+2 дауыс
69.6k көрілді
"Тұңғыш Президент" тақырыбында шығарма керек еді. Тым ұзақ қажет емес және жоспарымен болса..

12 жауап

0 дауыс

Қазақтың тұңғыш президенті.

Біздің Қазақстан-тәуелсіз,егемен ел. Біз бәріміз осы елде туып өсіп,келеміз. Мен өз елімді мақтан тұтып,құрметтеймін.Біздің еліміз жер көлемі жағынан дүние жүзі елдердің ішінен тоғызыншы орын алады. Біздің жеріміз кең-байтақ,еліміз мал шаруашылығымен,құс шаруашылығымен және егін шаруашылығымен және т.б шаруашылықтармен  айналысады.Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.Ал елімізді басқарып отырған-ол біздің қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бұл адам өте керемет адам. Өйткені ол біздің елімізді жаңартып, көркейтіп келеді.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасын әлемге танытты. Елімізге жаңа астана-Астана қаласын салып берді. Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы, ал Бәйтерек- қазақстандықтардың символы. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа  тұрғын үйлер, жаңа бала-бақшалар және жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептер салды және әлі де салынып жатыр.Біздің президентіміз елімізге көп еңбек сіңірді,оны халық,біз балалар да өте жақсы көреміз. Елбасымыздың жыл сайынғы Халыққа Жолдауы бізге күш-қуат, халықтың әл ауқатын, экономиканың нығайтылуын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуын, халықтың компьтерлік  сауаттылығын жоғарылатуын, жастар үшін білімге деген құштарлығын кеңейтуін көздейді.Қазақстан Халқына Жолдауы-бұл- нақты бағдар беріп, Қазақстандықтар үшін үлкен табыстарға жетуге итермелейді. Елбасымыздың  Жолдауы мен үшін - үлкен мақсаттарға жету үшін, атап айтқанда, мәдениет, білім, экономика, әлеуметтік сала жағынан кең шекараларды ашады деген сөз деп ойлаймын. Сондай-ақ, алдағы уақытта бізге баршамызға белгілі ,биыл екінші жыл 1 желтоқсан- Қазақтың Тұңғыш Президенті күні аталмақ. Осы күн қарсаңында барлық қазақстандықтарды қазақтың тұңғыш президенті күнімен шын жүректен  құттықтай отыра, Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат ,ал еліме тыныштық  тілеймін. Әлемдегі барлық жанұялар бақытқа бөленіп, балалары ешқашан ауырмасын дегім келеді.

0 дауыс

Тұңғыш Президент

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан елінің  дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.

Мен халқымның, осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін мақтан етемін!

0 дауыс

Ел тірегі – Елбасы

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым,айналайын,атқан таңым.
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылатып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін.
Елбасым ер жүректі ер мінезді,
Елімді айналдырған гүл күмбезге
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,
Жарқыраған қазағымның күні емес пе?
Қазағымның жарқыратқан маңдайын,
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым
Қақтырған талай дүниенің таңдайын,

Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым.-деп, мен өз өлеңімде айтқым келгені біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз.Тіпті Елбасымыздың жетістіктері де өте зор. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған істері де аз емес . Жеткен жетістіктеріміз,алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы.Алда көптеген мақсаттар,атқарылатын істер бар. Қазақстанның бағындырар белестері де алда.Осы белестерді,мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.

Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар - Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі! ”Төбесіз жер,төресіз ел болмайды”дегендей,бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол,тайғақ кезеңде,егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп,шекарамызды шегендеп,халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен,айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген,халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін.Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін,туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін,әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мыңда бір рахмет айтамын.

Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!

Лиза КӘДІРБАЙ

0 дауыс

Қазақтың Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев...Осы есімді еліміздің үлкен-кішісі де біледі. Қазақ халқы Н.Ә.Назарбаевқа үміт артып,сеніммен қарайды.Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті.Ол 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келді. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.Уақыт өте келе ол Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Ал 1990 жылдың сәуірінде Қазақстан  Республикасының   Президенті болып сайланды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің дамуы , гүлденуі үшін көп күш жұмсады. Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.Көптеген шетел елдермен қарым-қатынасты, дипломатиялық құқықтарды орнатты,еліміздегі көптеген мәселелерді шеше  білген кемеңгер.

Еліне қызмет етіп, көптеген заңдарды шығарып, байтақ жеріміздегі әділетсіздіктерге   тосқауыл қойды. Ол өзінің артынан елімізге тек жақсылықты әкелетін ұрпақтарын таратты. Ол «Қазақстан- 2030», «Қазақстан-2050» стратерияларын құрды. Менің ойымша, бұл стратегиялар еліміздің дамуына зор әсерін тигізеді, әсіресе жаңа оқу бағдарламаларының құрылуына жол ашады. Қазіргі таңда Республикамызда он беске жуық «Зияткерлік мектептер», «Назарбаев университеті» құрылған. Осының барлығы президент жұмысының нәтижесі.

Халық елбасымыздың істеген жұмыстарына, еңбегіне разы болып отыр. Осы адамның арқасында Қазақстан Республикасы өзінің атын жоғалтпады, біздің әнұранымыз, рәміздеріміз, валютамыз, және туымыз бар. Ол біздің еліміздің тәуелсіз, егеменді ел екендігін  білдіреді. Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тарихындағы үлкен орынды алатын, және маңызды рольді атқаратын тұлға. Елімізді осындай деңгейге көтергені үшін разымын, оған деген бар ризашылығымды білдіруге дайынмын.

Қорыта айтқанда, Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің дамуына үлкен үлес қосты.Менің ойымша, әр қазақстандық Президентімізбен мақтана отырып, игі істерін жалғастыра біле алуы  керек.Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі,мақтанышы мен абыройы.

Қапез Айбарыс

0 дауыс

Қазақстанның Тұңғыш Президенті

Қаншама жылдар бойы біз орыс халқының отарында, КСРО құрамында болып келдік. Ұзақ жылдар бойы ашаршылық көріп, ағайын-туғандарымызды жоғалтып келдік. Бостандық, азаттық, тәуелсіздік арман болып еді. Бірақ, сол арманымыз орындалды. Бізге ешқашан сол кедейшіліктен,сол жаман жағдайдан шыға алмайтындай болып көрінген еді.

Алайда, біздің елімізді жаңа әлеуметтік сатыға көтерген, саясатымызды жақсартқан, жаңа жоғарғы оқу орындарын ашқан, елімізді өркендетіп көркейткен адам, дара тұлға, халқымызды өз артынан жетелеген- көсбасшымыз, елбасымыз- Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев ағамыз болатын. Президент, біз үшін тек қана елбасы емес, ол бүкіл елдің ағасы,халқымыздың Нұрағасы. Еліміздегі әр адам оны құрмет тұтады. Нұр аға 1991 жылдың, желтоқсан айының, бірінші жұлдызында, еліміздің Тұңғыш  болып тағайындалған еді. Сол мезет -қазақ халқының адамдары үшін ең бақытты мезет болды.

Нұрсұлтан Назарбаев- Қазақ елі үшін өте көп жақсылық  жасап,сан алуан үлестерін қосты және қазіргі кезде дейін қосып келеді. Қазақ халқының, яғни біздің оның алдында қарызымыз көп. Менің оған айтар алғысым зор. Себебі ,ол  мен үшін,күллі қазақ халқы үшін- Көсбасшы, өміріміздегі ең маңызды адамдардың бірі. Қорыта айтқанда, біздің елбасымыз өмірінде көптеген қиындықтарды жеңіп, олардан сүрінбей өтті деп санаймын. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін, еліміздің халқы үшін көптеген жағдай жасады. Әртүрлі мемлекеттермен одақ кұрды және еліміз тәуелсіздікті алуы үшін барын салды. Президентіміз қойган мақсатына жететін, білімді, қазақ елінің мақтанышы, біртуар перзенті.

