Айталық, сізге вирус жұқты делік, енді сізге ол қалай келуі мүмкін? Бұл вирус кез келген жерде жұғады. Мәселен, автобус, мектеп, балабақша және т.с.с орындардан. Бастапқы жұққан кезінде сіз оны сезбейсіз. Себебі, торсылдақ 12-14 күн аралығында ағзаңызда дамиды да, аталған уақыттан соң алғашқы белгілері біліне бастайды.
Белгілері:
- Бас пен дене қызуының жоғарылауы;
- Тәбеттің азаюы немесе тіпті жоғалуы;
- Үнемі әлсіздікті сезіну;
- Көп ұйықтай беру;
- Қан қысымының төмендеуі;
Енді сіздерде осы белгілер пайда болған болса, және бірер апта бұрын осы вирусты жұқтырған адаммен сөйлескен болсаңыз, демек сізге де жұқты деген сөз. Тек шошымаңыз! Қорықпаңыз!
Не істеу керек?
Бір-екі күндік әлсіздіктен соң бетіңіз не денеңіздің басқа да бөліктеріне жаралар шыға бастайды. Оны сіз безеумен шатастырып алуыңыз да мүмкін. Бірақ, ол барлық денені қаптайды. Одан да қорықпаңыз.
Зеленка жағасыз. Сосын ыстық түсіретін дәрілер ішесіз..
Өз бетіңізбен ем қабылдамаңыз!!! Ең бірінші дәрігерге көрініңіз!!!