0 дауыс
731 көрілді
Қазақстанда 74 мың гектар жерді алып жатқан қорық

1 жауап

+1 дауыс

74 мың гектар қорық Жалтыр-Жарқын

Солтүстік Қазақстанда осы өңірдің ғана емес, тұтастай мемлекеттің байлығы болып табылатынның бәрін адамның ойланбастан қол сұғуынан қорғау керек. Басқару органдарының және ғылыми орталықтардың қызметкерлері қойып отырған мақсат осындай. Сондықтан қорғауға алынған табиғи аумақтарда оңтайлы жағдай туғызу ұдайы назарда. Бұл өзі оңай жұмыс емес. Қазіргі таңда өңірде бір табиғи саяжай, алты қорық және республикалық маңызы бар 12 ескерткіш бар.

Табиғат қорының жекелеген түрлерін қорғаудың негізгі нышаны — қорықтар. Облыс аумағындағы олардың саны – алтау. Оның төртеуінің республикалық маңызы бар.

240 мың гектар жерді алып жатқан Смирново зоологиялық қорығы 1967 жылы Аққайың, Қызылжар және Есіл аудандарында құрылған.

134,1 мың гектар жерді алып жатқан Согрово зоологиялық қорығы Қызылжар ауданында. Смирново қорығымен бірге құрылған.

52,4 мың гектар жерді алып жатқан Мамлютка зоологиялық қорығы Мамлют пен Қызылжар аудандарында, ол да 1967 жылы құрылған.

Қазақстан үкіметінің қаулысымен олар мерзімсіздер табиғи аумақтардың әрқайсысының алаңының 57-72 пайызын ормандар алып жатыр. Сондықтан ормандағы аңдар қорғау нысандары болып отыр. Бұлан, елік, қабан, түлкі, ақ қоян, құр және сирек кездесетін Оңтүстік Оралдың бұлғыны солардың қатарында. Сондай-ақ қорықтағы көлдерде ұя салатын құстарды аулауға тыйым салынған. 2001 жылы құрылған Орлиногор қорығы ботаникалық сипатта. Ол Айыртау ауданында, аумағы — 3,45 мың гектар. Оның басты мақсаты — өсімдіктерді қорғау және оларды өсіру.

Тимирязев ауданына орналасқан Ақжан (26 мың гегтар), Ақсуат (10 мың гектар облыстық маңызы бар қорықтары табиғат қорғауда белгілі бір рөл атқарады. Олардағы қорғау нысандары — дала суыры және көптеген құстар аққулар, тырналар, қаздар, үйректер, балшықшылар, т.б.

Бұған қоса облыс аумағында ондаган қорғау аймақтары, шағын қорықтар және табиғат ескерткіштері бар. Бұл нысандарды геолого-геоморфологиялық, гидрологиялық, ботаникалық және басқа топтарға біріктіруге болады. Үкіметіміздің 2001 жылғы қаулысымен заңдастырылған республикалық маңызы бар 12 табиғи ескерткіш баршаны қызықтырады. Бұл ретте "Жаңажол" орманын (Жамбыл ауданы), "Сосновый" орманын (Аққайың ауданы), "Орлиная" шоқысын және Имантау көліндегі аралды) (Айыртау ауданы), үңгірі бар сарқыраманы (Шалқар, "Көкшетау" саябағы) атауға болады. Табиғи ескерткіштердің бәрі де жартастарға жатады. Қарағайлы ормандар өскен ғылыми, мәдени-ағарту және эстетикалық мақсат үшін бұл нысандарды сақтау адамдардың маңызды міндеті. Оларда шаруашылық жүргізуге шектеу қойылған: орман қорғауға және өртке қарсы шараларға рұқсат етілген.

Республикалық және жергілікті маңызы бар табиғи аумақтардың бүкіл желісі 500 мың гектардан аспайды, мұның өзі оның жалпы алаңының бір пайыздайын ғана құрайды. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі жақсы дамыған. Өңірге бұл аз көрсеткіш, сондықган басқа аумақтарда қорғалуға тиіс. Әсіресе, 142 мың гектар Есіл, 124 мың гектар Жаңажол, 74 мың гектар Жалтыр-Жарқын, 61 мың гектар Буденовка, 27 мың гектар Камышлово учаскелері табиғат қорғау тұрғысынан алғанда болашағы зор.

Петропавл қаласы сияқты облыстың өзінде табиғи және антропогендік сипаттағы аумақтар мен нысандар аз емес. Ғалымдар оларды мынадай бес топқа бөлді: табиғи, табиғи-техникалық, сәулеттік, тарихи және археологиялық. Бұл нысандар мен аумақтар әзірше пайдаланылмаса да, олардың бәрі экскурсиялық-туристік индустрияның арнасына түседі деген сенім зор.

...