0 дауыс
9.1k көрілді
Тістегі қара дақ қандай витмамин жетіспегендіктен болады? Қара дақтан қалай құтылуға болады? Мекдициналық AirFlow - дың адам өміріне зияны барма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кариес «бүліну» деген мағынаны білдіреді. Адамдардың біразында кариестің пайда болуы кезінде эмальдің болмашы ғана қараюы кездеседі. Ал кейбіреулерінде жылдар бойы тіс эмалінің қалпын бұзатын тетіктер пайда болып, тістің зақымдалу процесі тез жүзеге асады. Тісті пломбалау әдісімен кариестен құтылу мүмкін емес. Тіске күтім жасау алдымен дұрыс тамақтану мен тіске қажетті дәрумендерді пайдаланудан басталады. Әсіресе, құрамында кальций, Д дәрумені бар тағамдарды жиі қолдану керек. Сондай-ақ асқазан-ішек аурулары мен қант диабетіне қатысты жиі тексеріліп тұру қажет. Бұл аурулар кариестің пайда болуына бірден-бір себепші. Тістің сау әрі әдемі қалпын сақтаудың ең тиімді жолы – дұрыс күтім мен жылына бір рет болсын тіс дәрігеріне қаралу.

Тіс щеткасын дұрыс пайдалану. Әрбір тіс щеткасының жарамдылық мерзімі – 3 ай. Сондықтан, щеткаңызды жиі ауыстырыңыз және оның тазалығын қадағалаңыз. Тіс щеткалары – қол щеткасы және "автомат" (электрлік, ультрадыбыстық) щетка болып бөлінеді. "Автомат" щеткада ауыстырып тұратын микросаптау мен таймер болады. Олар айналмалы қозғалысты қадағалай отырып, алыс аймақтардағы тіс сарысын да кетіреді. Қол щеткасына келетін болсақ, қылшықтары жиі орналасқан, жұмсақ немесе орташа қаттылықтағыны таңдау керек. Мұндай қылшық тістің арасына оңай кіреді, қызыл иекті зақымдамайды.   

Тіс пастасын таңдай білу. Тіс пастасына қойылатын басты талап – оның құрамында фтор болуы қажет.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
Белгісіз 26.07.2015 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
5 жауап
...