Құрметті Қазақстан интернет олимпиадасының қатысушылары, ұйымдастыру комитеті ҚИО атаулы шәкіртақыны енгізу туралы шешім қабылдады. Шәкіртақы тағайындалады: - жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша (физика, математика, химия, биология). - қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы). Шәкіртақы алушылар 6-7, 8-9, 10-11 сынып аралығындағы оқушылар арасында, 4 пәннің 2 кезеңдері нәтижелерінің алынған ұпай сандарының қосыныдысы бойынша анықталады. Әр параллельде тек қана бір жеңімпаз болады, ол 6 ай ішінде 5 000 (бес мың) теңге соммасында тұратын атаулы шәкіртақыны алып отырады және де «ҚИО шәкіртақы алушы» дипломымен марапатталады. Сонымен қатар шәкіртақы алушылар маусым қорытындысы бойынша жеңімпаздар атануға үміткер бола алады. Осы шешім мектеп пәндерді тереңдетіп оқуға, жаңа білімге, жоғары белестерге жетуге септігін тигізетініне үміттенеміз. Жаңа Қыс-Көктем 2016 маусымда кездескенше! ҚИО ұйымдастыру комитеті.