0 дауыс
36.6k көрілді
Ер адамның ұрығы əйəлінің іш киімнің сыртына тисе екіқабат бола ма? Тура етеккір келетін күн жақындағанда сосын етеккір келмей қалса не деген сөз? Əйел мүшесі ұрықты тарта ма ?

4 жауап

+1 дауыс
Етеккір
Етеккір — жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстың кезеңге дейін созылады. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін қыз балаға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—4 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін оны міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсеткен жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Кейбір әйелдер етеккірі келген кезде ашушаң, күйгелек болады, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады. Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы организмдегі кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілен отырғаны жөн. Некеде тұрған әйелдерге мұндай календарь қай кезде жүкті болғанын неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Дәкеден жасалған гигиеналық төсемдерді пайдаланған тиімді. Бұл күндер де жыныстық қатынас жасауға, ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, тек қана душта жуыну керек. Етеккірі келген уақытта қанның көп бөлінуіне себеп болатын спиртті ішімдіктерді, ащы тұздықтарды пайдалану дұрыс емес. Бұл кезде әйел организмінің түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалан, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн.
Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп, аналық безде өнеді. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей уақыт калғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналы жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Етеккір мерзімі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығындағы мерзімді атайды. Етеккір мерзімінің ұзақтылығы үш аптадан бастап, 41 күнге дейін баруы мүмкін. Менструация кезінде тазалық төсемдер мен тампондарды, яғни мата тығындарын қолдануға болады. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандытан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гормондық өзгерістер көңіл күйге өз әсерін тигізеді. Кейде, овуляция барысында, өзіңізді жігерлі сезінсеңіз, етеккірдің алдында кейде жыламсырап, қит етсе ашуланып, не ызаланып алуыңыз да мүмкін. Емшегіңіз ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығатын да уақыт болады. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқау қабаттасса, немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал.

Хайыз, Етеккір - әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан. Хайыз Имам Ағзам мазһабы бойынша, шамамен 9 жастан 55 жасқа дейін жалғасады. Хайыз болған әйел намазы мен оразасын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын «жеңілдік қағидасына» байланысты өтеуінің қажеті жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі - үш күн. Ең көбі - он күн. Бұдан төмен, жоғары болса үзір қайы деп саналады. Хайыз қайы - Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті Хауа анамыздан бастап әрбір әйел Хайыз жағдайында болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адам қыздарына жазған нәрсесі», - дейді (Бухари, Хайыз/1,7).
0 дауыс
Нақтырақ жауап беріңіздерші жүктілік ықтималдығы бар ма ? болса қанша працент?
Жүктілік ықтималдығы бар.50 процент.
0 пролцент, жүктілік болуы мүмкін емес
0 дауыс
Сонда ер адамнан аққан сұйықтықтың құрамында міндетті түрде бірнеше ұрық болуы мүмкін бе? Əлде кейде болмай ма?
Иа ұрық болады.
0 дауыс
менин кызымнын етек кири мулде келмейди онын бала котеруге Ана атануына манызы оте зорма?жане ол келмеседе бала котере Алама кызым 17де Жасы.сол уайым болып жур Казыр емделип жур болашакта бала болады депти ягни урпак бул жонинде не айталасыздар?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 12.10.2020 Жанұя сұрақ қойды
+1 дауыс
8 жауап
0 дауыс
1 жауап
...