Елдегі ең үлкен қаласы. Терең шұңғымада орналасқан, 2000 жыл бұрын жылы минералды көздің жанында қалыптасқан. Алғашында бұл жерде фракия тайпаларының бірі – сердтер қоныстанды, олардың кенті Сердико деп аталған. Кент Батыс және Шығыс аралығындағы сауда жолдарында орналасқан және Рим империясы кезінде маңызды сауда орталығы болған. Түріктерден азат болғаннан кейін бұл кент оның астанасы болып жарияланды. Қаланың таңбасында «Өсуде, бірақ қартаймайды» сөйлемі жазылған.
Сұрақ. Осы елді және астанасын атаңыз.