0 дауыс
2.8k көрілді
Баламның үстіне қызыл бірдемелер шығып кетті? Ұйықтаса кетеді, ұйқыдан тұрса жаймен шыға бастайды. Ешқандай температура жоқ. Көңіл күйі жақсы. Бұл неден екен? Аллергия емес пе? Бала емшек емеді. Аллергия беретіндей ешқандай нәрсе жеп жатқаным жоқ?

2 жауап

0 дауыс
Саламатсыз ба! Бұл жақтан жауапты таба алмайтын шығарсыз деп ойлаймын, дәрігерге неге қаратпадыныз? Балаңызға зиян болып жүрмесін Құдай сақтасын, барлығы жақсы болады деп сенемін.
0 дауыс

Сәбиді екі жасқа толғанға дейін дұрыс тамақтандыру оның денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады. Аллергия — осы кезеңдегі ең басты мәселелердің бірі. Ерте жастан пайда болған аллергияның өмір бойына дейін қалып қою қаупі жоғары. Қазіргі таңда аллергиялық аурулар өткір инфекциялық аурулардан кейін екінші орында тұрғанын да ескергеніміз жөн.

Сәбиді аллергиядан қалай қорғауға болады? Осы сұрақ төңірегіндегі аллергия жайлы төмендегі 9 дерек сіздерге көмектесе алады.

Отбасында аллергик болса, баланың да осы ауруға шалдығу қаупі жоғары. Сол себепті сізде немесе туыстарыңызда осы ауру кездессе, сәбиді аллергиядан қорғауға ерекше көңіл бөліңіз. Сондай-ақ, туыстарыңызда аллергияның қай түрі кездесетіні маңызды емес екенін де ескеріңіз. Отбасы мүшесінде демікпе, аллергиялық тұмау, есекжем немесе атопиялық дерматит болса, сәбиді ерекше қамқорлыққа алыңыз.

Ауру тұқым қуалайды ма?

Жоқ, тұқыммен аллергияның клиникалық көріністері емес, тек оған бейімділігі беріледі.

Ескеріңіз: мегаполистерде тұратын балаларда аллергиялық реакцияның даму қаупі артады: бұған иммунитетті айтарлықтай төмендететін экологиялық нашар орта әсер етеді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...