0 дауыс
709 көрілді
Жапондықтар қалай ұзақ жасайды? Оның сыры неде?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
ЖАПОН АСХАНАСЫ

Бұл ел – халқының ұзақ өмір сүретіндігімен көшбасшы. Қатерлі ісік, жүрек-қан тамыры аурулары, остеопороз сынды қатерлі аурулармен қартайған шағында ауыра­тындардың өзі сирек кездеседі.

Жапондықтардың ас мәзірі. Әлемдегі бірде-бір елдің асханасы дәл осы жапон халқының керемет өнімдері бар бай асханасы сияқты мақтана алмайды. Соя, көк шәй, шиитаке саңырауқұлағы жасушаны қартайтып, мутацияға ұшырататын қышқыл­дандыратын күйзелісті болдырмайды. Ал күріш ағзадағы токсиндер мен ауыр металлдарды сырт­қа шығарады. Анығында, орташа есеппен әрбір жапондық күндік есеппен тұзды көп мөлшерде пайда­ланады: яғни, күніне 35-40 грамм – бұл 5 шәй қасығынан асатын мөлшер. Соның әсерінен болар, бұл елде гипер­тонияға ұшырағандар көп кездеседі. Бірақ, атеросклероз бен стенокардия сияқты аурулар атымен жоқ деуге болады. Өйткені, олар құнарлы теңіз балығын жейді. Оның құрамы жартылай қанықпаған омега-3 майлы қышқылға бай. Бұл заттар, сонымен қатар, қан тамырларын тазартып, адамдағы жыныс гормон­дарының бөлінуіне қатысады, әрі ағзаға қажетті жасушаны түзетін құрылыс материалы ретінде қолданылады.

Сонымен қатар, жапон асханасының негізін құрайтын балдырлардың арқасында жергілікті тұрғындардың арасында йод пен селен жетіспеушілігі жоқ десе де болады. Йод пен селен жүздеген зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді. Атап айтсақ, гормон жүйесінің қызметін реттейді.

Белгілі өнімдері мен тамақтары: суши, тофу, соя соусы, мисо, көк шәй, васаби, шиитаке саңырауқұлағы.
теңіз жағасында өмір сүретін халық болғандықтан, балық өнімдерін көп тұтынады және соның арқасында ұзақ өмір сүреді.
...