Кез келген елдерде сияқты, Қазақстанда да экономикалық дағдарыс өз түзетулерін еңгізді. Қаржылық дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласты. Әлемдік экономиканың құлдырауы барлық дерлік шикізаттарға деген сұраныстың, соның салдарынан олардың бағаларының күрт төмендеуіне алып келді. Отандық және шетелдік ғылыми, көпшілік басылымдарда ғалымдардың, саясаткерлердің ғаламдық дағдарыстың себептері, салдары, одан шығу жолдары туралы түсініктер, пікірлер көптеп айтылуда. Ғалым-экономистердің осы тұрғыдағы көзқарастарын тұжырымдай келе әлемдік дағдарыстың негізгі себептерін атап айтуға болады:
Әлемдік экономиканың, әсіресе – қаржының, ғаламдануы.
Мұнай бағасының өзіндік ерекше қалыптасуы және оның бүкіл қаржы сферасына әсер етуі. Баға қалыптасуының «классикалық» тәртіптен ауытқуы.
Банктердің және трансконтиненталды корпорациялардың шексіз үлкейіп кетуі нарықтық қатынастардың қозғаушы күші – бәсекелестікті басып тастауы.
Халықаралық қаржылық институттар қызметтеріндегі тығырыққа таяну.
Ұлттық банктердің жұмысын реттеу және бақылау ісіндегі кемшіліктер.
Қазақстан экономикасындағы дағдарыстың ерекшелігі – ол монетарлық емес, құрылымдық екенін көптеген отандық ғалымдар мойындап отыр. Сондықтан жалғыз қаржылық манипуляциялар арқылы ғаламдық дағдарысты түпкілікті жеңіп, дамудың тұрақты жолына шығу мүмкін емес. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы жолдауында елдің дамуының негізгі бағыттарының бірі инновациялық экономиканы құру және оның шикізаттық емес секторын дамыту болып қала беретіні аталып өтті. Қазақстандағы қалыптасқан технологиялық құрылым әлемдік стандарттардан алыс. Қазақстанда өндіріс негізінен ескі технология және ескірген техникаға негізделеді. Экономиканың құрылымында қазіргі заманға сай ғылыми сиымды өндіріс жоқ. Реформа кезеңінде экономикаға тартылатын инвестиция көлемі өскені және Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы жақсарғаны байқалды, ол өз кезегінде елдің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жақсы базаны қалыптастыруға көмек берді. Бұл жағдайда жасалған индустриалды – инновациялық стратегия елдің экономикасын жақсартудың маңызды факторларының бірі бола алады. Индустриалды–иновациялық дамудың негізгі мақсаты болып өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтерді өндіру, өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандартын енгізу табылады.
Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыру және даму қарқынын көтерудің мақсатты саясатын іске асыру өнеркәсіптің дамуынсыз мүмкін емес, себебі гүлденген және қарқынды дамыған қоғамның іргетасы тек шикізат секторымен шектелмеген қазіргі бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика болуы мүмкін.Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне және т.б.
Осынау сындарлы кезеңде әлемде санаулы мемлекеттердің ғана өз экономикасын қолдауға қаржылық мүмкіндігі бар. Солардың бірі – біздің мемлекетіміз екені бәріміз үшін үлкен мәртебе. Нақты айтар болсақ, сан-салалы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды, шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде қолдау жасалды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Ел экономикасын әртараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Оның үстіне Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелерін толық көлемінде сақтап отыр.Экономиканы одан әрі жаңғыртудың жаңа жоспарын іске асыруға және жұмыспен қамту стратегиясын іске асыруға – 347,9 млрд. теңге, оның ішінде 240 млдр. теңге «Жол картасына» (2009 жылы 140 млрд.теңге және 2010 жылы 100 млрд. теңге).
Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы жұмысын бастады. 2010 жылдың 10 айының нәтижесінің өзінде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемі 38 % өсті.Қазақстандық өнімдердің Кедендік одақ елдеріне экспорты 52,4 % артты. Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25 % болды. Тұтастай алғанда, 2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өсті.Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасының аясында тау-кен - металлургия саласындағы 43 жобаның ішінен жалпы құны 305,6 миллиард теңгені құрайтын 23 жаңа өндіріс орны іске қосылды. Бұл металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемін бірден 10,2 % арттырды. 2010 жылдың желтоқсан айында Павлодардағы «Каустик» АҚ кәсіпорнында жүргізілген модернизацияның арқасында хлор-сілті өнімдерін шығаратын зауыт ашылды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның арқасында Павлодар облысының экономикасы қарқынды дамып келеді. Павлодар облысында 191 миллиард теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді, нақты өндіріс ауқымының индексі 137 % құрады.Қ.Р.- ның қазіргі жағдайын талдасақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 2012 жылғы қаңтар-наурызда 2011 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 104,6 % құрады.
