Болымсыз етістікке сөйлем?

+2 дауыс
48.6k қаралым
Болымсыз етістік 5-6 сөйлем құрап беріңіздерші?!
• Санаты: Үй тапсырмасы | 48.6k қаралым

3 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап

Ғаламтор желісінде ұзақ отыруға болмайды.

"Балалар, сабақтан жиі қалмаңдар",-деді мұғалім.

Інім таңертең балабақшаға барғысы келмейді.

Қазақстанда керіктер (жирафтар) мен пілдер өсірілмейді.

6 жасқа толмаған балаларды 1-ші сыныпқа қабылдамайды.

ҰБТ-ге дұрыс дайындалмасаңыз, мемлекеттік оқу грантын ала алмайсыз.


Жақсы жауап таңдалды
+1 дауыс

Болымды етістікке мысал сөйлемдер:

Мен ертең кітапханаға барамын.

Әпкем демалыста үй жинады.

Былтыр мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Келесі аптада қаламызда мерекелік іс-шара өтеді.

Бүгін Әсия аудандық мәдениет үйінде өнер көрсетеді.

Оқушылар ұстаздар күніне дайындықты бастап кетті.

Кітапханада мерекелік шара болып жатыр.

Мөлдір қорыққаннан қатты айқайлап жіберді.

Болымсыз етістікке мысал сөйлемдер:

Мен таңертең сағаттың шырылдағанын естімедім.

Олар бұл демалыста ауылға бармайды.

Кеше басшыға кіре алмадым.

Сен бізбен бірге бармайсың.

Ербол маған қоңырау шалмады.

Сыныпқа есікті қақпай кіріп кетті.

Қатты ауырып жатқан соң бүгін сабаққа келе алмады.

Жанат үйге не бергенін білмей қалды.


өңдеді
0 дауыс
Әрбір оқушы үйінде ата-ананың баласы. Сол себепті ол өзінің мектепте оқып жүргеніне ата-анасына қарыздар. Ата-анасы баласына бір сын айтса, баласы әке-ешесіне ашуланбай, жаман қарамау қажет. Ата-анаң сенің болашақ өміріңді уайымдағаннан осылай сын айтады. Сондықтан оларды сыйлап, болашақ өміріңді ойлап ерсі күліп далада орынсыз жүріп ата-анаңа өтірік айтпай, сабағыңды жақсы оқып олардың мақтанышы бол

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы