+3 дауыс
1.9k көрілді
Валютаның көтерілуін немесе түсуін кімдер есептейді?

3 жауап

+1 дауыс
KAzakhstan Stock Exchange — KASE есептеп, реттеп отырады
сонда қалай есептейді
0 дауыс

Төлем балансы – белгілі бір кезеңдегі елдердің сыртқы экономикалық операцияларының балансын көрсететін статистикалық құжат.

Мемлекет төлем балансы теориясына сүйене отырып, төлем балансын реттейді:

1) автоматты тепе-теңдіктің классикалық теориясы алтын стандартымен байланысты;

2) икемді тәсіл, төлем балансының негізі – сыртқы сауда және сауда балансының сальдосы, валюта бағамына көбейтілетін импорттық тауарлар бағасының деңгейіне экспорттық тауарлар бағасы деңгейінің қатынасымен айқындалады. Демек, реттеудің неғұрлым тиімді тәсілі – валюта бағамын өзгерту болып табылады;

3) кейнсиандық тәсіл төлем балансын ІЖӨ-нің негізгі элементтерімен байланыстырады, демек, экспортты көтермелеу (қолдау) және экспортты ауыздықтап ұстап тұру қажет, ең алдымен бұл отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы жүзеге асырылады;

4) монетарлық тәсіл: елдің ақша нарығындағы тепе-теңсіздік тұтастай алғанда төлем балансының тепе-теңсіздігін айқындайды.

Төлем балансын мемлекеттік реттеу әдістері:

1. Тікелей бақылау, оның ішінде, импортты, кедендік және өзге алымдар тәртібін реттеу, шетел инвестициялары бойынша кірістерді шетелге аударуға тыйым салу немесе шектеу, ақысыз көмек көрсету және тағы басқаларды шағын бизнес ауыр қабылдайды. Қысқа мерзімді тұрғыдан алғанда оң әсер береді (мемлекеттің мүмкіндігі болған кезде бақылай алатын жағдай), бірақ та ұзақ мерзімді перспективада инвестициялар тарту үшін кедергілер туғызады. Экспортты субсидиялау – тым қымбатқа түсетін саясат болып саналады.

2. Инфляциямен күрес. Капиталдың құйылуы ұлғаяды, импорт азаяды, бірақ та экспорттың өрістеуін ауыздықтап ұстап тұрады.

3. Айырбас бағамының өзгеруі.

Валюта саясаты – бұл валюта қатынастары мен ақша айналымы аясында мемлекет пен орталық банк жүргізетін бүкіл шаралардың жиынтығы. Елдің экономикасына және ұлттық валютаның сатып алу күшіне ықпал ету оның түпкі мақсаты болып саналады, яғни валюта саясаты – мақсат емес, ол экономикалық реформаларды жүргізу құралы. Валюта саясаты ұлттық және дүниежүзілік экономика тоғысындағы өтпелі көпірдің рөлін атқарады. Валюта саясаты – жалпы экономиканың, оның ішінде елдің ақша-несие саясатының соған қатысты дербес бөлігі.

Нарықтық экономикаға өтудің күрделі жағдайларында ол:

- өндірістің құлдырауын жою;

- экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

- инфляцияны және жұмыссыздықты ауыздықтап ұстап тұру;

- төлем балансының тепе-теңдігін ұстап тұру сияқты елдің алдыға қойған басты міндеттеріне жетуге бағытталған.

Экономикалық саясатта валюта саясатының:

- құрылымдық – валюта жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған ұзақ мерзімді шаралардың жиынтығы;


 

- ағымдағы – валюта бағамын, валюталық операцияларды және валюта нарығының қызметін күнделікті жедел реттеуде пайдаланылатын қысқа мерзімді шаралар жиынтығы;

- дисконттық (оған валюта бағамы мен төлем балансын реттеуге бағытталған орталық банктің есептік мөлшерлемелерінің (ставкаларының) өзгеруі кіреді). Банктің валюта саясатының осы түрін жүзеге асыру үшін: қысқа мерзімді капиталдар қозғалысына; ақша массасының динамикасына; бағалар қозғалысына; жиынтық төлем сұранысының мөлшеріне әсер етеді;

