0 дауыс
14.8k көрілді
Абайдың 21-ші қара сөзіне байланысты мақал-мәтелдер жазу керек. Білгендеріңізбен бөліссеңіздер? ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, ләкин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол - наданның наданы, ләкин өзі адам емес. Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді.

1 жауап

0 дауыс
Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.

Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.

Жапа шегіп, жай жату,
Жасқаншақтың белгісі.
Аспандағы айды ату.
Мақтаншақтың белгісі.

Мақтаншақты мақтасаң,
Басыңа секіреді.

 

Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады.
 
Жақсы мақтанса есебін табар,
Жаман мақтанса қатынын сабар.
 
Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.
 
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.
 
Үрмеген ит кісі каппас.
 
Ер өнерімен мақтансын.
 
Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас.
 
Асқанға аспан да аласа.
 
Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс.
 
Өзім есек бола тұрып, түйені жетектедім.
 
Еңкейгенге еңкей,
Басың жерге жеткенше.
Шалқайғанға шалқай,
Төбең көкке жеткенше.
 
Семіздікті қой ғана көтереді.
 
Аспанға айды бір шығардым.
 
Арыстан асқынса айға шабар,
Ақымақ асқынса анасын сабар.
 
Саяз су сарқырап ағады.
 

Аяз би, әлінді біл,
Құмырсқа, жолыңды біл.
 
Тауық шақырғанға таң атпайды.
 
Көзінше мақтама, сыртынан даттама.
 
Білемін деп мақтанба,
Сенен де білгіш табылар.
 
Тігілмеген етігіңді мақтама.
 
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
Жетеумін деме, сегізге жолығасың.
 
Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан.

Тентек өзін дәу санайды,
Жантақ өзін бау санайды.
...