Достарымызбен немесе жанымызға ерекше жанмен қарсы алатын осы жаңа жылдық кештегі әрқайсымыздың тілегіміз – таңғаларлықтай әдемі болу. Мен бірнеше бейнелерді жинақтап, сіздерге макияж таңдауға көмектескім келеді. Тілегіміз жарқын акценттерге қол жеткізу болғандықтан, қалаған нәтижеге жетудің қаншалықты оңай екендігін айтып бермекпін. Әрқайсымыз міндетті түрде барлық назарды өзімізге аудартатын боламыз! Жарқыраған көздер, айқын еріндер және мінсіз тері сізді осы ұмытылмас кештің ең сұлу аруына айналдырады. Сонымен, белгілі бір бейнені таңдаған соң сізге не қажет?
Көз макияжын айқындап, ұзақ сақталуға септігін тигізетін зат – далапқа арналған негізден бастасақ. Sigma фирмасының негізі өзіне далап пен пигменттерді жақсы ұстайды және әрлі реңктері бар. Тағы бір ыңғайлы зат – NYX-тің әйгілі ақ қарындашы, онымен далап айқын әрі қанық бола түседі. Laura Mercier-дің ыңғайлы әрі әрлі негізі, сондай-ақ Urban Decay-дің әйгілі праймері.
Көпшілігіміз M.A.C. фирмасының Fix+spray бекіткіші жайлы білеміз. Оны тек толық макияжды ғана емес, сондай-ақ глиттерді бекіту үшін ғана пайдалануға да болады. Сұйықтықты қылқаламға жағып, жылтырақтар (ірі, ұсақ) немесе пигменттерді таңдап алып, қабағымызға орналастырамыз.
Әйгілі визажист және блогер Карли Бибэл кем дегенде екі ғажайып жаңа жылдық бейнені ұсынады.
Белгілі бір макияждар жараспайтын жағдай болады, мысалға, азиаттықтарға ғана тән қабақтарға барлығы келісе бермейді. Көпшілік жағдайда бұл қалыңдығы мен ұзындығына байланысты барлығына жараса кететін smoky немесе сызықтар (стрелки). Біраз қиялға берілуге де болады: Dior-дың бір сәнді көрсетіліміндегідей алтын түстес қастар, түрлі-түсті және жылтыр сызықтар, еріндегі страздар және көк түске боялған кірпіктер.
Dior-дың алтын түстес қастары: қылқаламды біраз M.A.C Fix+ спрейімен дымқылдатып, қастарыңызға қажетті қалыңдықта жағыңыз. M.A.C-тың Copper Sparkle немесе Golden Lemon, не болмаса Maybelline-нің Color Tattoo Eyeshadow 24K gold пигментін қолданыңыз. Аса түзу контур үшін қатты қағаздан трафарет жасап алуға немесе жай пластикалық картаны ұстап тұруға болады.
Inglot-та көзге арналған түрлі-түсті гельді сұйық қаламдар бар, әдемі алтын түстесі - Estee Lauder және Dior-да, ал күміс түстесі Givenchy-де, сондай-ақ Avon мен Artdeco-да да бар. Ал қара гельді сұйық қаламдардан Bobbi Brown-дікі ұнайды, ол шыныменде ұзақ сақталады және жағылып қалмайды (оны қиғаш қылқаламмен жағу керек, мысалы, M.A.C #226).
Қабағымызға страздарды жабыстыруға кірпікке арналған желім көмектеседі, M.A.C-тың Lash Grip немесе Duo Adhesive-і, Inglot жарап жатыр.
Мынадай еріндер үшін опаның дұрыс таңдалған реңкімен бояп, одан соң Swarovski-дің ондаған кристаллдарын алып, оларды кірпікке арналған желіммен жабыстыру керек. Қалғаны мінсіз әр және көздегі минималды макияж. Көріп тұрғанымыздай, әдейі немқұрайлы сызылған сызықтар өте сай келіп тұр.