- девиздік – мемлекеттік органдардың шетел валюталарын (девиздерін) сатып алу-сату жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі. Ұлттық валютаның бағамын көтеру мақсатында орталық банк оны сатады, ал бағамын төмендету мақсатында – шетел валютасын сатып алады. Девиздік саясат валюталық өктемдік жүргізу жолымен, яғни шетел валюталарын сатып алу-сату арқылы шетел валютасының бағамына әсер ету мақсатымен валюта нарығындағы операцияларға Орталық банктің араласуымен жүзеге асырылады; қос валюта нарығы – белгіленген және өзгермелі валюта бағамдарының тәртібі арасындағы аралық орынды алатын, валюта саясатының формасы. Оның мәні: валюта нарығының екі бөлікке бөлінетіндігінде болып табылады Коммерциялық операциялар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ресми валюта бағамы қолданылады, ал коммерциялық мәмілелер бойынша төмен көрсетіліп белгіленген бағам тауарлар мен қызметтер көрсету экспортын көтермелеу (қолдау) және төлем балансын теңестіру үшін, ал қаржылық операциялар бойынша – нарықтық бағам қолданылады. Қос валюта нарығы валюта резервтерін кейбір үнемдеуді қамтамасыз етуді, өйткені валюталық өктемдік жасауға деген қажеттілік азаяды.

Валюталық реттеу – мемлекетаралық және өңірлік деңгейлерде жүзеге асырылатын валюталық операциялар жүргізудің тәртібі мен халықаралық есеп-айырысуларды мемлекеттік реттеу – валюта саясатын жүзеге асыру құралдарының бірі болып саналады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері мен атқарушы биліктің әрекет ету жолымен, ал жанама реттеу – экономикалық, атап айтқанда нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына (тәртібіне) әсер етудің валюта-несие әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекетаралық валюталық реттеудің мақсаттары:

- жекелеген елдердің валюта саясатын үйлестіру;

- валюта дағдарысын жою жөніндегі бірлескен шаралар;

- өзге елдерге қатынасы бойынша жетекші елдердің валюта саясатын келісу.

Өңірлік валюталық реттеу экономикалық ықпалдасу бірлестіктері шеңберінде жүзеге асырылады.

Валюта саясаты валюталық проблемалар бойынша шешімдер дайындау, қабылдау және жүзеге асыруды айқындайды. Валюталық қатынастарды реттеуге мынадай бірнеше деңгейлер кіреді:

- жеке кәсіпорындарындар, бірінші кезекте, үлкен көлемде валюта ресурстарына иелік ететін және валюталық операцияларға белсенді қатынасатын, ұлттық және халықаралық банктер мен корпорациялар;

- ұлттық мемлекет (қаржы Министрлігі, Орталық банк, валюталық бақылау органдары);

- мемлекетаралық деңгейде.

Валюта, несие және қаржы саясатын үйлестіру формасындағы мемлекетаралық реттеу:

- валюта, несие, қаржы қатынастарын қоса алғанда, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюі;

- шаруашылық қатынастарын ырықтандыру жағдайында нарық пайда үшін нарықтық және мемлекеттік реттеу арасындағы қатынастың өзгеруі;

- екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысында қалыптасқан дүниежүзілік аренадағы күштер арақатынасының өзгеруі, АҚШ-тың жеке дара көшбасшылығының әріптестік пен қарсыластардың үш орталығының – АҚШ-тың, Батыс Еуропаның, Жапонияның үстемдігімен алмасуы. Сонымен бірге жас бәсекелестер – жаңа индустриалды мемлекеттер пайда болды;

- өзгермелі валюта бағамдарының, пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың), биржалық дағдарыстардың және т.б. күрт ауытқуларымен байланысты тұрақсыздықпен өзгешеленеді.

Абсолютті автономиялық (дербес) ұлттық экономикалық саясат, оның ішінде валюта, несие, қаржы саясаты елдердің өзара тәуелділіктерінің дамуымен және олардың дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалдасуымен сыйымсыз.

ХВҚ мемлекетаралық валюталық реттеу органы болып саналады, ал 70-ші жылдардың ортасынан оған қатысушылардың шектеулі санымен жоғары деңгейдегі тұрақты кеңестер өтіп тұратын болды.

Валюталық шектеу – мемлекет аумағында олардың және\немесе шетелдерде резиденттердің валюталық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі резиденттердің және резидент еместердің (тыйым салу немесе лимит беру формасында) бекітілген әртүрлі нормативтік құқықтарын шектеу валюталық реттеудің неғұрлым кең таралған формасы болып саналады.

Халықаралық валюта-қаржы тәжірибесінде:

- төлем балансының ағымдағы операцияларына қатысты (сауда жасау сипатындағы емес төлемдермен байланысты операцияларға және сауда операциялары);

- капитал қозғалысын орталандыратын (инвестицялар, орта-және ұзақ мерзімді несиелер, қозғалмайтын мүлік сатып алу) қаржылық операцияларға қатысты валюталық шектеулерді қолданудың екі негізгі формасы ажыратылады.

