0 дауыс
15.4k көрілді

Абай атамыз мына өлеңінде: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат не айтқысы келген. Мағынасын ашып айтып берсеңіз.

1 жауап

+1 дауыс
Өлеңде ақынның жастар алдындағы ағалық ниеті, ұстаздық ғибраты тікелей оқу, білім, ғылым төңірегінде ғана болмай, өмірдегі адамгершілік іс, достық пен татулық, адалдық секілді әлеуметтік-этикалық биік қасиеттерді үлгі етіп, өсиет қылады. Адамгершілік, кісілік туралы «ойларды шешендік, ақылгөйлік түрінде әсіресе баса айту — бұл Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті» . Тақырып пен идея, мазмұн тұрғысынан алып қарағанда, аудармада Абайдың осы ниеті, осындай ұстаздық ғибраты мен көзқарастары ашылуының маңызы жоғары. Өлеңнің алғашқы шумағын алып, онда берілген жайлардың орыс тіліне аударылу, орыс тілінде берілу деңгейіне назар аударайық:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат .

Осы тармақтарындағы әр ой анық, оны жеткізіп тұрған тілдік құралдар, түрге пішін беріп тұрған бейнелеу құралдары да жара-сымды. Мазмұн мен пішін арасынан ешқандай жарықшақ табылмайды, бәрі де сұлу келісіммен үндесіп тұр. Ақын өлеңнің бастапқы тармағында жігіттерге екі түрлі, біріне-бірі қарама-қарсы екі құбылысты қатар пайымдауды ұсынады: ойын және күлкі. Ауызекі сөз барысында ойын мен күлкі бір-бірінен ажыратылмай, екеуі өзара шектес, мәндес құбылыстар ретінде айты-латыны рас. Ақын осы екі құбылыстың ара-жігін ашып, олардың әрқайсысының мәні мен мәнісін ажыратып сипаттайды. Олардың мәнін ашу мақсатында ақын бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы, антонимдік қатынастағы екі сөзді таңдап алған: арзан — қымбат. Өлеңнің мағыналық өзегі мен құрылым жүйесі үшін «ойын-ның арзан» болуы қаншалықты шешуші болса, соған орай «күлкінің қымбат» болуы сон-шалықты маңызды. Бұл секілді антонимдік қатынаста тұрған сөздердің мағыналары ақын-ның айтайын деп отырған негізгі ойының сал-мағын арттырып, өлеңнің поэтикалық қасиетін күшейте түсетіні сөзсіз. Ақынның осы ойы өлеңнің келесі тармағында және бір жұп құбылыстармен негізделеді. Ол құбылыстар — сыр мен сымбат. Өлеңнің басты идеясы мен тақырыбын, мазмұны мен пішінін тану үстінде осы екі тар-мақта түзілген түр мен өрілген ойдың өзара қатынасы, байланысы, сабақтастығы айрықша мәнді. Өлеңнің ішкі болмысына, нақты мағы-насы мен эмоциялық мазмұнына, поэтикалық тұтастығына бастайтын арна осы екі тармақтан басталады. Ақынның ішкі сырына, ақындық-азаматтық нысанасына барар жол осы екі тар-мақтың көркемдік-эстетикалық табиғатынан тамыр тартады.Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.
...