+2 дауыс
805 көрілді
Жол бойымен келе жатыр ем, еріксіз елең еткізді:
- Дочя, садикте не істедіңдер?
- Ойнадық...
- Потом не қылдыңдар?
- Спортпен занимать еттік.
Әрі қарай тыңдағым келмеді. Не тіл бұл? Қай ұлттың, қай елдің тілі? Қазақта мұндай тіл жоқ, элитамын десеңіз, орыста да мұндай тіл жоқ. Қазағымның шұрайлы тілін шұбарламаңыздаршы...

(c) Айдана Шотбайқызы

Тіл мәселесі әлі қашанға дейін актуалды болып қала бермек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ тілі өкінішімізге орай өзектілігін арттыра алмауда, тіптен кеңес кезінде ғылыми және әдеби тұрғыда сүйеніш қылар мықты іргетасы бар еді. Ал, қазіргі таңдағы өктем ақпараттық заманда алға тартар құралы аз шынтуайтында мүлдем жоқтың қасы болып жалаңаш қалды. Сұранысты қажетті деңгейде қамтасыз ете алмайтын жағдайда актуалды болмақ тұрмақ өміршеңдігін әрмен қарай жоғалта берері хақ.
+1 дауыс
осы мәселемен күресіп жүріп Мұхтар Шаханов ағамыз жүрек ауруына шалдыққан емес па?
...