Негізгі валюталық шектеулердің қатарына мыналар жатады:

- резиденттердің экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу;

- экспорттық валюта түсімдерінің бүкілін немесе бөлігін міндетті сату тәртібі;

- жекелеген экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу формаларына шектеу;

- халықаралық төлемдер мен капиталдар аударымдарын, алтынның, ақша белгілерінің және бағалы қағаздардың қозғалысын реттеу.

Валюта түсімдерін міндетті сату туралы талаптарды орындау меншік иелерінің меншігінің көлемін бұзбайды, оның бір формадан екінші формаға трансформациялануымен ғана қоса жүреді (жиі түрде өтімділігі аз формаға және оның меншік иесіне қажеттілігі аз). Валюта нарығының көп немесе аз түрде қалыпты жұмыс істеуі мен талап етілетін валюта резервтерінің деңгейін ұстап тұру үшін қажет сандағы шетел валютасы ресурстарының құйылуын қамтамасыз етуге қол жетпеген жағдайда, елге экспорттық түсімдерді аудару және оны ұлттық валютаға міндетті түрде айырбастау бойынша мәжбүрлеу шараларына жүгінуге тура келеді.

Соның есебінен сыртқы экономикалық айналымға қатысушылар, отандық ақша бірлігіне сенім білдіруден бас тарта отырып, неғұрлым күшті және неғұрлым сенімді шетел валюталарына артықшылық бере бастауынан елдің экономикалық және валюта жағдайының нашарлауы биліктің осындай әрекеттерге баруының объективті себебі болып қызмет етеді. Оған керісінше, егер ұлттық валютаның халықаралық беделін көтеру мен нығайту орын алатын болса, онда валюта нарығының субъектілері оның пайдасына жұмыс істей бастайды және валюталық түсімдерді аудару мен сатуға қатысты мәжбүрлі шаралардың ендігі жерде қажеті болмай қалады.

Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеулер бірін-бірі толықтырады. Бәсекелестікке негізделген нарықтық реттеу дамуды ынталандырса, ал мемлекеттік валюталық реттеу валюталық қатынастарды нарықтық реттеудің жағымсыз зардаптарын жоюға бағытталған. Осы екі реттеуіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы алатын пайдалармен (тиімділіктермен) және шығындармен айқындалады. Сондықтан да олардың арақатынасы жиі өзгеріп отырады.

Дағдарыстық сілкіністер, соғыстар, соғыстан кейінгі бүліншілік жағдайларда неғұрлым қатал мемлекеттік валюталық реттеу басым болады. Валюталық-экономикалық жағдай жақсарған кезде валюталық операцияларды ырықтандыру жүзеге асады, осы аядағы нарықтық бәсекелестікке қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге валюталық қатынастарды реттеу және қадағалау мақсатында мемлекет әрқашан да валюталық бақылау жасауды сақтайды.

Валюталық бақылау – заңға сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар немесе өзге органдар (мысалы, валюталық бақылау агенттері ретіндегі уәкілетті банктер) жүзеге асыратын, бекітілген әкімшілік және ұйымдық шаралар кешені валюталық реттеу жүйесінің маңызды бөліктері болып саналады.

Валюталық бақылаудың негізгі бағыттарының қатарына мыналар жатады:

- жүргізілетін валюталық операциялардың қолданыстағы заңдарға сәйкес келуін және оларды жүзеге асыру үшін қажет лицензиялар мен куәліктердің болуын анықтау;

- олардың контрактылардың (келісім шарттардың) талаптарына сәйкестігі бойынша шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру;

- валюталық операциялар бойынша есеп пен есептіліктің толықтылығын және объективтілігін тексеру .

Соғыстан кейінгі жылдардағы яки экономикалық қатынастарды ырықтандыру кезеңіндегі шаруашылықты қалпына келтіру қажеттілігімен байланысты, қаржылық дербестікті, ақша жүйесінің тұрақтылығын қорғау, ұлттық валютаның бағамын нығайту, валюталық резервтерді жұмылдыру мақсатында, мемлекеттердің басым көпшілігі олар үшін экономиканың қиын кезеңдерінде валюталық бақылауды белсенді түрде пайдаланды.

2. Нақты валюта бағамы – екі елде шығарылған тауарлардың қатысты бағасы. Нақты валюта бағамы, бір елдің тауарлары екінші елдің тауарына айырбасқа сатылуы мүмкін қатынастарды сипаттайды. Нақты валюта бағамы кейбір уақытта сауда шарты (талабы) ретінде айқындалады.

