+4 дауыс
901 көрілді

Құрметті достар!

Сіздерді Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа 2016 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа 2016 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

Ізгі ниетпен, Сұрақ-Жауап сайтының ұжымы!

жаңа жыл

 

Төменде 2016 жылға арналған құттықтаулар мен тілектер нұсқасын ұсынамыз!

Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2016 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2016 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2016 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
Жаңа 2016 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Жаңа 2016 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2016 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2016 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Барша қазақстандықтарды жаңа 2016 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2016 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Ескі Жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.
Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!
Жаңа Жыл құтты болсын!
Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

СМС құттықтаулар!

Досыма:

 

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!

 

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

 

Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

 

Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің касыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

 

Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

 

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

 

Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Жылан жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

 

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің,
Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің,
Шынарына өрле биік бақыттың,
Осы менің саған айтар тілегім!

 

Құшағында тәтті үміттің
Өтсін алтын күндерің,
Жаңа жылда жақсылықтың,
Шамшырағын үрлегін!

 

Сүйіктіме:

 

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

 

Өзің де бір ардақты жан екенсің,
Армандарың алып шыңға көтерсін!
Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,
Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

 

Бақытың лағыл тастай төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан бір сәтке кетпесін!

 

Аман болсын отбасың,
Жамандықтан сақтасын.
Жаңа жылдың түнінде,
Бақыт ашсын қақпасын!

 

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, Жаным!

 

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

 

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 20 жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

 

Әзілді:

Аяз Атаның хайуанаттар бағынан үш маймылы қашып кеткенге ұқсайды: біреуін қазір ғана жаңа жылдық шыршаның астынан тауып алыпты, екіншісі табылмай жатыр, үшінші маймыл осы СМС-ті оқып күліп отыр екен!

Дәрігерлердің пайымдауынша, 5 рөмке шарап, Жаңа Жылды ойдағыдай қарсы алуға кедергі келтіреді. Шарапсыз, ойдағыдай қарсы ал! Құтты болсын, бауырым!

Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет — Жаңа Жыл! Армандар орындалып, Жаңа Жыл кереметін сыйласын!

Жаңа жылда,
Жаңа жылдың әр күні,
Жақсы хабарларға,
Жағымды жаңалықтарға,
Күтпеген қызықтарға,
Қуаныш сыйлайтын sms-терге толы болсын!!!

 

Рахмет!!! Өздеріңізге де!!!

4 жауап

+1 дауыс
Жаңа *2016-шы* жылдарыңызбен!!!!!!!!!!!!!! Жаңа жыл құтты болсын!!!!!!!!!!!!!!!
+2 дауыс

Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын! Жаңа жылда  сұрақ жауап сайтына жаңа тіркелүшілер алып келсін!!

сен ескі жылғы қолданушы екенсің)
иә сенде ескі қолданушы екенсің
0 дауыс
Жаңа Жыл баршамызға құтты болсын!! Жаңа жыл жаңа табыстар мен еліміз үшін өз ырыс-несібесін ала келсін!
ырыс-несібені жаңа жыл алып келмейді,  барлық жақсылықтың себепшісі бір АЛЛА!
Кері сөйлемей отыр.
0 дауыс
жаңа жылды тойламау керек
деп алып тойлап қойдыңба))
...