Мерген Гүлзи

0 дауыс

Қазақтың Тұңғыш Президенті          

Талай жыл азаттықты аңсаған, егемендікке жол бастап, ізеттілікке иілген халқымның  керемет  көсбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.Елімнің, мемлекеттің басқа елдермен терезесі тең болуына ықпал етіп, көмегін тигізер жаңа жобаларға жол ашқан еді.Солардың бірі ғана емес, бірегейі болып саналатын «Қазақстан- 2030» бағдарламасын мерзімінен ерте орныдауға өз үлесін қосқан кемеңгер тұлғамыз.Қазақстанның жастарының  келешегі кемел болсын деп білім беру саласын дамытып, жағдайлар жасауда.Еліміздегі дарынды оқушыларға арнап Назарбаев Зияткерлік мектептерін ашты.Өркендеген өлкенің өміріне әр берген, нәр берген Нұр аға көркем Қазақстанды әлемнің ең мықты ,ықпалды елу елінің қатарына қоса білді.Өндірісін дамытып,мемлекеттің  бюджетінде миллиардтаған қаржыға толтыруға елімізге мүмкіндік берген көшбасшымыздың кемел саясаты қазақ еліне, игілігін тигізіп, Гүлстандай керемет өлкеге айналуына ықпал етуде.Елімнің еңсесі биік , тұғырлы, айбынды болуына Елбасының көрші елдердегі түрлі бағдарламаларды қазақ жерінде жүзеге асырылуына үлесін қосуда. Біртуар  басшы  қазақтың бағына туған ба дерсің?

Нұрсұлтан атты көсеміміз берген , жасаған мүмкіндіктерді барынша Отанымыздың игілігіне қолдануымыз керек,- деп ойлаймын.Көйлегіміз көк,тамағымыз тоқ, шекарада мыңдаған әскер біздің тыныш ұйқымызды күзетуде, халықтың қауіпсіздігін  бірінші орынға қоятын Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бізге салып кетер жолын жалғауға тиістіміз,еліміздің жан-жақты  патриоты болуға тырысуымыз керек.Осындай халқына адал ,көрегенді, жасампаз  Президенті бар елім қандай бақытты!Ұлылықтың үлгісі бола білген Елбасыма мың алғыс!

Жүрегің соғар елім деп,
Қазаққа бақыт берген Сіз.
Аман болыңыз  әркез Сіз,
Мақтанар сізбен ұл мен қыз!
Кемеңгер  тұлға, біртуар,
Халықта мәңгі сақталар.
Жолыңды ұрпағың жалғастырар.
Өркендеп өскен еліңе
Бақ беріп,Нұрлы із тұрар!

Ілиясов  Олжас

0 дауыс

Тұңғыш Президент

Қазақстан - әлемнің діңгегі; алтын шөлдер, асқар таулар, тарихы мол жер. Солтүстігінде әлі қар жатса, оңтүстігінде ағаш бүр атып, жер гүлді кілемге оранады.
Қазақ халқының тарихы қуанышты да қайғылы, мұңды оқиғаларға толы. Мыңдаған жылдар бойы, қазақ халқының ата -бабалары тәуелсіздікті армандап, қазақтың байтақ жерін ғасырлар бойы жоңғар менен батыс әскерлерінен қорғай отырып, адам айтқысыз азап  көріп, қаншама қиындықтардан өтті.
Қазақ жері әсем де бай! Жерімізде пайдалы қазбалардың түр - түрі бар. Тек қана, менің отанымда қызыл қоқиқаздар баянды өмірін кешуде. Тек қана, менің отанымда, Каспий теңізінде итбалықтар көбеюде...
Қазақстан Республикасының  нық сеніммен ілгері басқанын мақтан тұтамын. Әрбір тәуелсіз елдегідей туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Әнұранымызды  айта тұра, елімізге өз адалдығымызды көрсетіп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қоямыз.
Тәуелсіздікті  алғанымызға, дамушы елдердің қатарына кіргелі бір қадам қалуына, тек қана Нұр аға, көшбасшымыздың арқасы.
Абылайдай намысшыл, дана көшбасшымыз жиырма екі жыл бойы, қазақ халқын қолдап,еліміздің дамуына өз үлесін қосуда...
Мен өз жерімді, өз елімнің көшбасшысын мақтан тұтамын!

Жунусова Мадина

0 дауыс

Қазақтың тұңғыш Президенті

Түнгі, қайталанбас, ғажайып көріністері, әсем қалаларының жарқырауы осының бәрі Қазақстан мемлекетіне тән қасиеттер. Осы жерде еліміздің басты тұлғасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты айтып кету өте маңызды. Өйткені, осындай көптеген жетістіктер Елбасымыздың төккен терінің арқасы. Алайда, олардың жүзеге асуы оңай болған жоқ.

