0 дауыс
10.4k көрілді

Ел бірлігі – ел теңдігі, Ел бірлігі - ең асыл қасиет шығарма жазу керек? Мысалы: Осындай.

Ел бірлігі – ел теңдігі

«Бірлік қайда болса, ерлік сонда, еркіндік қайда болса, елдік сонда» дегендей, биылғы 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі жылдағыдан өзгеше, мазмұнды һәм берекелі атап өтілді. Қазақстан халқы бұл күні де ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел екенін көрсетті. Еліміздің барлық облысында дерлік мерекелік іс-шара болып өтті. Кейбір облыс орталықтарында этноқалашықтар құрылып, әр ұлт өзінің мәдениетін паш етсе, ал кей жерлерде мамыр мерекесі таң әлетімен еркін сап түзеген шерумен басталды. Күні кеше ғана еліміз Елбасы сөзінің үдесінен шығып, Халықтар бірлігінің мерекесін ерекше жағдайда өткізді. Еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық шерулер жүріп, 1 мамыр мейрамы мерекелік бағ­дар­ламалармен өрнектелді. Бұл күні Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдына жүз мыңға тарта ел жиналды. Олар тәуелсіздігіміздің айбынды ескерткіші саналатын «Қазақ елінің» алдындағы салтанатты шерудің куәгерлері болды. Дәл осы жерде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша халықты Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады: «Биыл біз бұл мерекені ерекше мағынада өткізіп отырмыз. Себебі биыл – еліміздің Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Жиырма жылдықтың мерекесін бірлікпенен бастап отырмыз. Бірлік деген сөз біздің ата-бабамыздан қалған өте ұлық, жоғары мағыналы мәнге толы. Біз де, міне, Тәуелсіздіктің жиырма жылының ішінде бірліктің арқасында іргелі ел болдық» деді. Ұлт Көшбасшысы еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр мерекесі ауқымды түрде өткізіліп жатқанын тілге тиек етіп, сол халықтардың бәріне өзінің ізгі тілегін жолдады. «Біздің алдымызда әлі жасайтын жұмыстар көп. Асатын асулар өте көп. Мына шыр айналған дүние неше түрлі қиыншылықтарды басынан өткізіп жатқан кезде біздің елімізде бірлік, біздің елімізде бағдарлама, біздің елімізде өндіріс – барлығы болып жатыр. Осының барлығы ненің арқасы?! Бірліктің арқасы» деді ол.

Осылайша алаңға жиналған қауым шеру сапынан мемлекетімізді мекен ететін түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығы мен бірлігінің жемісі мен жекелеген мамандар­дың кәсібін бейнелейтін шеруді, соңынан астаналықтар мен елорда меймандары шы­ғармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының мерекелік бағдар­ламасын тамашалады.

Сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің барлық облыстарында кеңінен тойланды. Мәселен, Ұлтаралық және дінаралық татулықты ұстын еткен 1 мамыр мерекесін Алматы қаласы тұрғындары ықыласты ниетпен қарсы алды. «Мақсат бірлігі – рух бірлігі» ұранымен еліміздің Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеруді қаланың негізгі ор­талықтарының бірі – Астана алаңында жиыл­ған қалың ел еркін рухта жүріп өтті. Шеру этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін концертке ұласты. Бұдан бөлек, Қазақстан халқының фестивалі өтті. Оған этномәдени орталықтардың өкілдері, шығармашылық ұйымдар қатысты. Мерекені тамашалауға келген жұрт Ұлттық асхана фестивалінен дәм татып, қолданбалы өнердің көрмесін тамашалады. Салтанатты жиынға қала әкімі Ахметжан Есімов, мәслихат депутаттары, қаланың құрметті тұрғындары, байкерлер мен велобайкерлер, спорт майталмандары қатысты.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...