Көздеріңіздің сіз туралы айналыңыздағыларға не айта алатындығын бір сәт ойлап көрдіңіз бе? Көз – жанның айнасы. Көзіңіздің түсі сіздің мінезіңіз, ішкі энергетикаңыз, тіпті, екінші жартыңыздың қандай болу керектігі туралы ақпаратты бере алады. Бұл фактіге астрологтарымыз да бірауыздан қосылып отыр.
Алдымен, тарих қойнауына сүңгіп, табиғаттың не себептен алуан түсті көздерді тарту еткендігін зерделеп көрелік. Асылында Жер планетасының ең алғашқы, ең негізгі тұрғындары қой көзді болған екен. Мұны археологиялық зерттеулер айтып отыр. Жердің кометаға соқтығысып, орбитасын өзгертуі аталған өзгерістерге себеп болған. Және де дәл осы уақыттағы мұз дәуірінің басталуы адамзаттың тіршігіліне үлкен қауіп төндірді. Тіпті адамның жер бетінен мүлде жойылып кетуі де мүмкін еді. Алайда Табиғаттың өзі бізге көмекке келіп, түрлі мутациялар арқылы адамды күшейте түсті. Қоршаған ортада қоңыр көзділерге қарағанда әлдеқайда бейімді, күш-жігері мен қайраты басым адамдар түрі қалыптаса бастады. Олар тың іс бастауға жылдам, басқаларды ілгері бастап жүре алатын, замандастарының тағдырына ықпал етіп, жауапкершіліктен қашпайтын жаңа адамдар еді. Бұл адамдар мұз бен қар, ызғар мен боран түстерін сіңіргендей айналасына сұр, көгілдір, көк реңді көздерін тікті. Шегірлердің бойындағы тасып тұрған қуат қой көзділердің енжарлығын теңгергендей болып, адамзаттың жойылып кетпеуіне, тіпті өсіп-өнуіне себепкер болды. Мұз дәуірі аяқталып, күн жылыған соң көзге сұр, көк, көгілдір рең беріп тұрған рецессивті геннің адамға қажеттігі шамалы болып қалды. Сондықтан соңғы бірнеше жүз жылда біртіндеп көздерімізге қара мен қоңыр түс беріп тұрған доминантты (басым) ген қайтадан күшіне еніп, қаракөздер үлесі артып келеді. Осы жаңа адамдар мен қоңыр көзділердің некесіне өмірге көздерінің түсі алуан түрлі ұрпақ келіп, тарай бастады.
Арада едәуір уақыт өтісімен, екі аяқ, жұмыр бастар мұз дәуіріндегі оқиғаларды ұмыта бастады. Солай бола тұрғанмен, сұр көзді және қой көзді адамдарға мұқият қарайтын болсаңыз айырмашылықтарды байқайсыз: алғашқысы артық энергиядан арылып, әрекет етуге талпынса, келесісі өзінде жоқты өзгелерден алып қоюды қалайды. Ғылымда сұр көзділерді - "әлеуетті донор", қой көзділерді - "әлеуетті вампирлер" деп атау қалыптасқан.
Көзіңіздің түсінің қайдан пайда болғандығын біліп алған болсаңыз, көз арқылы мінез-құлық анықтап көрейік:
Көгілдір (сұр, көк) түсті көздер.
Мінез: егер сіздің көзіңіз суық түсті болса, табиғат сізден энергияңызды сарп етуін талап етеді. Лотерея ойнау, таныс-тамырдың ықпалы немесе тағдырдың тосын сыйы сізге көмектеспейді. Әрбір күлкі, әрбір жетістік үшін еңбектенуіңіз керек. Сіз нағыз өнертабыстың адамысыз. Ал айналыңызды қоршап жатқанның бәрі - сіздің идеяларыңызға арналған материал деп біліңіз. Адамдармен тез тіл табысасыз және тез суынасыз. Өкпе-ренішті көп сақтамайсыз. Қырсықтық - сіздің кемшілігіңіз.
