Маған мынау сияқты Анимациялық фильмдер ұнайды Легенды ночных стражей
Inside Out (2015) фильмі
Кейде Бақытты кездестіру үшін әуелі Мұңмен сәлемдесуге тура келеді. Бәріміздің мұңаюға хақымыз бар. Жүрек түкпірінде жасырынып жатқан сырымызды, мұңымызды жалған күлкімен жасырудың қажеті жоқ. Үнемі күліп жүрген, әрқашан позитивті ойлаған жақсы, әрине. Бірақ бір сәт ішкі үнімізге құлақ түріп, мұңымызбен қорықпай бетпе-бет жүздесіп болған соң ғана езу тартып күле алатын кездер болады. Жүрек әрдайым өзін тыңдағанын қалайды. Бұл анимациялық фильм маған осыны үйретті.