0 дауыс
810 көрілді
Космонавттар мен астронавттардың айырмашылығы неде?

2 жауап

0 дауыс

Космонавт деп Ресей мен бұрынғы КСРО аймағындағы елдер, сонымен бірге Шығыс Еуропада ғарышқа ұшқан әрбір адамды атайды. Ол грек тілінің космос (грек. κόσμος) - әлем, ғаламшар, құрылым және наута (грек. ηαυτα) — теңіз жүзуші сөздеріні құралған. Ал АҚШ - та ғарышқа аттанатын адамдарды дәстүр бойынша астронавт деп атайды. Ол грек тілінің astron (грек. αστρον), жұлдыз және наута (грек. ηαυτα) — теңіз жүзуші сөздеріні құралған. Астронавт сөзін алғаш рет фантаст - жазушы Нейл Р. Джонс 1930 жылы өзінің қысқа әңгімесінде қолданған. Екі сөз синоним ретінде қолданылады. Бұрындары, КСРО ыдырамай тұрып, бұл сөздер адамның саяси көзқарасын білдіретін болған. Мысалы, космонавт десе, КСРО - ны қолдайтын, астронавт десе, керісінше.

0 дауыс
Керемет маңызды сұрақ (оны жастар біліп жүргені дұрыс). Жүргізуші (водитель) мен шопыр (шофер) екеуінің айырмашылығы қандай болса, космонавт пен Астронавт дәл сондай. Мүмкін, Американдықтар айға барып келгенін мақтаныш тұтатын шығар, бірақ олардың айға барып, аяқ басқан дегеніне әлі де дәлел жоқ, ол Голливудтың түсіріліміне қатты ұқсайды  (Айда ауа жоқ бірақ олардың тіккен туы қалайша желбіреп тұрды? күлкің келеді). Ресей астронавтарының айтуынша Айға адам баласы әлі жеткен жоқ, бәрі өтірік мақтанушылықтан туындалған әңгіме. Егер айға адам барған болса неге ары қарай тағы да барып, айды зерттеуді жалғасыра бермеді?.
...