Қазіргі жастар үшін ең басты құндылығы?

0 дауыс
7.4k қаралым
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп,зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы — тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі — бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Тұлға, Адам

2 жауап

0 дауыс
Ең басты құндылығы айфон дейсіңғо.
Сен үшін солай шығар да.
Жоқ, мен армандайтын зат емес ол.
Құндылық деген армандау емес шатаспа.
ок.                   .
құндылық деген не? сөз таныс болғанымен, мағынасын түсінуге ақыл жетпей жатыр))
0 дауыс
Ойлап қараңыз, Б.З.Бұрынғы 4  ғасырларда жазылған Көне Египеттіктердің "Өлілер кітабында" (Книга мертвых) "Осы күнгі жастар бұзылып бара жатыр" деген сөз бар екен, одан бері ол сөзді талай ғалымдар, философтар айтып кеткен, Содан бері қаншама мыңдаған жылдар өтті, меніңше аға буынның кейінгі ұрпаққа көңілі толмауы бір үрдіс ретінде қалыптасқан сияқты

Әр заманның өз құндылықтары бар, оны түсіне білу керек.
Сөздің соңында , Мағжан айтқандай:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін! .....

...Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңкарға?!

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!..
127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы