0 дауыс
208 көрілді

Ақпаратты пайдаланушы ақпарат иесінен тұлғалар туралы мәліметтерді, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы ол өзі жасаған немесе бір дерек көзінен алған, кез келген тасымалдаушыда жазылған және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректері бар ақпаратты сұрата алады. Мынадай ақпарат түрлеріне қол жеткізу шектелмейді:

- азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар, олардың салдары, сондай-ақ, табиғат апаттары, олардың ресми болжамы мен салдары туралы;  
- денсаулық сақтау, санитария, демография, миграция, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы салалары, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;  
- терроиризм актілері жасалғаны туралы фактілер;  
- экологиялық ахуал, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы; 
- мемлекет жеке және заңды тұлғаларға ұсынатын артықшылықтар, өтемақылар мен жеңілдіктер туралы;  
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылу фактілері туралы;  
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алтын-валюта қорларының мөлшері туралы;  
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің (мемлекеттік құпия және өзге де заңмен қорғалатын құпиялардан және олардың жобаларынан бөлек) мәтіндерін қамтитын; 
- республикалық және жергілікті бюджеттердің қалыптасуы және қаржы жұмсалуы туралы (мемлекеттік құпияны қамтитын мәліметтерден бөлек);  
- республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат жұмсалуын бақылау туралы (мемлекеттік құпияны қамтитын мәліметтерден бөлек); 
- ақпарат иелерінің, олардың лауазымды тұлғаларының заңдылықты бұзу фактілері туралы; 
- саяси, әлеуметтік және басқа да себептермен жаппай репрессиялау туралы, оның ішінде архивтерде сақталған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатындарынан бөлек ақпарат.

Қазақстанда тағы қандай ақпаратты еркін алуға болады?

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...