0 дауыс
8.3k көрілді
«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды  мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі. Этноним деген не?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Этноним (грек. ethnos – халық, onyma – есім, атау) – ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары. Көне дәуірлерде Этнонимдердер ұран, ру, таңба ретінде пайдаланылып, ру, тайпа, ұлыс, ел аттарымен, солардың ішінен шыққан рубасылары мен би, ақсақал, батырлардың есімдерімен де аталған, жер-су аттары ретінде де қолданылған. Этнонимдердер дербес мағыналы, көбінесе жинақтау, көптік ұғымдарды білдіретін сөздер. Этнонимдердердің шығу, пайда болу тарихын зерттеуші – этнонимика ономасиологияның бір тармағы болып саналады. Олар әр түрлі граммат. тұлғаларда (-лы, -лі, -лар, -лер, т.б.) қолданылып, атауын тұрақты сақтайды. Мыс., Балталы, Ошақты, Қаңлы, Сіргелі, Төлеңгіт, Дулат, т.б. Әдеб.: Ономастика, М., 1969; Попов А.И., Названия народов КСРО, Л., 1973; Жанұзақов Т., Этнонимдердегі көптік жалғау формалары // ҚазКСР ҒА Хабарлары, филол. сер., 1975, №1.Т. Жанұзақов
0 дауыс
Этноним-оним түрі,халықтың өсімдіктердің атаулары!
0 дауыс
Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер «қазақ» терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казакия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касакия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касакия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазақия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты
...