0 дауыс
2.4k көрілді
1000000 милиогмен кандай бизнес ашуга болады ауылды жерде

4 жауап

0 дауыс
Күрке тауық өсіру 1. Жалпы ақпарат. Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық  өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады. Күрке тауық  өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы – бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады. 2. Тұқымдары. Талап етілген  өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет.  Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күрке тауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар. Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар –өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі  13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы – 6,6 кг. болады. Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді. Қола кең кеуделі күрке тауықпен салыстырғанда еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару көрсеткіші орташа есеппен 60 – 70 пайыз аралығын қамтиды. 3. Күрке тауықтарды асырау. Күрке тауық ірі құс болғандықтан оны басқа құстардан бөлек ұстау қажет. Құстарды орналастыру тығыздығын дұрыс есептеу қажет: 1 м²-ге екі үлкен күрке тауықтан артық болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау қажет. Күрке тауықтар аязға, әсіресе жел мен сызға төзімсіз болғандықтан олардың ересектеріне арналған қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы тиіс. 4. Жем беру. Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күрке тауыққа 250-300 г-нан келуі тиіс. Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа, жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді. Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалармен жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырттағы температура -10°С-ден төмен болса, онда құстарды сыртқа шығармайды. 5. Өсіру. Күрке тауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күн бастыру арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға болады. Егер көбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіруге болады. Балапандарды  күрке тауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау қажет. Ең дұрысы – полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. лампаны қолданып, температураны 36°С-ден төмен түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет.  Төсенішті (ең дұрысы сабан немесе пішен) – күнделікті ауыстырып тұру қажет. 2-2,5 айдан кейін күрке тауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы керек, жылытқыш шам қою қажет. Күрке тауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап  туралған піскен жұмыртқалармен қоректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады.  Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды  (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге болады. 6. Өнімді сату. Өндірістен түсетін табыс өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана болады. Ең алдымен, сіздің тұратын қалаңыздың немесе жақын маңдағы аудан (облыс) орталығының  қай сауда нүктелерінде        осы өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз.Сонымен қатар сіздің қалаңызда немесе жақын елді мекендерде күрке тауық өсірумен айналысатын адамдардың бар-жоқтығын біліңіз. Егер бәсекелестер бар болса, олардың өткізу нарығы қалай ұйымдастырылғанын зерттеңіз. 7. Болжамды есептеулер. 7.1. Шығыстар: – инкубациялық жұмыртқаларды сатып алу (150 дана  80 теңгеден) = 12 000 тенге. – тұрмыстық инкубаторды сатып алу – 20 000 теңге. – бір жылға азық сатып алу – 30 000 теңге. Барлығы  62 000 теңге. 7.2. Табыс: – Жұмыртқа сату.  Жұмыртқа туу –жылына 50-100 дана х 50 күрке тауық = 2 500 жұмыртқа х 80-100 теңге (бір жұмыртқаның бағасы) = шамамен 200 000 теңге. – Ет сату. 1 күрке тауықтың салмағы шамамен 5-7 кг. х 1200 теңге (1 кг бағасы) = 6 000 теңге, ал егер 10 немесе 20 күрке тауық сататын болсаңыз, онда табыс айтарлықтай көп болады.
0 дауыс
