0 дауыс
1.9k көрілді
Мен өзімнің туысқан қарындасыма ғашықпын маманың бауырының қызына. Жуырда оған өз сезімімді білдірдім. Ол да сүйетінін айтты. Не істеймін енді?
басқа қыз таппай қалдың ба)))

7 жауап

+1 дауыс
мамаңның бауыры болса нағашы жұртың болғаны ғой! Қан бір! бұған жол жоқ! қан түгілі сүт анасы бір адамдарға үйленуге жол жоқ! жазылмаған заң!
0 дауыс
тура осындай сурак койган едим, Хазирет султан мешитине. жауабын алдым, махрам болып саналмайсын ананнын бауырынын кызына, уйленуге болады, бирак туыскандар жагынан келиспеушиликтер болады деди. Куранда Ниса суресинен окысан болады, осы жайлы, ананмен бирге туылган апкеси мен туылган синилисине уйленуге жол жок, ал агасынын кызы туралы айтылмаган, бул жерде келиспеушилик туыскандардан, бирак жол ашык
0 дауыс
Мені бір сұрақ мазалап жүр. Мен өз анамның туған ағасының қызына үйлене аламын ба, бұл жайында не айтасыздар, руымыз бөлек, қанымыз бөлек. Отбасы құрғым келеді. Бұл ойым бұрыс па?
Сайттардан оқысам, көп жерде болады деп жазылған. *Мына жауапты сіздердің сайттарыңыздан алдым. Бірақ тура түсіне алмаған сияқтымын. Ол қыз менің анаммен бірге туылмаған ғой, яғни анамның туған сіңілісі немесе әпкесі емес. Мен ол қарындасыма махрам болып саналамын ба? Сіздерге жіберген сурет бойынша, үйлену мүмкін деп жазылған.

*Құран Кәрімде: «Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, аналарыңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бірге еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйленуге тыйым салынады...[1]»,–деп отасуға болмайтын әйелдер қатарын санамалап өткен.
Демек, мұнан басқа қыздармен отбасын құруға болады.

 

 

Hazrat Sultan Mosque
[email protected]

Иә, нағашыңыздың қызы сізге үйленуге болатын әйелдер категориясына жатады. Бірақ, мұндай неке біздің қоғамда болып көрмеген. Қатты сынға ұшырауыңыз әбден мүмкін.
0 дауыс
Мен әке-шешеме ештеңе айтқан емеспін, ол қыздың әкесі қайтыс болған шешесімен тұрады. Ол да шешесіне айтқан жоқ. Қалай айтарымызды да білмейміз. Жуырда сол қызбен кинотеатрдың алдында құшақтасып тұрғанымды бір танысым көріп қалды, аулдас жігіт. Кейін кездескенде ол маған біраз ауыр сөздер айтты. маған "малсың, не істеп жүрсің?! әкеңе айтамын" деді. Бізге туыс емес адамдардың өзі осылай қарсы...
0 дауыс
бул жерде елдин пикири емес, Алланын сози манызды, билмеген сурагынды дини сайттардан алганын дурыс болады, имамдардан сура, жане олай онашада кыдыруга болмайды, ен дурысы шешип ал уйленесиндер ме жок па, кыз келисеме, алде оз ойын ба. сосын ол жигиттин "малсын" - дегени орынсыз, бириншиден Ниса суресин окымаган, екиншиден Куранда биз сендерди коркем турде жараттык деген, ол сенин мал болып жаратылганынды айтып Куранга карсы келди. Озин ойлан, ен дурысы акылдас Шаригатты билетин адамдармен, елдин болмайды деген кангу созине ермей
0 дауыс
казакта гой жети ата деген бар, айтпесе шетелдерде кузен кузина деп уйлене береди. оз басым уйленулерине тилектеспин, Аллахтын занына карсы емес, калганы далбаса, бос соз болып калмак...
0 дауыс
Жауаптарыңызға көп рахмет! Мен ол қызды өте қатты жақсы көремін! Бірге аз уақытымызды өткіземіз бірақ. Аптасына бір рет 1-2 сағат кездесеміз, көбінесе жай ғана паркте қыдырамыз. Арамызда ештеңе болған емес, сүйіскеніміз болмаса, ол пәк қыз! Некеміз қиылмайынша ондайға бармаймыз, мен де, ол да. Егер бірге болмай жатсақ, оның бақытты болуын, өзіңе лайықты бір жігітке тұрмысқа шығуын тілеймін Алладан! Бірақ, өзгеге қимаймын! Қатты қызғанамын!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 7.05.2021 Жанұя сұрақ қойды
+1 дауыс
3 жауап
Белгісіз 31.12.2012 Махаббат сұрақ қойды
...