0 дауыс
6.5k көрілді
Сəлеметсіздерме! Мен қазір Тараз мемлекеттік университетінің 2 курсында ақылы негізде оқимын. Серпін бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін келесі жылы қайтадан кешенді тапсыруым керек пе? Осы бағдарлама бойынша туризм мамандығы қарастырылған ба?

3 жауап

0 дауыс
ол бағдарламаны жабылып қалды дегендей болып еді ғой.
0 дауыс

Жастарға қызмет көрсету орталығы осы жылдың 5 шілдесінен бастап өз жұмысын бастаған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде біраз жастың еңбек жолын бастауына қол ұшын созып, жасөспірімдер мен оқушыларға болашақтарына керекті мәліметтер беріп, жастарға жаңа өмір бастауына қол ұшын созды. Техникалық  және кәсіптік білім беру, «Жұмыспен қамту-2020», «Серпін -2050», «Бизнестің жол картасы», «Дипломмен ауылға»,  «Қолжетімді баспана» сынды біраз жобаларды қамтитын арнайы кеңесші мамандар жұмыс істеуде.

Солардың бірі, қандай оқу орнын таңдайтынын білмей жүрген, басқа жақта оқығысы келетін тәуекелшіл жастар үшін құрылған «Серпін-2050» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен маңыздылығын білу үшін біз Жастарға Қызмет Көрсету орталығының «Серпін-2050» жобасы бойынша кеңесші маманы Мадина Атайбаевамен сұхбаттасқан едік. 

- Мадина,  «Серпін-2050»  бағдарламасының маңыздылығы мен мақсаты неде? Осы уақытқа дейін сіздерден келіп, толық мәлімет алған талапкерлер болды ма?

- Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, яғни Оңтүстікте орналасқан  аудандарда  адам саны көп болуына байланысты, бұл өңірлерде жұмыссыздық мәселесімен қатар, мектеп бітірген түлектердің де мәселесі туындап отыр. Көбі оқуға түсе алмай жатады. Бұған себеп үміткерлер саны көп болғасын, орын жетіспейді. Грант саныда аз бөлінеді. Керісінше, адам аз қоныстанған батыс, солтүстік өңірлерде маман жетіспейді. Сол себепті екі жақта да тепе-теңдікті ұстау мақсатында жасалып отырған жоба. Ия, болды. Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша, биылғы жылы 35 ЖОО-на, арнаулы орта оқу орындарына 13 түлек  оқуға түсті.

   - Оқуға тапсыруға қандай құжаттар тізімі  керек? Талдықорған қаласы көлемінде құжаттарды қай жерде тапсыра алады?

- Біріншіден, жеке куәліктің 2 дана  көшірмесі, Аттестат, куәлік қосымшалары, ҰБТ немесе КТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі 6 дана фотосурет, 086 –У үлгісіндегі медициналық анықтама, 063 үлгісіндегі егу картасы мен ағымдағы жылғы флюорокадр көшірмесі болуы шарт. Ал, қабылдау орталықтарына келсек, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне немесе Политехникалық колледжіне өткізуіне болады.

- Арнайы гранттарға қатысуға шектеу бар ма? Кімдер қатыса алады?

- Бірінші кезекте бұл мүмкіндікті жоғарыда аталған өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып, әртүрлі деңгейде ұпай жинаған барлық бітіруші түлектер, сонымен қатар кешенді тестілеуден өткен колледж түлектерінің де, мектепті бұрынырақта бітірген жастарға да пайдалануына толықтай мүмкіндік бар. Жоғары оқу орнына құжаттар тапсыру кезеңінде 4 оқу орнын таңдауға мүмкіншілік бар екендігі белгілі. Сол оқу орындар қатарына аталған өңірлердегі оқу орындарын таңдау арқылы, қатыса алады.

Шекті ұпайға (50 ұпай) жетпеген бітірушілерге колледждерге тапсыруға және шығармашылық емтихандар арқылы қабылданатын мамандықтар бойынша грант иегері болу мүмкіндігі бар. Ал шекті ұпайға яғни 50 балл жинамаған, әрі бейіндік пән бойынша 7 балдан аз алған студент ЖОО-ға конкурсқа қатыса алмайды.

– Қандай мамандықтар бойынша баруға болады және қосымша жеңілдіктер қарастырылған ба?

-Жалпы алғанда ЖОО 69 мамандық бойынша, атап айтар болсақ метталлургия, ауыл шаруашылығы мамандықтары,   тау-кен ісі,машина жасау, құрылыс, мұғалім,геодезия және картография т.б. мамандықтары болса, колледждерге 44 мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, өңірлерге бір рет барып қайту жолақысы және жатақханамен, жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Ал, колледждерге түскендерге 3 мезгіл тамақ және оқу киімі қаралған.

- Жұмыс орнынна тоқталар болсам, егер де түлек бітіргеннен кейін сол өңірде қалып жұмыс істеймін десе, жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі және жақсы жалақы алуына, сондай-ақ баспаналы болғанға дейін, пәтермен қамтамасыз етілуіне көмектеседі.

- Әлеуметтік желідегі қызмет көрсету туралы толығырақ айтсаңыз...

 -Бүгінде жастардың көбі дерлік интернет желісін қолданатыны анық. Фейсбук, Вконтакт, Твиттер,Инстаграм желілерде біздің орталықтың арнайы парақшалары бар. Түлектер өздерінің білгілері келген кез-келген сұрақтарды қойып, кеңес ала алады. Яғни онлайн консультация жүргіземіз. Әзірге жалпы статистика бойынша 3582 адам онлайн режимде кеңес алды.Мұндай қызмет түрі аса ыңғайлы әрі уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.  

- Уақытыңызды бөліп, пайдалы мәліметтермен бөліскеніңіз үшін рахмет.

Аймарал ДАУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

0 дауыс
Биылгы адебиеттке кай жерлерге мумкиндиктер бар 89баллмен
...