+1 дауыс
792 көрілді
Өзім жеке кәсіппен айналысқым келеді. Қазір кішігірім анау - мынау жасап сатып үйренсем келешекте бір үлкен рестораным болмасада , отырып шәй ішетін орын ашсам деген ниетім бар. Осы идеям қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Алдын ала рахмет!

2 жауап

+1 дауыс
Бәке идеяңыз өте жақсы. Бұл бизнесті екі қолымды көтеріп қолдаймын, қазіргі таңда халыққа ең керектісі де осы болып тұр. Біз түрлі заттарды толтырып дүкен ашып тастағанбыз, халықта ақша жоқ, мына кризиз уақытында олар жақсы өтпейді, ол заттарды адам алмай ақ өмір сүре алады.. Ал, тамақ жеу, шәй ішу ол күнделікті адамға керек нәрсе, онсыз адам аш жүре алмайды,міндетті түрде сіздің кафеңізден табылады..

Бастаған бизнесіңіз сәтті болсын!  Жүріп кетеді менің пайымдауым бойынша, көріп жүрміз ғой күнделікті.
0 дауыс
Шағын бизнес жасаған дұрыс. Шағын кафеңіздің атын  "Тәтті тағамдар әлемі" деп қойыңыз. Сосын уақыт өте келе үлкейе береді. Ондай жерге халық көп келеді, өйткені үлкен кафелерге кіре беруге олардың күнделікті қалталары көтере бермейді.
...