
14.5k көрілді
Тортай мінген ақ боз ат әңгімесі керек болып тұр еді!!! Маған бересіздер ме? Өтінемін дәл қазір керек еді.

1 жауап

0 дауыс

http://kitap.kz/reader/bota_torbvvb осы жерден оқисыз...


Тортай мінер ақ боз ат - әңгіме.


«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің авторы – Оралхан Бөкей. Оралхан Бөкей - 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Үнемі топ бастап жүретін, қиыннан қиыстырып өлең де шығара білген бала Шыңғыстай орта мектебін бітірді.

Автор туралы
1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған.
1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған.


Қысқаша мазмұны
Әңгімеде Тортайдың бастан кешкендері, соғыстан кейінгі қайғы-қасіреттері баяндалған. Мысалы: Тортайдың әжесімен ауылға қоныс аударуы, балалардың Тортайға сіңісуі, әкесінің қаза табуы, өзінің балалық армандары кімнің де болмасын құлағының құрышын қандырары анық.


Шығарма кейіпкерлері
Тортай – әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін 14 жастағы бозбала. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар болғанымен балалардың арасында білгіш, және басқалардан ерекшелігі, бас алмай кітап оқи беретін. Тортай ойынан ертегілер шығарып, балаларға айтып береді. Соны баалар ұмытпай кейін өз балаларына айтып береді.
"Фермердің баласы"- бақуатпын деп, мұрнын көкке шүйірмейтін, басқа балалармен өзін тең көретін қамқор, адал дос.
Балалар – Тортайдың сол ауылға сіңісіп кетуіне көмек берген кеңпейіл достар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 23.02.2023 Кітап, Әдебиет сұрақ қойды
0 дауыс
9 жауап
0 дауыс
0 жауап
Меруерт Қадылқанова 4.12.2016 Табиғат сұрақ қойды
...