Қазақстан мемлекетінің керемет, ашық аспан астындағы өмірі 1991 жылы біздің еліміздің лидері – Н.Ә.Назарбаевтың басшы болуынан басталды. Елбасымыз маңызды қадам жасап, өзіне орасан міндет қойды. Өз мақсатына жету жолында әр түрлі, елімізді алға қарай итермелейтін бағдарламалар жасай отыра, жас ұрпаққа бақыт сыйлады. Онымен ғана шектелмей, Қазақстанның болашағын ойлап балаларға арнап, зияткерлік мектептер ашты. Ол әр адамның жағдайын ескере отырып, оларға барлығы жеткілікті болу үшін қолынан келгенін жасады. Ең бастысы бірлік сақтай отыра, бір шаңырақ астына 130-дан астам ұлт өкілдерін кіргізе алды. Осыған байланысты отанымыз қой үстіне торғай жұмыртқалаған мекенге айналды. Бұл ешбір мемлекетте жоқ дүние екені мәлім. Бүлдіршіндердің армандарына қызыға қарап, олардың орындалуына мүмкіндіктер жасады. Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекеттерінің ішіне енуі де Президентіміздің еңбегі болып саналады. Ал келешегіміз осындай қуаныштарға толы болу үшін ол 2030 стратегиясын ойлап тапқан. Онда әр мақсаттың өз мәресіне жетудің жолдары қарастырылған. Яғни, қазақ халқының қамын ойлаған ел тірегі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады.

Қорытындылай келсем, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

9 «А» сыныбының оқушысы:

Аубәкір Жанель

0 дауыс

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ    

Президент сайлауында халқымыздың таңдауы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түскенінің өзі, ол кісінің өте еңбекқор болғандығында. Қиын сәтте Президент болып сайланған Елбасымыз еліміздің көркеюі үшін, экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жан аямай еңбек етті. Еліміз тәуелсіздігін алғанда жаңа туған сәби сияқты аяғына нық тұра қоймаған еді...

Міне, биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 22 жыл болды.  Осы жылдар ішінде Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында біз үлкен белестерге, жетістіктерге қол жеткіздік.Бұл жеке адам үшін өте көп уақыт болса да, мемлекеттің аяғына тұруы үшін өте аз уақыт деп есептеймін. Қазақстан  тәуелсіздігін  алғаннан  бері, оны баянды етіп, осы күнге дамыған, өркениетті ел ретінде жеткізген Елбасымыз халықтың қалауын тыңдап, барлығын халық игілігі  үшін жасаған. Кейбір кездері мен Қазақстанды үлкен кеме ретінде елестетемін. Ал біздің Президентіміз оған дұрыс бағдар беріп, өз халқын тура бағытпен апара жатқан кеме капитаны іспетті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіңдегі жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда,  сапалы және тиімді.

«Мен Елбасы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған бір перзентімін» деген Елбасымыз өте еңбекқор,  бала кезінен қара жұмыс істеп, оқуға зерек болған. Ата-анасының қадірін біліп, оларды қатты құрметтеген.

Біз  Елбасының ерен еңбегінің арқасында  ең бай мемлекетке айналдық, халқымыз да бақытты ғұмыр кешуде.  Кең байтақ даламыз егіске толып, өрісімізден мал кетпейтін, бейбіт те зайырлы мемлекеттің ұрпағы болып отырмыз!

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Елордамыз 

Алматыдан Астанаға көшірілді,  заманауи талаптарға сай физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептер, соңғы құралдармен жабдықталған  ауруханалар, жаңа тұрғын үйлер тұрғызылып,  жастарға арнап әлемдік үрдістегі жаңа оқу орындары салынды. Мен Елбасымыз арнайы салғызған Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын.  Президенттің есімімен аталған бұл мектепте тек дарынды балалар оқиды. Сондықтан да, осы оқушыларға еліміз үлкен үміт артады.

Біз өз болашағымызға  кәміл сенеміз, өзіміздің Елбасыға сенім артамыз! Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев - менің Президентім  деп үлкен мақтанышпен айтамын!

0 дауыс

Елбасы – тәуелсіздік тірегі.

Президент дегеніміз - өз елінің тәрбиелі тұтқасы.
Ж.Аймауытұлы

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астына тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Осы Ұлылардың жалғасы ретінде Нұр аға, Нұрсұлтан аға Сізді айтар едім.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ халқының тұңғыш Елбасысы болдыңыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі - халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Сөйтіп, Сізге үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Сіз - елге, барша әлемге танылған, өмір мен еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азаматсыз. Сіздің бастауыңызбен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
«Тәуелсіздік – ғажайып ұғым, мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз», - деген едіңіз Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзіңізде. Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.

