+1 дауыс
1.3k көрілді

Алматы қаласында әлемге әйгілі Starbucks өзінің дүкенін ашқан еді. Әлеуметтік желіде ұзыннан кезекке тұрған суреттер қаптап толып жүр. Старбакс кофесі несімен ерекше? Starbucks кофесінің қандай артықшылығы бар?

Бір ыдысқа құйылған Старбакс кофесі Алматыда қанша теңгеден сатылып жатыр?

Старбакс кофе Алматы

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Старбакс цены

Самыми дешевыми напитками в меню алматинского Starbucks являются 354 мл простого свежесваренного кофе и эспрессо без кофеина - 575 тенге.  На эту же сумму можно взять свежесваренный чай или охлажденный зеленый чай.

Самые дорогие напитки – это шоколадный Ява на основе фирменного «фраппучино» и карамель Маккиато на основе эспрессо (от 1065 тенге).

 

0 дауыс

Starbucks туралы сыр

Алматыда Starbucks кофеханасы ашылды деп ақпарат құралдары шулап жатыр ғой. 1971 жылы алғаш Америкада ашылып, содан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан алпауыт компанияның қазірде әлемнің 66 елінде кофеханалары жұмыс істеп тұр екен. Посткеңестік елдердің арасында әзірге Ресей мен Қазақстанда ғана Старбакс кофежайлары бар. Әдетте кофені қуырып, хош иісін аңқытып құйып беретін трансұлттық компания саяси тұрақты мемлекеттерде ғана дүкендерін ашатын көрінеді. Демек, Қазақстан сол елдердің санатында.

Әлемді жайлаған алпауыт кофехана желісі басы дауға қалған кезі де аз емес екен. Мәселен, Starbucks Израильдегі әскери науқанды қаржыландырды деп айыпталыпты. Бұдан өзге, алпауыт компания бір жыныстылар некесін қолдады деп жазғырылғаны да есте.

P.S. Әрбір трансұлттық алпауыт компанияның артында әлбетте үлкен саясат тұрады деген тұжырымға кезекті рет көзім жеткендей. Кофені ішкен жақсы ғой, тек өзіне жайлы, өзгеге жайсыз саясатын елімізге тықпаламаса екен деп ойлаймын да баяғы.

...