+2 дауыс
1.2k көрілді
Қазақстанның Гиннес рекордтары кітабын қайдан алуға болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Гиннес рекордтар кітабында Қазақстанға қатысты 20-дан рекорд тіркелген. Оның ішіне КСРО құрамында болған тұстағы көрсеткіштерде енгізілген. Назарларыңызға Қазақстанның атынан енген үздік 10 рекорды ұсынып отырмыз.

1. Теңізге шыға алмайтын ең үлкен мемлекет.

Теңізге шыға алмайтын ең үлкен мемлекет.

Көпшілігіміз Қазақстанның жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алатынын білгенімізбен, Гиннес рекордтар кітабына «әлемдегі теңізге тіке шыға алмайтын жер аумағы ең үлкен мемлекет» екенімізді біле бермейміз.

2. Ғарыш алаңындағы ең ірі апат.

Ғарыш алаңындағы ең ірі апат

1960 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Р-16» зымыраны жарылып, 91 адам қаза тапты. Ұшуға 30 минут қалғанда аяқ астынан зымыранның қозғалтқышы қосылып кеткен. Оқиға ғарыш саласындағы жерде орын алған әлемдегі ең қайғылы апат ретінде тарихта қалды. Кейін белгілі болғандай, мамандар зымыранды ұшыруға дайындық кезінде қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып,  техникалық жағынан толығымен дайын емес ракетаны ұшыру жөнінде шешім қабылдаған. 

3. Ядролық жарылыс салдарынан пайда болған ең үлкен көл

Ядролық жарылыс салдарынан пайда болған ең үлкен көл.

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Шаған көлі 1965 жылы жасалған  алғашқы кеңестік өнеркәсіптік термоядролық жарылысы нәтижесінде пайда болған ең үлкен көл.  «Бейбіт атом» бағдарламасы аясында тасқын суларды шоғырланатын су қоймасы ретінде жоспарланған жоба сәтсіздікке ұшырайды. Жарылыстар арқылы суды ерітіп отырмақшы болған жоспар іске асырылмай, атом көлінің суы жұқпалы, әрі ішуге жарамсыз болып қалған. Бүгінде Семей полигонының негізгі туристік объектілерінің бірі болып табылады.  

4. Ең көп пісірілген бауырсақ

Ең көп пісірілген бауырсақ

2014 жылы Алматыда «Аналар күнін» атап өту аясында 856 келі бауырсақ пісірілген. Оны дайындауға барлығы 650 кг ұн, 650 литр өсімдік майы, 450 литр су, 15 кг тұз және 15 кг қант жұмсалды. Бұл оқиға рекордтар кітабына «Ең көп пісірілген және желінген бауырсақтар» деген атпен кірді.

Сурет voxpopuli.kz сайтынан алынды

5. Ең биік шатыр құрылыс

Ең биік шатыр құрылыс

Астана қаласындағы «Ханшатыр» ойын-сауық кешені «әлемдегі ең биік шатыр құрылыс» ретінде тіркелген. Оның биіктігі 150 метрден асады.  Ғимараттың архитекторы танымал британдық маман Норман Фостер.

6. Ең көп коньки тебушілер

Ең көп коньки тебушілер

Өткен жылы «Медеу» мұз айдынына бірден 523 адам шығып, коньки тебу сәті Гиннес рекордтар кітабына енді. Рекордты орнатуға жоғары оқу орындарының студенттері, қала азаматтары мен еріктілер қатысты.

Сурет авторы Эдуард Гавриш

7.Ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу

Ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу

2003 жылы елімізде салауатты өмір салтын насихаттау үшін өткізілген жаппай аэробикалық жаттығу рекордтар кітабына лайықты болып танылды. Қазақстан бойынша 4 миллион 845 мың 98 адам радиодан берілген әуен арқылы дене жаттығуларын жасап, әлем бойынша ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу орындады.

8. Әлем шөлдерін ең көп кесіп өтуші

Әлем шөлдерін ең көп кесіп өтуші

Рекордтар кітабына жеті рет енген Марат Жыланбаевтың рекорды барша Қазақстанға аян. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты.  1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр),  1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) кесіп өткен.

9. Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар

Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар

Ал бұл рекордты ешкім арнайы орындаған емес. 2011 жылы желтоқсанда қазақ география қоғамының экспедициялық тобы оңтүстік полюске дейінгі 2308 километр жолды автокөлікпен 21,37 км/сағат жылдамдықпен 108 сағатта басып өтті. Бұл көрсеткіш кейін «Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар» деп бағаланып, Гиннес кітабына енді.

10.Ауыр атлетикада көтерген ең ауыр салмақ

Ауыр атлетикада көтерген ең ауыр салмақ

2012 жылы Лондонда өткен олимпиадада ауыр атлетші Илья Ильин қоссайыста 418 кг штанга көтеріп, Гиннес рекордтар кітабына енді. Ал биыл Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ильин 432 кг көтеріп, бұрынғы рекордын тағы жаңартты. Сөйтіп, әлемдегі ең ауыр салмақты көтеруші болып табылады.

Ақпарат көзі

...