Сұрақты оқып Мұқағалидың мына өлеңі есіме түсті: "Мендегі ерік бөтен, желік бөтен,Ит құйрығын бұлғаса, еріп кетем"... Менің ең бір қарным ашатыны, көптеген жастардың өзіндік ұстанымы жоқ екендігі. Мейлі қай тұрғыдан алып қарасақ та... Қоғамдағы түйткілді мәселеге бас ауыртпай-ақ, басқалар не десе мен де солай ойлай салайын деп бас изей салатындар көп. Арам пиғылдыларға ілесіп, бөтен дін, бөтен елдің жыртысын жыртып жүре ме деп алаңдаймын ғой. Кейде жастарға кінә тағуға хақымыз бар ма деген ой келеді. Аласапыран заманның өтінде, ғасырлар тоғысында туылғандар ғой. Алдыңғы буыннан үйренейін десе, қоғамы басқа (басқа елдермен салыстырмалы түрде)... Жаһандану талабына орай "Өнер-білім бар жұрттардан" үйренуі керек, онымен қоса өз тілін дамытуы керек (басқа елдің жастарында мұндай міндет бар ма?), өзін дамытам деп қалаға кеткісі келгенімен, ауылын дамытам десе дипломын көтеріп қайтып келуі керек, құрдастары құсап ерте үйленуі, елден қалмай "қолжетімді" баспанаға қол жеткізуі керек... "Ересек" елде туылған жастар басқа, өсіп келе жатқан елімен бірге өсіп келе жатқан біздің жастар басқа. Оларға кінә артуға хақымыз бар ма, білмедім...