+1 дауыс
5.5k көрілді

Қазір екінші әйел алғанға қоғам қандай көзқараста болады? Ислам дінінде 4 әйелге дейін алуға рұқсат бар, я 4 әйел емес 2 әйел дейік. Мысалға:

Қоғамның көзқарасы қандай болады екен!?

Мысалға мен: Менің екінші әйел алуға ешқандайда ҮЛКЕН себеп жоқ, бірінші әйелімнен 2 балам бар дейін, содан тағы екінші әйел алдым оған қоғамның көзқарасы қандай болады екен!?

Бірінші әйелім ешқандайда сырқат,ауру, бедеу емес!

СІЗ не дер едіңіз?

Көбінесе ӘЙЕЛДЕР, ҚЫЗДАР қауымы сіздер екінші әйел алуға рұқсат берер ме едіңіздер!?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ЕКІНШІ ӘЙЕЛ АЛУ - ҚОҒАМНЫҢ ЕМЕС, ӘР АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ШАРУАСЫ Құрметті сұрақ иесі, әрине, шынайы өмір үнемі бір қалыпта тұра бермейді. Әсіресе, адамдарды бір біріне тартып, бастарын біріктіретін "сезім" деген асыл қасиет те - өмірдің аумалы-төкпелі кезеңдеріне сай - өзгермелі болып тұрады. Соның бірі - ғашықтық сезім. Ол үшін адам баласын жазғыра алмаймыз. Себебі, "ғашық болудың" астарында табиғи инстинкт қана емес, сонымен бірге үлкен адамгершілік қасиеттер жатады. Яғни, "сүйе білу - өнер" деп тегін айтылмаған. Мінеки, Сіз көтерген "екінші әйел алу" мәселесі көбіне осындай жағдайларда туындайды. Бірақ, Сіз отбасылы болғандықтан, жауапкершілігіңізде өзіңіз өмірге келтірген ұл-қыздарыңыз болғандықтан, Сіздің "махаббат сезіміңіз" бен осыған дейін мойындалған, шындыққа айналған "әке жауапкершілігі" өзара қайшылыққа түседі. Енді таңдау еркі тек өзіңізге келіп тіреледі, себебі, Сіз орындауға тиісті "әке жауапкершілігінен" бәйбішеңіз де, ұл-қыздарыңыз да өз еркімен бас тарта қоюы екіталай. Осы бір алақұйын жағдайда Сіз толқулысыз, сол себептен, шешуші қадамға - яғни, "екінші әйел алуға" бел байламас бұрын "осы мәселеде қоғамның көзқарасы қандай еді?" деген сұрақты қойып отырсыз. Бұл сұрақты қойғаныңыз да жөн, себебі, нақты шешімге келген болсаңыз, Сіз осы қадамыңыз арқылы болашақта "екі отбасы" арасындағы болуы мүмкін қайшылықтың зардабын біршама жұмсарта аласыз... Ал, енді нақты жауапқа келйік: мұнда Сіз үшін "қоғам пікірі" емес, нақты ағайын - туыстарыңыздың, өзіңізді баласындай көріп кеткен ата-енеңіздің, інісіндей сыйлаған қайын аға-әкпелеріңіздің, өз бірінші жарыңыздың келісімі мен балаларыңыздың осы оқиғаға моралді-психологиялық дайындығы өте маңызды деп санаймын! Онымен қоса, болашақта бақытты болам десеңіз - екінші әйеліңіздің де туыстарының келісімін алдын ала алғаныңыз жөн! Үшіншіден, ол қызбен (келіншекпен) арадағы ғашықтық сезімдеріңіз қаншалықты тұрақты, сезім уақыт тезіне төтеп бере ала ма, екі әйелдің мінездері үйлесім таба ма деген сұрақтарды да ойлап қойыңыз... Ал Қоғам мұндай қадамды айыптайды, әрине. Себебі, қоғамның құрып отырған мемлекеті бар, ол сол мемлекет қабылдаған заңдармен жүруге тиіс. Олай болмаса, Қоғам өз іргетасы (өмір сүру формасы) - мемлекеттілігінің бейберекеттігіне ұшырайтын болады.. Сондықтан, мемлекетте "екінші әйел" заңы заңдастырылмаған. Қазір оның орынан "азаматтық неке" деп айтылады. Бірақ ондай некенің заңдық негізі болмағандықтан, "екінші әйел" үнемі де заңнан тысқары қала бермек. Ал Сізге нақты қандай кеңес берер едім: 1. Сезіміңіздің қаншалықты тұрақты екеніне көз жеткізіңіз 2. Оған бек сенімді болған соң ғана - бірінші әйеліңізбен, оның толық келісімін ала отырып, жауапкершіліктеріңізден бас тартпайтындай, мойныңызға алатындай етіп - ажырасу процесін бастаңыз. 3. Екінші әйелді қолыңызға қондырыңыз. Міне, осы шараларды іске атқара алсаңыз - Сіз нағыз еркексіз! Сонда екі әйеліңіз де мемлекеттің заңдық аясында қорғауында" болады. Құда да тыныш, құдағи да тыныш" деген осындайда айтылса керек. Сізге құрметпен, философ ағаңыз Әбдірашит Бәкірұлы (kala55@mail.ru)
+5 дауыс
Айтарлықтай себебі болмаса неге аласыз? Бірінші əйеліңіздің жағдайын ойладыңыз ба?Өзіңіз атап өткендей əйеліңіз сырқат,ауру,бедеу болмаса керегі де жоқ шығар. Қазір алған күннің өзінде тоқал алдым деп жарияға жар салып жүрген ешкімді көрген жоқпын. Иə, дінде ондай көп əйел алушылық бар шығар. Алайда қанша əйеліңіз болса да олардың барлығын бала шағаны асырай алуыңыз керек қой! Бос проблеманы қайтесіз)
Ислам дінінде де бірінші әйеліңнің рұқсаты мен жағдайыңның жақсы болуы керек. Әйтпесе әуре болма дейді)
Иə менің де айтпағым сол. Əрине əркім өзі біледі ғой жеке өмірі дегендей.
Белгісіз
+1 дауыс