Мен - өркениет өріне қадам басқан еркін елдің өренімін. Өткенге бойлап, бүгінді ақыл-таразысына салып, баға беру, ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатқан қазақ мемлекеті туралы өз пікірін айту - менің өз парызым сияқты.
Сіздің ел астанасын Сарыарқа төсіне көшірудегі көрегендігін қалай айтпасқа? Қазіргі Астана танымастай құлпырып барады. Күні кеше елімізге қонақ болып келген Рим Папасының өзі таңдай қағып, риза болып кетті. Ол кісіге көрсеткен сіздің кісілігіңіз, азаматтылығыңыз жас ұрпаққа, яғни бізге, үлгі өнеге.

Жаңа астанамыз бүгінгі күні өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Мұның бәрі – сіздің елеулі еңбегіңіз. Сіздің көрегендігіңіздің арқасында бүгінгі Қазақстан — әлемдік аренадан өз орнын ойып алған Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Ел сенімі ақталды деген – осы.

Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің еркін қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осы жақсылықтар мен игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық қатар жүрген еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атамызға, яғни сізге балалық жүрегіммен рақмет айтамын! Тек мен ғана емес, ол талай баланың, жалпы Қазақстан халқының тілегі екеніне де күмәнім жоқ. Қуаныш пен жақсылыққа, бейбітшілік пен жасампаздыққа толы 20 жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалған екен. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына»,- деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында сіз жүрдіңіз.

Біз сияқты жастарға да сіз аса ерекше көңіл бөліп жүрсіз. Нақтырақ айтқанда, Көкшетауымның ең әдемі, еліміздегі таңдаулы мектептерінің бірі – Назарбаев Зияткерлік мектебі болып табылады. Отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламасына сай бірегей құрылымды оқу орны болып табылатын – Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа заманғы құрылыс бойынша салынған, жоғары технологиялармен қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі оқытушылар білім береді. Мектеп физика-математика бағытымен ашылған. Физика мен математика барлық салалардың негізі болып табылады. Бұл ғылымдарды оқу, оларды зерттеу, олармен айналысу еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, дамушы елден дамыған елге айналуға, халықтың әл-ауқатын арттырып жақсартуға, жаһандық аренада ойып орын алуға мүмкіндік береді.

Болашақта мен өз мамандығымды физикамен байланыстырғым келеді. Еліміздің шикізатты өндірудің арқасында дамып келеді. Мұнай өнімі шет елдерге арзан бағамен тасымалдануда. Келешекте елімнің дамуы шикізаттың арқасында ғана емес, жаңа ашылған жобалар, патенттер дайын технологиялар енгізілген талдаулар ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, солардың дамуына қол жеткізу үшін еңбектенгім келеді. Қазіргі кезең - нарықтық экономика кезеңі. Экономиканы әр тараптандыру – табыс кілті. Осы мектепті тәмәмдаған соң энергетикалық зона орталығы, қайталанба энергетика, жоғары энергиялы физикамен, техника мәселелерімен айналысатын бағыты бойынша жаңа халықаралық университетте, бірегей оқу орнында, физика саласында алған білімімді одан әрі толықтырып, жетілдіріп, елімнің дамуына орасан зор үлес қосқым келеді!

Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз «Тарих тоғысында» еңбегіңіздегі 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхаммедке берген сұхбатыңызда: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін»,- деуіңізде де сіздің ұлылығыңыз мен көрегендігіңізді, кішіпейілділігіңізді айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің әліпбиі болып қалмақ. Мен де осы ізгілікті үйрене отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын ұғым екенін түсіндім. Жаңа ғасырда тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, дәуірлей берсін деген ақ тілегімді білдіремін. Мәңгі жаса, менің Қазақстаным! Мәңгі жаса, менің Елбасым!!!

Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған сізге ерекше ілтипатпен қараймын. Сіз туралы айта бергім келеді, толғай бергім келеді. Менің өмірімде сіздің орныңыз ерекше әрі бөлек. Сіз менің пір тұтатын адамдардың бірісіз. Біздің елді басқарып тұрған сіз сияқты Елбасының бар екеніне мақтанамын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт. Сізге деген ыстық ықыласымды енді өзім шығарған өлең жолдарымен өргім келеді:

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Аман болсын Нұрсұлтандай ер бабам.

Әлдилеп дала сырын, сан ғасырын,
Толқыған ұлы өзендер арнасымын.
Осынау қалың елім, жұртым деген,
Тілегі қабыл болсын Елбасының.