Номинал және нақты айырбас бағамы арасындағы тәуелділік мынадай түрге ие:

мұнда ЕR – нақты ВБ,

EN – номинал ВБ,

Pd – ұлттық валютамен көрсетілген ішкі бағалар деңгейі (индекс),

Pf – шетел валютасымен көрсетілген, шетелдегі бағалар деңгейі (индекс).

Екі елдегі бағалар деңгейі (индексі) бір базистік жылға жатқызылған. Нақты тиімді валюта бағамы, Pf түріндегі көрсетілген тәуелділік елдер топтары үшін орташа мөлшердегі бағалар индексі болып қатысатынын болжайды.

Нақты немесе нақты тиімді валюта бағамының көтерілуі (төмен түсуі) әлемдік нарықтағы осы елдер тауарларының бәсекеқабілеттілігінің төмендегенін (артқандығын) растайды.

Валюталық тепе-теңдік – бұл заңдық тәртіпте белгіленген екі валюта арасындағы қатынас. Мұндай қатынас валюта бірлігіндегі алтынның ресми құрамы негізінде, СДРнемесе әлемдік тұрақты валюталардың бірі (немесе валюталар мөлшері базасында белгіленеді). Валюта тепе-теңдігі валюта бағамын қалыптастыру үшін негіз болып қызмет етеді.

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі – олардың әрбірінің сатып алу қабілетін теңестіретін, валюталардың айырбас бағамының деңгейі. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдік тұжырымдамасына сәйкес, халықаралық бәсекелестік, халықаралық саудаға қатысатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге ішкі және шетел бағаларының бірте-бірте теңелуіне әкеледі. Егер осы елдегі инфляция шетелдегі инфляция қарқынынан озып кететін болса, онда, өзге тең жағдайларда ұлттық валюта кұнсыздану үрдісіне ие болатын болады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, әр елдегі бағалар деңгейінің динамикасындағы айырманың орнын жабу үшін бұл қанша қажет, валюта бағамы (ВБ) әрқашанда соншалықты өзгеретін болады.

 ,

мұнда r – отандық валюта бірлігіндегі шетел валютасының бағасы,

Pd – бағаның «ішкі» деңгейі,

Pf – шетелдегі баға деңгейі.

Жоғарыдағы стрелкалар көрсетіп тұрғандай, бағалар индекстері қатынасының көтерілуі (төмен түсуі) сол шамаға валютаның айырбас бағамының төмен түсуінің (көтерілуінің) орнын жабуды туғызады. Бұл, валюталар айырбастаудың номинал бағасының ұзақ мерзімді динамикасына ойдағыдай болжам жасау үшін осы елдердегі бағалар деңгейін айқындайтын факторлардың өзгеру ықтималдықтары туралы ақпараттың қажет екендігін білдіреді.

3. Белгіленген валюта бағамдарын ұстап тұру мерзімді туындайтын төлем балансының тапшылығын жабу үшін тиісті резервтердің болуын талап етеді. Егер резервтер жеткіліксіз болса, онда елдер кірістер мен бағаларды төмендету бойынша дефляциялық саясат қабылдауы, протекционистік сауда шараларын қабылдауы немесе төлем балансының жағдайын уақытша жақсартатын валюталық бақылауды енгізуі тиіс.

Икемді айырбас бағамдары, негізінен, қысқа мерзімдік кезең тұрғысынан тұрақсыз болып саналады, сонымен бірге ұзақ мерзімді тұрғыдан олар қажетті тиімділікті қамтамасыз етеді. Керісінше, белгіленген айырбас бағамдары қысқа мерзімді тұрақтылық тұрғысынан тиімді болып саналады, бірақ та ұзақ мерзімді перспективада икемді емес. Осы жүйелердің бірде-бірі ресурстардың толық жұмыс істеуін, бағалар деңгейінің тұрақтылығын және төлем балансын реттеуді қамтамасыз ету ісіндегі айырықша басымдықтарға ие емес.

Қазіргі жағдайларда елдер, өзгермелі және белгіленген валюта бағамдарының элементтерін үйлестіретін ымырашыл (аралас) жүйелерді пайдаланады. Жаңа тепе-теңдікке қол жеткенге дейін, ресми органдардың валюта бағамының деңгейін бірте-бірте өзгертуді болжайтын, басқара отырып валюталар бағамын өзгерту осылардың қатарына жатады. Оған жақындауға қарай күні бұрын белгіленген шамаға ұлттық валютаның күн сайын девальвациялануы болады. Бұл ретте үкімет экономиканы жаңа жағдайға бейімдеу және валюта нарығында қажетті операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы іздеу шараларын қабылдайды.

0 дауыс

1.     Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін негізге ала отырып, Бағдарламаны іске асырудың мынадай бағыттары ерекшеленеді:

1. Ішкі және сыртқы тәуекелдерді сандық және сапалық бағалау. Орталық банкке тәуекелдер, ағымдағы экономикалық жағдай және оны дамыту перспективалары мен ақша-кредит саясаты бойынша дер кезінде бірдей шешімдер қабылдау туралы объективті мәлімет алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін құру.  

2. Қазіргі кезде қолданылатын валюталық шектеулер мен тәуекелдерді реттеу тетіктерінің тиімділігін бағалау негізінде валюталық операциялар жүргізуге қойылған шектеулерді біртіндеп жою. Пруденциалдық және қаржылық қадағалау шараларын, ақша-кредиттік және валюталық реттеу шараларын, валюталық операциялардың жекелеген субъектісі деңгейінде тәуекелдерді, қаржы секторының және тұтастай алғанда экономиканың тәуекелдерін тиімді басқаруды іске асыру тұрғысынан алғанда жетілдірілуі қажет қаржы рыногы құралдарын талдау және валюталық режимді толық ырықтандыруға бағыттау.

3. Валюталық заңнаманың нормаларын және Қазақстан үшін неғұрлым мақсатқа сай болып табылатын халықаралық практикаға сәйкес 2007 жылдан кейін сақталуға тиісті валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды айқындау.

Тәуекелдерді сандық және сапалық бағалау

1. Халықаралық Валюта Қорының валюталық режимді ырықтандыру мәселелері бойынша техникалық көмек миссиясы сыртқы күйзеліс индикаторларын ішкі қаржылық сектордың жай-күйі және оның сыртқы конъюнктураның жағымсыз дамуына әсер ету қабілеті туралы бірдей мәлімет алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді; капитал ағыны және оны пайдалану, валюталық активтер мен пассивтердің құрылымы  жөніндегі жан-жақты ақпаратты қамтитын ерте хабардар ету индикаторлары жүйесін құру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті. Бұл жүйе капитал қозғалысына әкімшілік шектеулерді жою жағдайында ақша-кредит саясатын неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді және Ұлттық Банктің  инфляциялық таргеттеудің классикалық жүйесіне көшуін қамтамасыз етеді.

2. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі экономикалық даму, қаржылық тұрақтылық және қаржы рыногының субъектілері мен олардың клиенттеріне кәсіби талдау ақпараттарын беру тұрғысынан алғанда қаржы жүйесінің тәуекелдерін бағалау мәселелерін кеңінен жария ету мен үрдістерін талдау қажет екендігін көрсетеді. Осы мақсатта бірқатар орталық банктер пруденциалдық реттеу, сол сияқты макроэкономикалық факторлар, ішкі және сыртқы тәуекелдер тұрғысынан қарағанда қаржылық сектордың барлық аспектілері жан-жақты талданатын қаржылық тұрақтылық жөніндегі есепті тұрақты жариялап отырады. Осы практиканы сондай-ақ Қазақстанда да іске асырған жөн.  

Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын шектеулер жүйесін жетілдіру

Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын шектеулердің нысандары (әлемдік практика)

Валюталық реттеудің әлемдік практикасы валюталық шектеулердің екі негізгі нысанын бөліп көрсетеді:

1. Лимиттеу арқылы тікелей әкімшілік бақылау, тікелей әкімшілік тыйым салу мен валюталық операциялар жүргізуге жеке рұқсаттар (лицензиялар) беру. Рұқсат беру рәсімі нысандандырылған (барлық қажетті құжаттары болған кезде нысандық белгілері бойынша лицензия беру) не дискретті (рұқсат нақты жүргізілетін операцияның экономикалық тиімділігін, мәміленің айқындылығын, өтініш берушінің адал ниетін бағалау негізінде беріледі) сипатта болуы мүмкін.

2. Сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың шешім қабылдауына ықпал ететін жанама құралдарды қолдану. Жанама құралдар мәміле сомасының белгілі бір бөлігін белгілі мерзімге резервтеу режимін орнату не егер операция  белгіленген мерзімнен бұрын аяқталса, мәміленің белгілі бір пайызын алуға негізделеді (валюталық операцияларға салық).  "Чили салығы" ретінде белгілі валюталық операцияларға салынатын салық автономды ақша-кредит саясатын қолдау және алыпсатарлық қысымды тоқтату мақсатында қысқа мерзімді капиталдың әкелінуіне қатысты жиі қолданылды. Резервтеу режимі мен валюталық операцияларға салық мәні жағынан бірдей, себебі олар операцияның экономикалық құнын өзгертеді. Сонымен қатар бұл капиталды әкелудің/әкетудің барлық ықтимал арналарына қолданылуға тиісті болғандықтан,  жеткілікті дәрежеде шығын жұмсау тетігі және оның ішінде нақты өндірістік және қаржылық мақсаттарға байланысты адал ниетті мәмілелерді шектей алады. 

Қазақстанның қолданылып жүрген валюталық  заңнамаға сәйкес валюталық реттеу органы белгілейтін валюталық операцияларға қойылатын шектеулер.

1.Ұлттық Банктің резиденттердің экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу енгізу құқығы. Қазіргі кезде еркін айналыста жүрмейтін  валюталармен экспорт операцияларының үлесі 20% шамасында және негізінен ресей рубліне сәйкес келеді. Сонымен қатар, валюталық заңдарда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың резидент еместермен жасалатын келісім-шарттарында тараптардың қалауы бойынша кез келген есеп айырысу валютасын белгілеу құқығы бекітілген, бұл көрсетілген нормаға қайшы келеді. Осыған сәйкес, бастапқыда  еркін айналыстағы шетел валютасымен  валюталық түсімнің түсуін қамтамасыз етуді нысанаға алған осы құқықты сақтау, не  қандай да болмасын белгілі бір  шетел валютасымен есеп айырысуды шектеу дұрыс емес.

2. Ұлттық Банктің экспорттық валюта түсімін міндетті сату режимін белгілеу құқығы. Стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асырумен айқындалатын айрықша құқықтық мәртебеге сәйкес болашақта қажеттілігі нақты емес міндетті сату режимін енгізген жағдайда мұнай-газ саласындағы ірі экспорттаушы кәсіпорындар  тарапынан биржаға валюталық түсімнің айтарлықтай қосымша көлемінің түсуі, сөз жоқ, күмәнды. Сонымен бірге, капиталды әкетуге қатысты валюталық режимді ырықтандыру және заңды тұлғалардың шет елдерде шоттар ашуы жөніндегі талаптарды жұмсарту жағдайында мұндай шектеу тиімсіз әрі мақсатқа сай емес.  

3. Ұлттық Банктің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жекелеген экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу нысанына шектеулер белгілеу құқығы. Күмәнды мәмілелерге валюталық бақылауды жүзеге асыру және бартерлік операцияларды барынша азайту мақсатында  пайдаланылуы мүмкін. Күмәнды мәмілелерді, ақшаны «жылыстату» жөніндегі операцияларды бақылау және жол бермеу мәселелері  тиісті рәсімдер көзделуі  қажет арнайы заңнамасының реттеу пәні болғандықтан және қазіргі уақытта сыртқы саудада бартерлік мәмілелер көлемінің аз екендігін ескере отырып,  бұл құқық валюталық заңнама арқылы реттеу пәнінен алынып тасталатын болады.  

4. Валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды лицензиялау. Қазақстанда капиталдың әкетілуіне қатысты лицензиялар берудің  нысандандырылған рәсімдері тарихи қалыптасып отыр. Қазіргі жағдайларда бұл жүйе валюталық-қаржылық қатынастарды дамыту деңгейіне сай келуі барған сайын азайып бара жатқандықтан, Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасына сәйкес валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларға қатысты лицензиялау режимін толық жою көзделіп отыр. 

Қазақстан жағдайында валюталық реттеудің балама рәсімдерінің  жарамдылығын бағалау

Валютаның әкетілуіне, не әкелінуіне байланысты операциялар, сондай-ақ айырбас операциялары бойынша төлем теңгерімінің және ұлттық валютаның тұрлаулылығына қауіп төнген жағдайда қаражаттың белгілі бір пайызын резервтеу режимін белгілеу практикасын не "чили салығын" Қазақстанда пайдалану мынадай себептерге байланысты мақсатқа сай емес: 