Экономиканың нақты секторы. 2012 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4057,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,9 %-ға көп. Кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 99,8 % құрады. Көмір және лигнит (102,9 %), табиға газ (105,0 %)өндіру өсті. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде өсу 8,6 % болды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау 7,5 %-ға өсті, сумен жабдықтау – 7,4 %-ға төмендеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2012 жылғы қаңтар-наурызда 188,8 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 5,1 %-ға төмендеді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылғықаңтар-наурызда 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,7 %-ға төмен. Жүк айналымының көлемі 2012 жылғы қантар-наурызда 109,5 млрд. ткм. құрап 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 18,1 %-ға өсті. Жолаушылар айналымы 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 25,9 %-ға артып, 48,0 млрд. жкм құрады.Қазақстанның сыртқы сауда айналымы Ресей және Беларусь елдерімен өзара сауданы есепке ала отырып 2012 жылғы қаңтар-ақпанда 21,2 млрд. АҚШ долл. құрап, 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 51,1 %-ға өсті, оның ішінде экспорт – 15,7 млрд. АҚШ долл. (өсуі 52,0 %-ға), импорт – 5,5 млрд. АҚШ долл. (48,6 %-ға өсті).
Төлем теңгерімінің оң сальдосы 10,2 млрд. АҚШ долларын құрады (2011 жылыдың тиісті кезеңінде – 6,7 млрд. теңге АҚШ долларын, 2011 жылы – 50,1 млрд. АҚШ долларын құрады.) Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы наурызда 2011 жылдың наурызына қарағанда 101,1 %-ды құрады, оның ішінде: бағалар азық-түлік тауарларына – 1,7 %-ға, азық-түлік емес тауарларына– 0,8 %-ға және ақылы қызметтерге – 0,5 %-ға өсті.Өңірлік бөліністе 2012 жылғы ақпанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулер бағасының ең жоғарғы өсімі Павлодар (1,5 %-ға), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл (1,2 %-дан) облыстарында және Астана қаласында (1,3 %-ға) тіркелді. Өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы наурызда 2011 жылғы желтоқсанға 3,0 %-ға өсті. Еңбек нарығы. 2012 жылғы наурызда жұмыссыздар саны 469,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,3 %-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы наурызда 58,3 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,7 %-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5 %-ын құрады (42,8 мың адам). Ақша-кредит және банк статистикасы бойынша ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда (48,3 млрд. долл.) елдің халықаралық резервтері 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 80,6 млрд. АҚШ долл. құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 16,8 %-ға өсті. Экономикаға банк кредиттерінің жалпы көлемi 2012 жылдың 1 наурызына 8831,0 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың 1 наурызына қарағанда 16,1 %-ға өсті. Резиденттердің депозиттерінің ұйымдардағы жалпы көлемі 2012 жылдың 1 наурызына 8620,3 млрд. теңгені құрап 2011 жылғы 1 наурыздағы деңгейден 14,7 %-ға өсті. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2012 жылдың 1 наурызында 877,5 млрд. теңгені құрады, шығындары – 803,8 млрд. теңге. 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 22,1 %-ға, шығындары 26,2 %-ға өсті. Мемлекеттік бюджеттің профициті 14,0 млрд, теңгені құрады (2011 жылыңы 1 наурызында 20,0 млрд. теңге).
2012 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі туралы айтсақ, 2012 жылғы наурызда тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 100,3 % құрады (2011 жылғы наурызда – 100,5 %), оның ішінде: азық-түлік тауарлары бағасының индексі – 100,5 % (100,9 %), азық-түлік емес тауарлары – 100,2 % (100,2 %), ақылы қызметтер – 100,2 % (100,2 %) құрады.Өңірлік бөліністе 2012 жылғы қазанда 2011 жылдың желтоқсанына қарағанда орташа республикалық инфляцияның деңгейі Қарағанды (5,9%), Атырау (5,9%), Павлодар (4,8%), Қызылорда (4,6%) және Оңтүстік-Қазақстан (4,6%) облыстарында және Алматы (5,3%) қаласында көтерілгені байқалды Ағымдағы жылғы наурызда ақпанға қарағанда азық-түлік тауарларында етке (ет өнімдерін қоса алғанда) 1,2 %, құм шекерге – 5,1 %, барынша өсімі байқалып отыр. Нан және жарма өнімдеріне – 0,3 %, май мен тоң майға – 0,6 % бағаның төмендегені орын алды. Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде үй тұрмысына қажетті заттар – 0,3 %-ға, киім және аяқ киім 0,3 %-ға қымбаттаған.Ақылы қызметтер құрамында тұрғын үйді жалға алу бағасы 0,7 % деңгейінде едәуір өскен.2012 жылғы ақпанда инфляция деңгейі 2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,1 %-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,6 пайыздық тармаққа төмен (3,7 %).Азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 1,7 %-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінен 4,3 пайыздық тармаққа төмен (6,0 %). Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 0,8 %-ды (0,1 %), ақылы қызметтер 0,5 %-ды (3,1 %) құрады.
