+3 дауыс
6.6k көрілді
5 мысал ауыспалы

5 мысал көп мағыналы

5 мысал омоним

1 жауап

0 дауыс

Тілдегі кейбір сөздер бірнеше мағынада қолданылады. Екі не одан да көп мағынада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады. Мысалы, адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істің көзі. Осы тіркестердегі «көз» сөзі – бір негізден тараған зат есім.

Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.

Омонимдер.
Омоним сөздер-айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.
Сыртқы дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас келеді.Омонимдер мен мағыналы сөздердің айырмашылығы: көп мағыналы сөздер бір мағынадан тарағандықтан, түпкі мағынаның бірлігі сақталады,бір сөз табына қатысты болады, омоним сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен алшақ болады әрі бір сөз табына жататын сөздер ғана кірмейді, олар әр сөз табынан құрала береді.

Мысалы: жүз.

1) Жүз кітап-заттың санын білдіретін сөз.

2) Жүзі жарқын –бет-әлпетті, түрді білдіретін зат есім.

3) Пышақтың жүзі-пышақтың қайралған, өткір жағы.

4) Суда жүзі-қимыл мағынасындағы сөз.

Омонимдердің жасалу жолдары

1. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы : кір+іс.

а) Жұмысқа кіріс –жұмысты баста, істе мағынасындағы етістік.

ә)Кіріс –табыс деген мағынадағы зат есім.

2.Сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырауынан пайда болады: бігіз.

а) Біз-тігін құралының көне дыбысталуы ықшамдалып, біз формасына айналған.

ә) Біз-жіктеу есімдігі: Біз аулаға кірдік.

3.Басқа тілден енген сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің омоним болуы: мата.

а) Кездеме мағынасын беретін араб тілінен кірген сөз.

ә) Байлау мағынасындағы қазақ тілінің сөзі.

...