+6 дауыс
11.8k көрілді

16 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні баршамызға құт береке алып келсін!

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын!!! Бізге маңызды болып саналатын Тәуелсіздік күні, кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра және бізден кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел болып берілетін аманат. Ата-бабаларымыздың қанымен жеткен Тәуелсіздігімізді қорғап, құрметтей білейік. Болашақ қазақ елінің жастарына қазақ жерінің тұтастығымен қатар, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін тұтастай жеткізейік.

Баршаңызға аманшылық, елімізге тыныштық тілейміз.

Ынтымақ пен татулық, бірлік пен бауырмалдық бізбен бірге болсын! Құрметпен Сұрақ-Жауап сайты ұжымы!

8 жауап

+3 дауыс
Әумин рахмет! Мен де баршаңызды ұлы мерекемен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, ынтымақ береке -бірлік, молшылық тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме?! Еліміздің айтулы мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын. Әрқашан да аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болғай!
0 дауыс
Еліміз аман,жұртымыз тыныш,бауырымыз бүтін болсын!
+1 дауыс
Ұлық мереке әр қашан қазатың жадында болсын мерекелеріңзбен қытай қазақтарынан сіздерге дұғай сәлем бізде қытайда туәлсізддік күнын достар ара таусақндар ара атап өтеміз !
0 дауыс
Тәуекелсіздігіміз құтты болсын!Еліміз дами берсін!Татулық,достық,ынтымақтастық тілеймін!
0 дауыс
Мен түркиядан сіздерге жазаймын. Қазақ елінің бұл ұлы тәуелсіздік күнін құттаймын. Қазақ тілін жаңа үйренудемін. Менің бәрі жолдастарым да бауыр болып көрген қазақтардың құтылыс күнін құттықтап жатыр.
0 дауыс
Мен түркиядан сіздерге жазаймын. Қазақ тілін түрқологя сабақтарыңдан үйреніп тұрмын. Басқа тарыхи түрік тілдер мен қазіргі шақта болған тектес тілдері оқып үйренудебіз. Мұның арқылы сіздердін тәуелсіздік күніңізді құттаймын. Менің жолдастарым да бұл ұлы құтылыс күнін құттықтап бауыр болып көрген қазақтардың тәуелсіздік күнін құттықтайді.
Қазақ елінен сәлем! Қорқұт бауырым. Сіздің Қазақ елін құттықтағаныңызға үлкен рахмет!

      Сіздің құттықтауыңызды, дұрыстап жіберуді жөн көрдім, ол былай жазылу керек:

Мен Түркиядан жазып отырмын. Қазақ тілін Түркология сабақтарынан үйрендім.. Басқа да Түркі тектес халықтардың тілдерін және тарихын оқып үйренудеміз. Осы сайт арқылы сіздерді Қазақстан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Менің жолдастарым да сіздерді, Қазақ бауырларды осы ұлы мерекелерімен  құттықтауда.

Үлкен рахмет, Аман болыңыздардар сіздер де!
Рахмет. Мен өте түсіндіре албадым.
Түркия еліне Сәлем!  Қорқұт  бауырым, сенің сөздеріңнің жалпы мағынасы  түсінікті,  бірақ сөздердің орындары сәл  ауысып кетіпті.   Біз оны түсінеміз, ештеңе етпейді.

"Мен  өте  түсіндіре албадым" деген Қырғызша болып кетіпті.
 Қазақшасы былай болады: "Мен  толық жеткізіп түсіндіре алмадым" .  Қазақша үйренуіңе сәттілік тілеймін, Сау болыңдар!
Қорқыт, сен Түрік тілінде  құттықтау жазып жіберші,  мүмкін түсінерміз, тіліміз ұқсайды.
+1 дауыс
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН   БАУЫРЛАР !!!

 ЖЕЛТОҚСАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАН ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ, АҒА-ӘПКЕЛЕРІМІЗДІҢ РУХТАРЫ  ЖАННАТТА БОЛСЫН!  ОЛАР МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ.
...