0 дауыс
55.5k көрілді
Қызбен қалай танысуға болады айтыңдаршы

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
"Қарындас, атыңыз кім болады?" дегенді әлі де қыздармен танысудың ең дұрыс жолы деп білесіз бе? Жігіттер, бұндай ұсыныс қазірде ешбір қызды қызықтыра алмайды. Кішкене болса да қиялды іске қосып, әзіл айтып, жүрегін жұмсартқаннан кейін, өзі де сізбен танысуға құштар болады. Мына жерде тәжірибе жүзінде тексерілген қызбен (жігітпен де) танысу амалдары жиналған. Сонымен, көшеде, далада, саябақта, аялдамада, автобуста, метрода, дүкенде және т.б. осындай жерлерде танысамын деушілер мына сөздерді есте сақтаулары керек. Бір мерекемен құттықтаңыз. Кез келген. Тіпті ол мереке іс жүзінде болмаса да. Мысалға кітапханашылар не плеоназм (сөздің мағынасын білу де шарт емес) күнімен. "Біз осыдан 2 жыл бұрын бәленше жерде танысып едік қой? Жоқ? Ендеше қазір танысайық!" "Сәлеметсіз бе! Мен біздің қаламыздың тұрғындарының санағын жүргіземін. Сізден бастайын. Есіміңіз?" "Бір көргеннен ғашық болуға сенесіз бе? Не мен бір айналып қайта келейін бе?" "Ал сіз скрипкада ойнайсыз ба? Мен де! Көрдіңіз бе, қанша ортақ нәрсеміз бар!" "Сіздің әдемі күлкіңізді көріп, қайда бара жатқанымды ұмытып қалдым!" "Тоқтай тұрыңызшы, мен сіздің суретіңізді салып отырған едім" "Менің есімім бәленше, бірақ сіз мені "жаным" дей беріңіз" "Мен қыздармен (жігіттермен) қалай танысу керек екені жайлы кітап жазып жүрмін. Сізге бірнеше сұрақ қойсам болады ма?" "Танысуға жүз амал табар едім, бірақ көп сөзсіз есіміңізді айта салыңызшы? Айтуға болар сөздер ұнатқан жаныңызды кезіктірген жерге, уақытқа, сол адамның көңіліне байланысты өзгереді. Бастысы қорықпаңыз, әзілдеңіз, ұялмаңыз. Расында бұл осы адаммен танысудың жалғыз мүмкіндігі бола алады. Кездесуге шақыратын кезде "Қашан қолың бос?" деп сұрамаңыз. Одан да "Мына уақытта мынандай жерге барайық?" деп сенімді түрде айтыңыз. Қыздарға өзіне сенімді жігіттер ұнайды.
0 дауыс
Мен бір қызды ұнататың едім.Ол мені ұнатпайды.Бірақ мен Оның көзіне қайта-қайта түсей берем.Ол маған карамайды.Мен несте
0 дауыс
Былш етип аита салу керекко
...