Бірлігін, қаншама ұлттың татулығын,
Айшықтап,
Ай-жылдарым жатыр бүгін.
Жебей гөр,
Көкте Тәңір,
Жерде халқы,
Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлын!

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құтты болсын «нұрлы жолы» Нұр атаның.

Көпшілігім кемімей толсын деймін,
Барлық елдің басына бақ қонсын деймін.
Келешекте Қазақстан Республикасы-
Орта Азияның «барысы» болсын деймін!!!

Елбасы байтақ елдің арысысың,
Елорда - Қазақстан намысысың.
Астанакүннен-күнге құлпыра бер,
Азияның теңдесі жоқ барысысың!

Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Өткен ғасыр зардабымен қоштасып,
Келешекке шаттықпенен жол ашып,
Болашақтың асуына Нұрағаңмен
Жастар бірге барса екен қол ұстасып.

Қазақтың өрге тартты Нұрсұлтаны,
Жарқырап, атсын жайнап әрбір таңы.
Дамыған елу елге қосылам деп,
Ерен ер алға қарай бір шырқады.

Қазаққа Тәңір берген барлығын да,
Кең байтақ даланы да, таң нұрын да,
Ақылман Нұрсұлтандай нар ұлын да!..

Қазақпенен әрқашан мақтанамын,
Қазағым: «Аттан!» десе аттанамын.
Нұрсұлтаны бар елдің арманы жоқ,
Ойыма алған сайын шаттанамын.

Әйгерім ӘЙТІМ

0 дауыс
Біздің тұңғыш президентіміз ол–Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы қаласында Үшқоңыр ауданында туған.

Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда президент болды.
0 дауыс
Халық құрметіне бөленген Тұңғыш Президент Әр мемлекет өзінің тәуелсіздігін жариялауда түрлі тарихи кезеңнен өтеді. Қазақстан да 1990-жылдардың қарсаңында қиын жағдайға тап болды. Қазақ ССР-нің экономикасы 93%-ға КСРО-мен байланысты болғандықтан, жарқын болашақтың болмауы, экономика мен саяси жүйелердің күйреуі сынды қысылтаяң кезеңді бастан кешті. Мұндай кезде тәуелсіздікті алу оңайға соқпады. Міне, сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарқ етіп тарих сахнасына шықты. Қазақстан тәуелсіздігін алды. Әрине, бұған дейін де ол түрлі қызметтің тұтқасын ұстаған. Болашағынан зор үміт күттірген Н.Назарбаев 1984 жылы КСРО-дағы одақтық республиканың ең жас, 44 жастағы премьер-министрі Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Алайда, жас болса да бас бола білген ол өте кемеңгер мемлекеттік және саяси қайраткер атанды. Жаңа лауазымға келген Нұрсұлтан Әбішұлы туған елін дамытудағы стратегиялық қателіктерді көрді, Қазақстанның одақтас экономиканың үлкен шикізатына айналғанына көз жеткізді. Елдің өркендеуіне талай тың әрі батыл қадам жасаған Назарбаев 1989 жылы 22 маусымда пленумдағы 158 қатысушының 154-і дауыс беріп, Қазақ КСР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Сол тоқырау жылдары саяси сахнада түрлі дүрбелең белең алып тұрған алмағайып шақ еді. Қарағандыда шахтерлер ереуілі бұрқ ете қалса, Семейде сынақ полигонын жабу туралы саяси талаптар көтеріліп жатты. Елдің бірінші хатшысы ретінде Назарбаев бұл талаптарды толық қолдап, республикада зиянды сынақтар жүргізуге тыйым салынғанын қалады. Мінекей, осылайша еліне ерен еңбек сіңірген Н.Ә.Назарбаев 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының бірінші сессиясында Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. Бұл еліміз үшін үлкен тарихи шешім. Президенттікке бірден-бір лайық адамның Нұрсұлтан Назарбаев екендігін бүкіл халық мойындады. Еңбек жолы елге етене таныс Назарбаевтың сол бір сәтте үлкен тебіреніс үстіндегі сәтін Жоғарғы Кеңестің мәжіліс залында бас қосқан халық депутаттары ғана емес, теледидар арқылы бүкіл халық көрді.
Ф.ҚОЗЫБАҚОВА, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ғылыми жоба жетекшісі. Назерке Усербай, филология және әлем тілдері факультетінің студенті. 1
...