2012 жылғы қазанда тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 100,7% құрады (2011 жылғы қазанда – 100,2%), оның ішінде: азық-түлік тауарлары бағасының индексі – 100,6% (100,1%), азық-түлік емес тауарлары – 100,6% (100,4%), ақылы қызметтер – 100,9% (100,3%) құрады.Соңғы уақытта республиканың жалпы сыртқы борышының көлемі едәуір қарқынмен өсіп отыр. 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елдің жалпы сыртқы борышының көлемі 2001 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (ҰБ) абсолюттік мәнде 13,3 (ҰБ) млрд. АҚШ долларынан 46,8 млрд. АҚШ доларына дейін, елдің ЖІӨ-не шаққанда 69,8 (ҰБ) %-дан 77,7%-ға дейін артты. Елдің жалпы сыртқы борышының өсімі 2004 және 2005 жылдары ғана тиісінше 9,0 және 9,6 млрд. АҚШ доллларын құрады. 2005 жылғы 1 сәуірден бастап 2006 жылғы 1 сәуір аралығы кезеңдегі 1 жылда жалпы сыртқы борыштың өсімі 13,4 млрд. АҚШ долларын құрады.2012 жылғы 2 тоқсандағы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша халықтың атаулы ақшалай табыстарына келсек, 2012 жылғы 2 тоқсандағы халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 50 302 теңгені құрады және осы кезеңге тауарлар мен қызметтер бағасының 4,9%-ға өсуіне байланысты 2011 жылғы 2 тоқсанға қарағанда 14,4%-ға өсті. Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстарын өткен жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 9,0%-ға өсті. 2012 жылғы 2 тоқсанда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың мөлшері бойынша бірінші орында - Атырау облысы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3 - 1,7 есеге асқандығы байқалды. Табысы ең төмен өңірлер болып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары табылды, оларда орташа республикалық деңгейдің қатынасы тиісінше 62,8%, 71,5% және 77,2%-ды құрады. 2012 жылғы 2 тоқсанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы қатынасы 3,6 есені құрады.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын талдасақ, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2012 жылғы 1 қарашадағытіркелген ШОК субъектілерінің саны осы күнге 1356397 бірлікті құрайды, оның ішінде 240126 - шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 924039 - жеке кәсіпкерлер және 192232 - шаруа (фермер) қожалықтары.Қортытындылай келсек, дағдарыстың қайда апаратынын ешкiм де болжай алмайды. Егер әлемде қайта құрылымдау жүзеге асатын болса, дағдарысқа шаралар бағдарлама түрiнде ғана емес, арнайы стратегиямен негiзделуi керек деп батыл айтуға болады. Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек. Шикізаттық емес секторларды дамыту, яғни шикізатты экспорттау тәуелдігінен арылу қажет. Неге десеңіз, біріншіден еліміз пайдалы қазбаларға бай болғанымен, дегенмен ресурстардың шектеулігінің қаупі және экспорталатын шикізаттардың бағасының әр түрлі экономикалық кезеңдеріне (экономикалық дағдарыс) байланысты тұрақты еместігі және де индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастыру қажет. Үкімет әкімдермен бірлесе отырып өңірлерді дамытудың жаңа инновциялық бағдарламасын жасауының да маңызы зор. Бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты демекші, отандық өндірістерді дамыту, шағын және орта бизнеске тиімді қолдау көрсету, яғни қағаз бюрократиясын оңтайландыру қажет. Осының арқасында ғана біз бәсекеге қабілетті бола аламыз. Осы мақсаттарды орындау үшін білімді мамандар және инновациялардың болуы керек. Бизнесті ашқанда тек басқа елдердің жаңалықтарын қолданбай, жаңа бір өзектілігі бар идеяны қалыптастыру керек. Кәсіпкер ең бастысы тапқыш болуы ықтимал.Бәріміз білеміз, біздің қазіргі кездегі мақсатымыз, Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымына мүше болып кіруіміз, ал бұл осы атап өткен жұмыстар арқасында ғана жүзеге асады. Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты атқаруға тиіспіз.