0 дауыс
1.8k көрілді
КВН-ге әзілдер керек еді?

1 жауап

0 дауыс
Бір мас биік үйдің бесінші қабатынан құлап бара жатып, «Егер осыдан аман қалсам, ешқашан арақ ішпеймін» - деп ойлап үлгергенше,  жерге топ ете түсіпті. Орнынан тұра сала аман қалғанын көріп, үсті-басын қағып жатып: «Мас адам не демейді?» деген екен.

***

Кішкентай маса шешесінен сұрапты:

-Апа, мен ұшсам бола ма?

-Ажалыңа асықпай, отыр үйде!

-Неге, адамдарға менің ұшқаным қатты ұнайды ғой.

-Оны кім айтты?

-Кеше түнде олардың бәрі маған шапалақ ұрды.

***
Базарда біреу теріні бұлғап:

-Құндыз терісін алыңдар! Құндыздың терісі! - деп айғайлап жүріпті. Бір кісі оны тоқтатып, теріні ары-бері аударып көреді:

-Ей, қайдағы құндыз?! Мынауың кәдімгі иттің терісі ғой!

-Иттің аты Құндыз болатын...

 ***

Кеше түнде мені екі сотқар ұстап алып, қолсағатымды, әмиянымды, неке жүзігімді сыпырып әкетті.

-Сен түнде алтыатарсыз жүрмеуші едің ғой?

-Абырой болғанда олар шалбарымның артқы қалтасын қарамады!

***

Пойызда.

Жолаушы: - Әй, жолсерік, мені Қарағайлыда оят дегенім қайда?!

Жолсерік:- Ойбууу! Әрең оятып, көтеріп түсіріп жібергенім жаныңыздағы жолдасыңыз болды-ау, ә?!

***

Жанындағы орындықта сағыз шайнап отырған жігітке қарағыштаған  кемпір бір кезде жылы жымиып, ұмтылыңқырап сөйлеп: - Жақсы тәрбие көрген кішіпейіл, ақжарқын адам екеніңізді аңғардым, бірақ, не айтқаныңызды білмеймін, екі құлағым да естімеуші еді,-депті.
***

Сот:

-Сен осы өміріңде өз еңбегіңмен тым құрыса бір жүз теңге тауып көрдің бе?

Айыпталушы:

-Көрдім. Былтырғы сайлауда сізге дауыс бергенімізде сізден бәріміз бес жүз теңгеден алдық қой?!.

***

Жындыханада бiр жынды суға түсiп тұншығып өлейiн деп жатса, бiр жынды оны құтқарып қалыпты. Дәрiгер: Жарайсың! Сенi ертең бұл жерден шығарамын, сен жазылдың. Бiрақ, сен құтқарған адам асылып өлiп калыпты,- десе, жынды таңғалып қарап тұрып:

-Мен оны кепсiн деп iлiп қойғанмын,-дептi.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/ezutartar/2291/
...