0 дауыс
2.0k көрілді
Біздің елге жаңа технология өндіретін, шикі заттарды дайын товарға айналдыратын мамандар керек. Телефон, телевизор, компьютер т,б ларды сырттан сатып аламыз. Ақшаның барлығы сыртқа кетіп жатыр.

Инженер, IT мамандар мен бағдарлама құрастырушылар, графикалық интерфейстер дизайнерлер, нано технология мамандары, қызмет көрсету саласындағы мамандар, логистер, экологтар, маркетологтар керек деп ойлаймын.

Ал сіз Қазақстанда сұранысқа ие мамандық қандай деп ойлайсыз?

4 жауап

0 дауыс
Инженерлер жетіспейді)
самореклама))))
Белгісіз
+1 дауыс
Аталған барлық мамандар керек әрине!!! Сонымен қатар білікті ұстаздар мен дәрігерлер де жетіспеуде. Келер ұрпақта сапалы білім болмаса "Инженер, IT мамандар мен бағдарлама құрастырушылар, графикалық интерфейстер дизайнерлер, нано технология мамандары, қызмет көрсету саласындағы мамандар, логистер, экологтар, маркетологтар" - тер қайдан болсын))
0 дауыс

Еліміздегі еңбек нарығын ескерген министрлік биылғы жылы техникалық ғылымдар мен технологияларға 12 мыңға жақын орын, педагогикалық мамандықтарға 6600-ден астам орын, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылымдарға 2630 орын бөлгенді жөн көрген. Жасыратыны жоқ бұл мамандық иелеріне қоғамда қанша сұраныс болғанымен оған қарай талап етушілер аз. Өткен жылы республикамызда педагогикалық және ветеринарлық мамандардың жетіспеушілігі анық байқалды. Бұл мамандардың еңбек нарығындағы жастары қартая бастаған. Сондықтан ұстаздар мен ауылшаруашылығы мамандары зейнетке шықса да қызметін жалғастырып келеді. Педагогикалық мамандықтардың ішінде алғашқы әскери даярлық, математика, денешынықтыру, химия пәндерінің мұғалімдеріне сұраныс өте жоғары деңгейде. Техникалық ғылымдарға қаншама гранттар бөлінгенімен ұмтылыс аз. Талапкерлердің көбі экономикалық, заңгерлік мамандықтарға ие болғысы келеді. Ақылы, ақысыз түрде осы мамандықтарды бітіріп шыққан жоғары оқу орын түлектері еңбек нарығында дағдарыс туғызады. Оның салдары жұмыссыздыққа әкеліп соқтыратыны белгілі. Осыған қарамастан биылғы жылдың түлектері де экономика және құқық мамандықтарына сұраныстың деңгейін түсірмеген. Бір қуанарлығы, бұл мамандықтардың қатарына биотехнология, Радиотехника, Электроника және телекоммуникациялар, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Ақпараттық жүйелер, Автоматтандыру және басқару, Аударма ісі, Халықаралық қатынастар тәрізді мамандықтар енген. Елдің еңбек ресурсында сұранысқа ие бұл мамандықтарды бітіріп шыққан түлектердің болашақта жұмыспен қамтамасыз етілуіне кепілдік бар. Себебі, телекоммуникация мен радиотехника саласының қызметін тұтынушылар артқан сайын, осы салада қызмет ететін мамандарға да сұраныстың артатыны заңдылық. 68 мыңға таяу түлек бүгінде 34 мыңнан сәл асатын орынға үмітті. Яғни бір орынға екі үміткер. Бағы жанған 34 мың түлекті еліміздің 80 жоғары оқу орны есігін айқара ашып күтеді. Қалғандарына оқу орындарында ақылы түрде оқуға ешкім шек қоймайды. Былтырғы жылы қазақ және орыс тілінде мектеп бітірген түлектердің арасында оқуға түсу баллдарының айырмашылықтарынан ақысыз оқу құқығына ие болу басымдылығы жөнінде сөз болғанымен, биыл бұл санайғақ өзгерген жоқ. Яғни, мектеп бітірушілердің 71% қазақ тілді оқу грантына, ал 29% орыс тілді оқу гранттарына ие болады.Бір мамандыққа тапсырған талапкер қазақ тілінде жоғары баллмен түсе алмай қалып жатса, орыс тіліне тапсырғандар одан әлде қайда төмен көрсеткіштермен ақысыз оқуға түсу мүмкіндіктеріне ие болуда. Сол себептен де мемлекеттік тілде білім алғаннан гөрі, орыс тілінде болсын грант иесі атану үшін құжаттарын сол бөлімге тапсырушылар да табылуда. 
Білім гранттарының 500-і биылғы жылы сырттай оқуға бөлінген екен. Басым бөлігі педагогикалық мамандықтарға берілген. Бұл ауылдық жерлердегі мектептердің мамандарға сұранысын қанағаттандырып келе жатқан өзінше бір әдіс. Бірақ, бұл әдістің қаншалықты нәтижелі екенін уақыт көрсетеді. Қай сала болмасын теория мен практика қатар жүріп, еңбек өнімділігін арттыруды қажет етеді. Сырттай оқытып, нарықты қаншалықты сапалы мамандармен қамтамасыз етіп жатқанымыз туралы ресми дерек жоқ. Белгілісі, «ң» мен «н» әріпін айыра алмайтын филологтарымыз, ел тарихының кезеңдерін сипаттай алмайтын тарихшыларымыз, ағылшын тілі пәнін кітапқа қарап ғана түсінетін мұғалімдеріміз бар. Әйтеуір сол мамандарымыз кейіннен ел қатарына қосылып кетіп жатады. Қосылмай тұрып қаншама шәкірттің алтын уақытын алып, ата-ананың үмітін алдады десеңізші. Болашақта сырттай оқу тәртібінде қатаңдатып, бір ретке келтіргеніміз жөн болар. Оның үстіне бұл мамандықтарды саңырауқұлақтай қаптаған филиалдар оқытып жатқаны көңілге шынымен де күдік туғызады. Бұл да уақыт еншісінде шешілетін мәселе. Әзірге министрліктің саңырауқұлақтарды жинауға кіріскені көңілге қуаныш ұялатады.

Саңырауқұлақ теріп жүрмане))
0 дауыс

Мамандық таңдағанда оның болашағын да ойлау керек. Себебі технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.

Мысалы, елімізде инженерлік мамандықтарға, дәрігерлерге, сервис қызметкерлеріне, ақпараттық технология, экология, логистика саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары, әрі оларға қажеттілік те күн сайын артып келеді. Болашағы бар басқа да мамандықтар туралы толық ақпараттымына жерден оқуға болады.

...