Шіркін маған қанат бітсе,
Самғауға тек шамам жетсе,
Оттай жанып, арман құшып,
Түнгі аспанды шарлай ұшып,
Ақ үміттен тұмар тағып,
Саған қарай қанат қағып,
Айлы түннің аясымен,
Жұлдыздардың арасымен,
Түн ұйқымды құрбан етіп,
Бір өзіңе самғап жетіп,
Ұйықтап жатқан сені көріп,
Қасыңа мен келіп қонып,
Уақыт созып, көп кідірмей,
Келгенімді еш білдірмей,
Саған қарай мойнымды иіп,
Дидарыңнан қимай сүйіп,
Құлағыңа кеп жақындап,
“Қайырлы түн” деп сыбырлап,
Сағыныштың басып демін,
Сүйіп сені кетер едім!