Жар таңдау: қой көзді жандар сіздің өмірлік серігіңіз бола алады. Олар сізге барлық жағынан қолдау көрсете алады.
Қой көздер (қара).
Мінез: қам жемеңіз, сізде ақыл деген жетіп артылады. Бірақ, энергияңыздың жетіспеушілігінен өзгенің көмегіне көп жүгінесіз.Тартымдылық, қырсықтық және шыдамдылық - сіздің көзір тұзыңыз болмақ. Бұларды ұтымды пайдалана біліңіз. Сондай-ақ үйлесімділікке көп көңіл бөлуге кеңес беріледі. Сіз өте қызғаншақ (көпшілікке көп көрсете бермейсіз), шешімді тез шығаратын, бостандық сүйгіш жансыз. Сізге арқа сүйеуге әбден болады.
Жар таңдау: сіз үшін құрбандыққа бара алатын жанды жіберіп алмаңыз. Мейлі ол ең жеңіл құрбандық болсын. Және көгілдір, сұр көзділер сізге қажет адамдар екенін естен шығармаңыз.
Жасыл түсті көздер.
Мінез: жасыл - көк пен сары түстің қосындысынан пайда болған. Сондықтан, сіз үшін ең маңыздысы - өзіңізді өзіңіз табу, өзіңізбен келісімге келу. Осы мәселені шешпейінше алға жылжу мүмкін емес. Астрологтар сізді әлемдегі ең нәзік адамдардың қатарына жатқызып отыр. Сіз шынайылықты, адалдықты ұнатасыз. Достарыңыз сізді мейірімділігіңіз, сенімділігіңіз, мақсаткерлігіңіз үшін құрметтейді. Сіздер адамды жақсы тыңдай аласыздар және жақсы сырлас болу да қолдарыңыздан келеді.
Жар таңдау: өміріңізді біржола байланыстыратын адамды таңдауда дәл өзіңіздей жасыл түсті көздің қожайындарына көңіл бөліңіз.
Сұр - қоңыр көздер.
Мінез: тұрақтылық деген ұғым сіз үшін қолжетімсіз. Біреуге үйренісу, тұрақталу үшін өте көп уақыт қажет. Өмірдегі өз орныңызды таба қою да оңай шаруа емес. Және айналаңыздағыларға да сіздің жаныңызда жүру өте қиынға соғады. Тынымыз, күйгелек, қызба жансыз. Алайда, осы қасиеттердің өзі сізге өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектесе алады.
Жар таңдау: берік әрі бақытты отбасын құру үшін өзіңіздей сұр-қоңыр немесе сұр-жасыл көзділерді таңдаңыз.
Сұр-жасыл көздер.
Мінез: мақсатты дұрыс қойып, соған жете білетіндер осы кісілер екен. Табандылығыңызды жоғалтып алмаңыз. Және сұр-жасыл көзділер жақын адамдарына қатал бола алмайды. Ақылды, тез әсерленгіш, тез ренжігіш адамсыз. Армандауға аса бейімсіз және романтикаға жақынсыз.
Жар таңдау: сіздің махаббатыңызды жасыл-қоңыр көзділер қажет етеді. Және солар ғана сіздің бақытты отбасыңыздың кепілі бола алады.
Жасыл-қоңыр көздер.
Сіздің кекшілдігіңіз бен тасбауырлығыңыздан қорқуға болады. Ал философиялық ойларыңыз құрметтеуге тұрарлықтай екенін естен шығармаңыз. Жан тыныштығын қатты қалайсыз, бірақ оған жету үшін тырысу керектігін назарға алмайсыз. Сізді адамдар сөзге сараң, тұйық адам деп ойлайды.
Жар таңдау: ұйыған отбасының негізін сұр-жасыл көзділер ғана қалай алады.