Валютаның әкелінуіне қатысты белгілі бір мерзімге, көбінесе 1 жылға дейінгі мерзімге резервтеуді талап ету (егер шетел капиталы елде бір жылдан аз уақыт болса, операцияларға салық енгізу) егер кредиттер беру, бағалы қағаздарға салу және коммерциялық банктерге салымдарды жүзеге асыру арқылы әкелінуі жүзеге асырылуы мүмкін қысқа мерзімді алыпсатарлық капитал тарапынан  нақты қауіп төнсе, өзін өзі ақтаған болып есептеледі.  Бұл ретте тіпті Чили жағдайында да осы салық тиімділігін бағалау бірдей емес.  Қазақстан жағдайында, ішкі қор рыногындағы операциялар валюта рыногын рыноктың шектеулі өтімділігіне және резидент еместердің мемлекеттік, сол сияқты мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыноктарының сегменттеріне ең аз қатысуына қатысты әлсіретуге қабілетті емес. Банктік емес заңды тұлғаларды коммерциялық және қаржылық кредиттеуді қатысты  қарастырғанда, әдетте бұл кредиттер нақты мақсаттарға және белгілі бір жобаларға беріледі, ал коммерциялық кредит жағдайында  тауарлар жеткізу бойынша міндеттемелер түріндегі нақты активтермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Салық Кодексіне егер меншікті капиталдың осындай өсуі болмаса, борыштық капиталды тартудың тартымдылығын азайтатын Жеткілікті Капиталдандыру Ережесі (ЖКЕ) енгізілді. Қысқа мерзімді депозиттерге қатысты шектеу өзінен өзі емес, банктік жүйенің өзінің өтімділігін қолдау қабілеті маңызды. Мұндай жағдайда резервтік капиталды қалыптастыру, активтерді мерзімдері және валюталар бойынша салыстыру, ағымдағы өтімділіктің ең төменгі коэффициенті жөніндегі талаптарға қатысты пруденциалдық реттеу неғұрлым тиімді болып табылады. 

2. Сыртқы сауда операциялары бойынша капиталдың әкетілуіне қатысты осы шара көбінесе заңсыз қаражатты шет елге шығаруға бастапқыдан ниет білдіргендерге қарағанда, сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға қауіп төндіреді. Сонымен бірге, оны қолданған жағдайда, кәсіпорындар айналым қаражатының елеулі көлемін тартуға мәжбүр болады. Кредиттерге, бағалы қағаздарға инвестицияларға және қаражатты шет елдегі шоттарға аударуға  қатысты кейбір артықшылықтарымен шоттың лимитін белгілей отырып лицензиялау талабы сақталатын болады. Бұдан басқа, қаржы ұйымдарына  қатысты капиталдың ауқымды әкетілуін шектейтін пруденциалдық нормативтер қолданылады. 

3. Егер капиталдың ауқымды қысқа мерзімді ағыны валюта рыногының тұрақтылығына қауіп төндірмейтін болса да, елдің ішіндегі қол жетерлік валюта қаражаты алыпсатарлық мақсатқа пайдаланылуы мүмкін деген белгілі бір қауіп бар. Бұл ретте банктерге қатысты алыпсатарлық ықтималдығы валюта позициясының лимитін белгілеумен реттеледі. Банктік емес ұйымдарға қатысты, олардың көпшілігіне алыпсатарлық операциялар тән  емес болса да, соған қарамастан, толық ырықтандыруға дейін белгілі бір шектеулер, атап айтқанда, шетел валютасын белгілі мақсатқа сатып алуға және кейіннен сатуға қатысты шектеулер сақталатын болады. Сонымен қатар меншікті валюта қаражаты бар ірі экспорттаушылардың валюталық пассивтері мен активтерін реттеу шешілмеген мәселе қалпында қалып отыр. Олар айырбас бағамында тікелей орын алмаса да, соған қарамастан, шетел валютасын сатуға өтініштер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бере отырып және оны өзінің валюта шоттарында ұстай отырып,  валюта рыногына әсер ете алады. Экспорттаушылар валюталық түсімді міндетті түрде сатпаған жағдайларда, валюта рыногына қатысушылардың айырбас бағамының ауқымды алыпсатарлық ауытқуларын Ұлттық Банктің ұстап тұру мүмкіндігін бағалауы неғұрлым маңызды. Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай (атап айтқанда 2003 жылы Венгрияда), валюталық режимді толық ырықтандыру жағдайында Ұлттық Банктің валюта рыногындағы интервенциясы, пайыздық ставкалар саясаты және өтімділікті басқару алыпсатарлық шабуылдарға қарсы жалғыз тиімді әсер ету құралдары болып табылады.   

4. Қолданылып жүрген режим шоттар мен операцияларды оларға айырбастау және қаражат есептеу режимін белгілей отырып бөлуді көздемейтінін ескере отырып,  резервке алу режимін немесе чили салығын енгізу шығынды және тиімсіз болып табылады.

