0 дауыс
124k көрілді
Лексикалық талдау,  сөз құрамына талдау, сөз тіркесіне талдау, синтаксистік талдаударын түсіндіріңіздерші!!ӨТІНІШ!!

Егер информация басқа сайттан болса ссылкасын жазыңыздаршы!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Лексикалық талдау

Талдау реті:

Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.

Талдау үлгісі:

Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.

жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.

жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:

жылы — жалпылама қолданылатын сөз.

Сөз құрамына талдау:

Кітапханашы - зат есім.
кітап - түбір
хана, шы - сөз тудырушы жұрнақтар

Кетеді - етістік.
кет - түбір
е - ауыспалы келер шақ жұрнағы
ді - жіктік жалғау (3 жақ) 

Сөз тіркесіне талдау 
1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз. 
2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз. 
3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз. 
4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз. 
Талдау үлгісі: 
Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім. 
Мен кездестірдім. 
Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы. 
1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу. 
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас. 
Әншіні кездестірдім. 
Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы. 
1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру. 

Синтаксистік талдау үлгісі: 
1) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр. (жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма) 
2) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне (не істеп жатыр)? - ұсынып жатыр. [күрделі баяндауыш] 
3) (Кімдер) қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр? – Оқушылар. [дара бастауыш] 
4) Оқушылар (қайдағы) гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- қолдарындағы. [пысықтауыш] 
5) Оқушылар қолдарындағы (нелерін) мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- гүлшоқтарын. [тура толықтауыш] 
6) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын (кімдеріне) ұсынып жатыр?- мұғалімдеріне. [жанама толықтауыш]

0 дауыс
Уақытта табиғи арасында сөздеріне лексикалық талдау жасауға көмектесіңізші

Ұқсас сұрақтар

...