0 дауыс
6.9k көрілді

Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің балаларға арналған «Кішкентай ханзада» кітабын оқып көрген ба едіңіз? «Кішкентай ханзада» («Le Petit Prince») кітабы алғаш рет 1946 жылы Нью-Йоркте басылып шығып, бүгінгі күнге дейін 265 тілге аударылған, сатылым мөлшері 145 миллион данаға дейін жеткен. Биыл кітаптың 70 жылдығы әлемнің әр түкпірінде тойлануда.

Кішкентай ханзада

Осы кітапты оқыған адам бар ма? Жақсы кітап па?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен оқыдым.... балаларға арналған кітап емес (қазір жаңадан балаларға арналғаны шықпаса).  жазушының өзіде кітаптың басында жазған "балалар мен сіздерден кешірім өтінемін бұл сіздерге емес ересектерге арналған деп...... өте жақсы кітап..
+1 дауыс
Оқыдым, (бірнеше рет). Кішкентай ханзаданы балаларға арналған деп айтпас едім. Ол жас талғамайтын үлкен философиялық, психологиялық шығарма деп ойлаймын.

Бірінші ол кітапты оқығандағы өз сезімімді жеткізе кетейін.Оқыған сайын әр түрлі көңіл-күйде боласың, біресе күлкілі шығарма болып көрінсе, енді бір оқығанда трагедия сияқты болады. жалпы өмір жайлы ұзақ ойларға батасың (Әсіресе аяқталуы керемет)

Мен былай ойлаймын жалпы адамзат туралы, оның құндылықтары, өмірге деген құлшынысы туралы жақсы жазылған. Әрине әр адамның өз планетасы, өз раушан гүлі, өз жанартаулары болатыны шындық. өз қошақаны да. Қысқаша айтқанда жалпы өмір туралы ой-толғау десе де болады. Оқып отырғанда бірінші өзіңді ханзаданың орнына қойып елестет, сосын ұшқыштың орнына, сосын түлкінің орнына, жақсы әсер аласыз.. Әрбір айтылған сөздің үлкен мағынасы бар (әрбір сөзі ойға қалдырады, мысалы: "Сіздің планетада адамдар мыңдаған раушан гүлдерін өсіреді, бірақ ішінен керегін таба алмайды", "Сендер барлығың да менің жалғыз гүліме татымайсыңдар" .... т.б. сосын түлкінің айтқан сөздері: - "мен сенен кетсем жылайсың ғой" - И я, бірақ бидайдың сабақтары сені еске түсіреді)

(ой, кешірерсіз көөөп мылжыңдап кетіппін ғой, қысқасы оқығанымда өте үлкен әсер алған кітаптардың бірі)
0 дауыс

Кітапты оқу үшін мына сілтемені басаңыз болады.

https://yadi.sk/i/InOKw3O0r49gj

...