0 дауыс
581 көрілді
ТОО юридический адрес өзгерту бойынша сізге бару керек па? Қандай документтер керек? Өзіммен бірге не апару керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әділет басқармасына барасыз.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-1 бабына сәйкес - Акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) орналасқан жері ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкілдік) нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органға бұл жөнінде орналасқан жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.

Хабарламаға заңды тұлға мөрiмен бекітілген, құрылтай құжаттарына (филиалдар мен өкілдіктер туралы ереже) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешiмiнен үзiндiсі, сондай-ақ нақтылы тұрған жерін растайтын құжат қоса берiледi.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы нұсқаулықтың 56 тармағына сәйкес заңды тұлғаның мекен жайын растайтын құжаттар, нотариалды куәландырылған жалға беру шартының көшірмесі, сатып алу сату, жылжымайтын мүлік құқығы тіркелген  жылжымайтын мүлікке құқығы бар мөрі қойылған растайтын құжат және азаматтық заңымен көрсетілген құжаттар болып табылады.

Егерде үй-жайдың иесі жеке тұлға болса, нотариалды куәландырылған заңды тұлғаның мекен жайы ретінде ұсыну туралы жеке тұлғаның келісімі ұсынылуы қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 5-бабына байланысты Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк орналасқан жерiн ауыстырған кезде қажеттi өзгерiстердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзу үшiн серіктестік бұл жөнінде серiктестiктiң нақты мекенжайы бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.
...