Биліктің көпбалалы отбасыларға деген дəл бүгінгі саясаты мен көзқарасы қандай?

0 дауыс
544 қаралым

"Қазаққа шын жаны ашыса, келіндер кем дегенде 4-5 баладан тууы керек" деді бір ағам. Дұрыс шығар. Бірақ біздің биліктің көпбалалы отбасыларға деген дəл бүгінгі саясаты мен көзқарасы қандай? Аналық сезімнің күштілігі сол, бір рет бала туған əйел қайта-қайта туа бергісі келеді. Табиғи заңдылық. Əрі ұрпақтар сабақтастығын сақтау аналардың парызы екенін біледі əйелдер. Қазақ келіндері қиналып жүріп, бала табумен қатар отбасын асырау міндетін де мойындарына алған қазір. Күн санап өскен баға мен еңсені басқан қымбатшылық болса, анау. Балалардың киімі мен тамағына қырғын ақша керек. Экологиялық түйткілдердің кесірінен денсаулығы жиі сыр береді балалардың. Емдетуге кететін шығын көп. Көп жағдайда ауырған бала соңына дейін емделмей қалады ақша жетпей. Аурудың алдын алу үшін спорт секцияларына, бассейнге жаздырайын десең де, əкесінің құнын сұрайды. Үкімет қарапайым халықтың қалтасы көтеретін нысандарды салмай отыр көптеп. Əр отбасыға бірнеше несие қамыт боп ілінген. Баспанасыз қаңғып жүрген қандастарымыз қаншама. Бала туу үшін жағдай жасау керек. Кейде маған "жоғарғы жақтағы" көзге көрінбейтін күштер қазаққа, қазақтың көбеюіне қарсы жанталаса əрекет етіп жатқан сияқты көрінеді...

• Санаты: Қоғам | 544 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,815 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы