Әрине маұалдардың мағынасы астарлы болады, десе де мағынасы болмаса да маұал құралған сөздер биологияда зерттелетін нысандар болғанысн өзім осылай ойлап жаздым.
Генетика:
Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
одан басқа жан жануарды да зерттейді ғой биология:
Гүл қайда болса,
Көбелек сонда.
Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.
Бөлтірікті қанша асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлығанын қоймайды.
Қойдың сүті — қорғасын.
Ақсақ қой жатып семірер.
Семіздікті қой көтерер.
Қасқырдың ойлағаны — арамдық.
Қойдың ойлағаны — амандық.
Тәңір асыраған тоқтысын
Қасқыр жемейді.
Қой өлсе, қозы қалады,
Келер жылы өзі болады.
Қой шелді болмай,
Төлді болмайды.
Егіздетіп төл өседі,
Еңбек етіп, ер өседі.