 

 Қазақстандағы валюталық операцияларға ұсынылып отырған шектеулер жүйесі

 

Заңнамалық нормаларды қолданудың уақытша шеңберіне сәйкес валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулерді алдағы уақытта қолданылатын не 2007 жылға дейін оларды енгізу құқығы көзделетін, яғни күрделі операциялардың шоты бойынша валюталық режим толық ырықтандырылғанға дейін және күрделі шот толық ырықтандырылғаннан кейін де енгізу құқығы сақталатын шектеулер деп шартты түрде бөлуге болады. Қолдану тетіктеріне байланысты валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулерді (1) қолданылып жүрген валюталық реттеу жүйесінен капиталдардың еркін қозғалысының режиміне өтуді қамтамасыз ететін және (2) белгілі бір жағдайларда валюталық реттеу органы ендіруі мүмкін шектеулерге бөлуге болады. Тиісінше валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын ықтимал шектеулер жүргізілетін валюталық операциялардың айқындылығын қамтамасыз ететін және күмәнды мәмілелерге жол бермеуге бағытталған, сондай-ақ Валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасына сәйкес ерекшелік қағидатына сүйене отырып енгізілуі мүмкін шектеулерге бөлінеді. Ерекшелік қағидаты елдің сыртқы төлем қабілеттілігіне және ішкі валюта рыногының тұрақтылығына елеулі қауіп төнген жағдайда шектеулер енгізу мүмкіндігін белгілейді.

1) Қолданылып жүрген валюталық реттеу жүйесінен капиталдардың еркін қозғалысы режиміне өтуді қамтамасыз ететін шектеулер.

Ұлттық Банк капитал қозғалысымен байланысты операцияларға қатысты алдын ала (тараптар міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін не ағымдағы валюталық операциядан капитал қозғалысымен байланысты операция санатына өткен сәттен бастап белгілі бір мерзім ішінде) лицензия не тіркеу куәлігін алу талабы бойынша шектеу енгізуге құқылы. Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға қатысты лицензиялау режимін пайдалану құқығы Ұлттық Банкте 2007 жылға дейін сақталады. Статистикалық есеп жүргізудің ақпараттық базасын толық қамтуды және нақтылауды қамтамасыз ету мақсатында тіркеу режимін қолдану мүмкіндігі күрделі шот толық ырықтандырылғаннан кейін де сақталады. Операция жасалғаннан кейін оның жүргізілгені туралы хабарлау режимі валюталық реттеу тұрғысынан алғанда шектеу ретінде қарастырыла алмайды;

2) Жүргізілетін валюталық операциялардың айқындылығын қамтамасыз ететін валюталық операцияларға қойылатын шектеулер.

Тек валюталық операцияларды ғана қамтымайтын жекелеген заңнама шеңберінде күмәнды қаржылық операцияларды бақылау рәсімдерін әзірлеу жобаланатын болғандықтан, осы шектеулер валюталық реттеу құралы болып табылмауы тиіс;

3) Айрықша жағдайлардағы шектеулер.

Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің кез келген валюталық операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру мүмкіндігі қазіргі уақытта валюталық заңнамада бекітілген. Президенттің төтенше жағдайлар енгізу жөніндегі өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заңында және "Төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңында айқындалғандықтан, валюта заңнамасының осы нормасына өзгерістер енгізілетін болады.

Айрықша  шектеулер енгізу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде сақталатын болады. Тиісті шешім Президенттің Жарлығымен ресімделеді. Бұл жүйе ерекше жағдайларда жедел әсер ету тетігінің оралымдылығын, негізділігін және шынайылығын қамтамасыз етеді. Экономиканың қауіпсіздігіне және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер жағдайды экономикалық саясаттың басқа құралымен шешуге болмайтын болса, шектеулер енгізілуі мүмкін. Шектеудің уақытша сипаты болады. Сонымен қатар шектелетін валюталық операциялардың Ұлттық Банктің арнайы рұқсатынсыз жүргізілмейтіні заң жүзінде көзделеді. Арнайы рұқсат операцияларды жүзеге асырмаудың азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, дипломатиялық қызметті жүзеге асыруға қатер келтіруі мүмкін болған жағдайда, сондай-ақ, егер осы операцияның төлем балансындағы және валюта рыногындағы жағдайды едәуір жақсартуға ықпалын тигізген жағдайда ғана беріледі. Осы норманы валюта заңдарында 2007 жылдан кейін де сақтау қажет.

...