0 дауыс
3.3k көрілді
Туган жеринизде колданылатын диалект создер

3 жауап

0 дауыс
ҚАЗАҚСТАНДА, ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЗАҚТЫҢ АРАСЫНДА ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР ЖОҚ! БОЛУЫ ДА МҮМКІН ЕМЕС.

ҚАЗАҚ ПЕН   НОҒАЙДЫҢ, ТАТАРДЫҢ, ӨЗБЕКТІҢ, ТҮРКІМЕННІҢ, ҚЫРҒЫЗДЫҢ, БАШҚҰРТТЫҢ АРАСЫНДА БІРАЗ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР КЕЗДЕСІП ЖАТАДЫ.

ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЗАҚТЫҢ АРАСЫНДА ДИАЛЕКТ БАР ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ ҚАЙ ПЫСЫҚ ОЙЛАП ТАПТЫ ЕКЕН ?

СОНЫҢ СӨЗІНЕ ҚАРАП, БӘРІМІЗ КӘДІМГІДЕЙ СЕНІП КЕЛІППІЗ, ОНЫҢ ДАЛБАСАСЫ ҚҰРЫСЫН.   БІЗДІҢ ӘР ОБЛЫСТА КЕЙ СӨЗДЕРДІҢ СИНОНИМДЕРІ ҒАНА АУЫСЫП АЙТЫЛЫП ЖҮР,

МЫСАЛЫ:  ДӘУ-ҮЛКЕН-НӘН-АУҚЫМДЫ- ІРІ  ДЕГЕН СИЯҚТЫ, БІРАҚ БҰЛ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ БІР СИНОНИМДЕР. Диалектіге жатпайды, керек десең осы синонимдерді алысқа бармай ақ бір ауылдың адамдары да дәл осылай әр түрлі қолданып жүре береді. Таң қалатын түгі де жоқ оған.

Қазақтың тілі өте бай тіл.
сенің ойыңша, диалект деген не сонда?
+–
0
дауыс
Негізінен қазақ тілінде өте көп диалект сөздер жоқ (қазақ тілі ең жетік сақталған тіл болып саналады), мысалы қытайлар тіпті өз тілдерінің өзгешелігі сондай бір-бірінің тілдерін мүлдем түсінбейді. Өзбектерің де солай. Қазақ тіліндегі әрбір диалект сөз айналып келгенде өз қазақ тіліміз болып шығады. Соңғы қазақ тілін зерттеушілер (филологтар) қазақ тілінде ешқандай диалект жоқ деген тоқтамға келіп жүр
МЕДДИ  сен қай өңірден-- қай жақтан-- қай тараптан- қай мекен-жайдан-- қай төңіректен-- қай жерден боласың?
  Ені осы сөздердің ішінен біреуін түсінбей немесе бірінші рет естіп мағынасын ұға алмай отырсаң сол сөз саған диалект болады ( айта кетейін бұл сөздің біреуі де саған жат емес, күнделікті қолданып жүрген сөздерің екенін жақсы білемін, қай өңірде тұрсаң да).
             Мен Шымкенттен боламын, руымды айтсам, осы сөздерді күнделікті қолданып жүрген( ауысып қолданыла береді) Дулаттармыз.

Біздің арамызда диалект сөз  жоқ!  тағы да қайталап айтамын.
Диалект деген ұғымды қате түсінеді екенсің, диалект деген - белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер! Мысалы: нән,
қасқа, тұқым(жұмыртқа), кеуірт, әпше, тәте, дарбыз, бәдірең т.б.
П/С: Шымкенттенмін мен де!
0 дауыс
Сәлем! Мен Орталық Қазақстаннанмын, руым - қыпшақ. Бір байқағаным, бізде және Солтүстік Қазақстанда қазақ тілі байырғы нұсқасымен сақталған. Біздің қазақшамыз әдеби тілге өте жақын. Мақтанғаным емес, көркем сөйлеуде Орталықтың қазақтары озады ғой деймін, сірә)) Диалект бізде жоқтың қасы, ал оқулықтан оқыған басқа өңірдің диалектілеріне таң қала қарайтынбыз))
0 дауыс
Сәлем достар! Мен Солтүстік Қазақстаннанмын, дәлірек айтқанда Павлодар қаласынан. Бізде де диалект сөздер жоқтың қасы деп айтуға да болады. Сонымен қатар барлығы бізді орыстанып кеткен шала қазақтар деп жатыр, бірақ олай емес. Себебі біздің тіліміз Оңтүстік аудандардағы қазақтарға қарағанда таза деп нық сеніммен айта аламын.Көпке топырақ шашпай-ақ қояйн, бірақ шындық -  осы!
...