Біздің отағасы өзін менімен қоса асырай алатын болса, екінші әйел алуға қарсы емес, мен деwink

+2 дауыс
Негізі Жаратушыны сүйген, халқын сүйген, жарын сүйген адам мұндай көп әйел алушылыққа қарсы болмауы тиіс. Тағы да бірнеше жақсы, абыройын сақтаған қыздарға қамқор болып, өзіне жар ету, одан туылған адал ұрпақты сүю, ал бірінші әйелі сол туылған ұрпақтарды бауырына баса білу, кейінгі жарларды туған сіңлісіндей қабылдай алу Жаратушының жалпы адамзатқа берген сынағы, қызғанышты сауапқа жеңдіре білу нағыз сүйе алатын адамның ісі. Жаратушыны шынайы сүйген адам ғана осындай сауапты істерге бара алады. Ерін қызғанып, басқа әйел алуына қарсы болған әйел, күйеуін жасырын зинаға итермелеу арқылы тек өзінің зинақор еркекке лайық екенін ғана дәлелдейді.
+1 дауыс
Жақсы жігіттерден жақсы ұрпақтар туылады, солар көп әйел алсын, жақсы ұрпақтары көбейеді.

Қазақстанда бір жігітке  7-8 қыздан келеді, ал енді артылып қалған қыздар қытайларға,негрлерге,басқа ұлттарға тиіп солардың санын арттырғанша, Қазақтын санын көбейткені дұрыс.
+4 дауыс
2 емес 3 айелден алуға заң шығару керек,Онсызда қазақтың қаракөз қыздары өзге ұлттың өкіліне тиіп алып,әртүрлі нәсілдерді көбейтіп жатырған жоқ па?Мұның тиімділігі өте көп:

1) Қазақтың саны көбейді.

2)Турмыс құрмай қалған қыздар азаяды.

3)Зинақорлық азаяды.

4)қазақы тәрбие алған ұрпақтың рухы мықты болады.
Және ұлан ғайыр, сонау Алтайдан Каспиге дейінгі, Ташкенттен  сібірге дейінгі жерімізді қорғайтын ҚАЗАҚТАРДЫ КӨБЕЙТУ КЕРЕК  ДЕСЕҢІЗШІ (өзге ұлт өкілдерінен қайран жоқ) .  Сөзіңізді тағы да толықтырып жіберейін дегенім ғой бұл.. 8 әйелден алсақ қалай болар екен? Менің аталарым 8 әйелден алған екен бұрын.
8 əйелді бірдей бақытсыз еткенше, біреумен бақытты боп, мəнді өмір сүрген артық емеспа???
Бір әйел бақытты болып кетеді дегеніңе гарантия бар ма?  Күйеуің сауналарға барып шомылып қайтпайды деп кім айтты.
Ееееее ТОчка қойдын!!!!
+1 дауыс
Бар адам алсамба екен деп ойлайды. Жоқ адам пернелермен ойнайды.
+1 дауыс
Мен 2 әйел алу дегенді дұрыс деп білмеймін. Қалай екі әйел алуға болады? Сонда сіз ойлап қараңызшы кезінде сүйем күйем деп алған әйеліңізден кейін қалай басқа әйел аласыз, сонда сіздің махаббатыңыз аз ғана жылдан кейін өшкеніме? 1 әйеліңіз қандай сезімде болатынын ойладыңызба, 1әйелден балаларға қалай түсіндіресіз , оларға да сондай тәрбие бермексізбе,,мен өз басым ондайды құптамаймын, және өзімде әйел адам ретінде ондай болмағанын қаламас едім, келісім бермес едім,өйткені қосылған өзіңнің жарыңмен өлгенше бірге жүргенге не жетсін,,меніңше 2 әйел алғанда сыйластықта қалмайтн сиякты болып көрінеді.
+1 дауыс
Мақсат сонда демографияны көтеру ғана ма?Сонда көңіл,сезім,махаббат қайда?Кім өзінің асыл жарын біреумен бөліскенің қалайды айтыңыздаршы?Сосын екі әйел арасында қызғаныш,өшпенділік туып үш ортада бала зияның шегіп жатады.Демографияға көңіл бөлу керек болса,басқа тәсілін ойлап табу керек.Мен көп әйел алушылыққа түбегейлі қарсымын!Алда болашақта да, бұл ойымнан айнымайтын боламын!
...