Бір мас биік үйдің бесінші қабатынан құлап бара жатып, «Егер осыдан аман қалсам, ешқашан арақ ішпеймін» - деп ойлап үлгергенше, жерге топ ете түсіпті. Орнынан тұра сала аман қалғанын көріп, үсті-басын қағып жатып: «Мас адам не демейді?» деген екен.
***
Кішкентай маса шешесінен сұрапты:
-Апа, мен ұшсам бола ма?
-Ажалыңа асықпай, отыр үйде!
-Неге, адамдарға менің ұшқаным қатты ұнайды ғой.
-Оны кім айтты?
-Кеше түнде олардың бәрі маған шапалақ ұрды.
***
Базарда біреу теріні бұлғап:
-Құндыз терісін алыңдар! Құндыздың терісі! - деп айғайлап жүріпті. Бір кісі оны тоқтатып, теріні ары-бері аударып көреді:
-Ей, қайдағы құндыз?! Мынауың кәдімгі иттің терісі ғой!
-Иттің аты Құндыз болатын...
***
Кеше түнде мені екі сотқар ұстап алып, қолсағатымды, әмиянымды, неке жүзігімді сыпырып әкетті.
-Сен түнде алтыатарсыз жүрмеуші едің ғой?
-Абырой болғанда олар шалбарымның артқы қалтасын қарамады!
***
Пойызда.
Жолаушы: - Әй, жолсерік, мені Қарағайлыда оят дегенім қайда?!
Жолсерік:- Ойбууу! Әрең оятып, көтеріп түсіріп жібергенім жаныңыздағы жолдасыңыз болды-ау, ә?!
***
Жанындағы орындықта сағыз шайнап отырған жігітке қарағыштаған кемпір бір кезде жылы жымиып, ұмтылыңқырап сөйлеп: - Жақсы тәрбие көрген кішіпейіл, ақжарқын адам екеніңізді аңғардым, бірақ, не айтқаныңызды білмеймін, екі құлағым да естімеуші еді,-депті.
***
Сот:
-Сен осы өміріңде өз еңбегіңмен тым құрыса бір жүз теңге тауып көрдің бе?
Айыпталушы:
-Көрдім. Былтырғы сайлауда сізге дауыс бергенімізде сізден бәріміз бес жүз теңгеден алдық қой?!.
***
Жындыханада бiр жынды суға түсiп тұншығып өлейiн деп жатса, бiр жынды оны құтқарып қалыпты. Дәрiгер: Жарайсың! Сенi ертең бұл жерден шығарамын, сен жазылдың. Бiрақ, сен құтқарған адам асылып өлiп калыпты,- десе, жынды таңғалып қарап тұрып:
-Мен оны кепсiн деп iлiп қойғанмын,-дептi.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/ezutartar/2291/