Тауық өсіру бойынша бизнес-жоспар *Тауық  өсіруді  неден бастау керек?* Үй салған кезде, құрылысты  шатырдан  емес, іргетастан  қалайтыныңыз анық.  Ал қайықты  суға шығармас бұрын, алдымен  бағытты белгілеп аламыз.  Тіпті дүкенге  бару сияқты  қарапайым  шаруаның өзін  алдымен  тізім жасаудан  бастаймыз.  Көріп отырғандай,  жоспарламай,  бірде-бір істі бастамаймыз.  Ал іскер адамдардың  күнделігі болады  және  оның жұмыс  жоспары біирнеше айға  жасалады.  Өз ісін бастағысы келетін адамдың басты  міндеті бизнес-жоспар  жасау  болу керек.  Ал  құс  өсіруе  немесе  басқа үй  құсын өсіру  бойынша  бизнес-жоспар  жасаудың  маңызы  өте зор.  Неге дейсіз ғой?!  Себебі,  тауық –тірі  жәндік,  оны  өсіру оңай  шаруа емес,  оның үстіне құс шаруашылығында тәуекел өте жоғары.  Сондықтан да  шаруашылықты  жан-жақты  бақылау  үшін  бизнес-жоспардың  маңызы  зор:  қателікке жол берсеңіз,  жоспарға қарап,  қай  жерден  қате кеткеніңізді қарауға,  проблеманы  реттеуге болады. Оның үстіне біздің  елімізде  тауық  өсіру  өте  пайдалы  шағын бизнес,  бұл іспен кез_келген адам  айналыса алады, тек  тауық өсіру  бойынша  сауатты  жасалған бизнес-жоспар болса  болды. *Қандай  тауықты  өсіру керек?* Жоспар  жасау кезіндегі  қабылданатын бірінші шешім -  қандай тауық  өсіру керектігі туралы  шешім.  Шаруалар көбіне,  көп жұмыртқалайтын, етті және  жұрт көп тұтынатын тауықтарды өсіруге ден қояды.  Көп жұмыртқалайтын тауықтар  - тауық  үшін,  екіншісі –ет  үшін  өсірілсе,  үшінші тауықтар – алғашқы екі  тауықтың  оң  сапаларын бойына  сіңірген  құс,  яғни  олар  жұмыртқаны  көп туады,  еті де  жоғары сапалы. *Қанша тауық  ұстағыңыз келеді?* Бизнес-жоспар  жасаудағы тағы бір  маңызды мәселе:  ұсталатын тауықтың саны.  «Шамаңа  қарай көсіл» деген сөз бар.  Яғни,  тауық өсірерде  өзіңізді  қаржылық мүмкіндігіңізге  қараңыз.  Қанша тауықтан  бастауға болады деп  ойлайсыз?  Ең дұрысы,  бастапқы  кезде  шаруашылығыңыздағы тауықтың саны  бірнеше ондықтан аспағаны жөн.  Сонда тәуекел де  азаяды,  ал  бірінші  партия  өзіңіздің  экономикалық мүмкіндігіңізді  бағалайтын  «бақылаушы топ»  болады. *Балапанды қайдан алу керек?* Бұл шаруаны  қолға алғанда ескеретін тағы бір  мәселе –  балапанды қайдан  сатып  алу керек  деген мәселе.  Балапанды  құс фермасынан  немесе жеке шаруашылықтардан сатып  алуға болады, ең бастысы  жеткізуші  аты адал,  құс өсірушілер мақтайтын, бұл  іспен  айналысқанына  біраз уақыт болған  адам  болсын.  Балапанды сатып  аларда  мына жайттарды  назарда ұстау керек:  балапанның  тұмсыңы  сары түсті болуы,  балапан  аяғына нық тұруы және  тез жүгіруі керек.  Тағы бір мәселе:  жасы  үш  аптаға жақындап қалған  балапандарды алу керек, олар  бұл  уақытта суыққа шыдайды  және өз бетінше қоректене алады. *Тауық қора салу* Ал  балапандарды сатып алмас бұрын,  тауық қора салу керек.  Оларға арналған  қора  егжей-тегжей  жоспарлануы тиіс.  Ең алдымен,  сізге үлкен  қораның  керегі жоқ:  жиырма  шақты балапанға  10-12  шаршы метр  аудандық  қора  жетеді.  Егер  балапандарды темір торға  отырғызсаңыз, олар  аз  қозғалатын  болады  және  тез  семіре бастайды:  бұл  әсіресе етті  тауықтарды  өсіруде ескеретін мәселе.  Және бір  темір торға  бір  жастағы  құстарды  отырғызбау керек: олар  өзара  шұқысып  қалуы мүмкін. Екі айдан кейін  балапандарға  жем шашып,  жаюға болады,  оларды күніне  екі-үш рет жемдеу керек.  Жиырма  тауық үшін ең жоқ дегенде  үш жүз  кг жем алуыңыз  керек, бұл бес айға  жетеді. *Қоразсыз  іс бітпейді* Қоразсыз  тауық өсіре алмайсыз, ол  анық!  Үлкен шаруашылықтарда бірнеше  қораз  ұстау керек,  бірақ оларды жеке ұстаған жөн.  Себебі, олар  «гарем»  үшін  «төбелесетін» болады. *Тауық  өсірудің  басқа да  маңызды мәселелері* Тауық  өсіру бойынша бизнес-жоспар жасауды  жалғастырайық. Сонымен, сіз  жұмыртқа көп туатын  тауық сатып  алдыңыз  делік.  Олар  есейген  соң,  жұмыртқа  әкеле бастады.  Жұмыртқа  басу инстинктері  байқалмағандықтан,  жұмыртқаны жинап, сату ғана  қалады.  Бір тауық  екі күнде бір жұмыртқа туады.  Осы көрсеткішті тауықтың санына көбейтеміз, сонда  жиырма  тауық аптасына  алпыс  жұмыртқа туатын болып шығады.  Осы алпыс жұмыртқа санын  сіздің  ауылдағы  жұмыртқаның сатып алу бағасына көбейтеміз,  сонда шыққан  сома  «тауық»  бизнесіне салған  шығыныңызды ақтап шыға келеді.  Бірақ,  шығын  ең әрі кеткенде жарты жылдан кейін ақталатынын естен шығармаңыз. Балапанды есеюі үшін бес ай  уақыт  керек,  бірақ  кешегі балапан  күрке  тауық  атанғанша бір жарым жылға дейін уақыт  керек.  Тауырларды  ветеринарға  жиі тексертіп тұрыңыз,  өйтпесеңіз,  бизреске салған  қаржыңыз  құс ауруларының салдарынан  жоқ  болуы әбден  мүмкін.  Үй құстары  аурулардың салдарынан қырылып  қалатын  кез аз  емес. Тауықтар  аз қозғалатын  болса,  жұмыртқаны  аз туатын болса,  тәбеті  жоқ болса,  сыртқы келбеті  азып-тозса, дереу  ветеринарға  жүгініңіз. Тауық  өсіруге бел буған  адам  құс туралы бәрін  немесе  ең керекті мәселелерді білуі  тиіс.  Тауықтар не жеп, не қояды,  жұмыртқаны қалай туады, олардың орташа өмір жасы қанша,  неден қорқады, нені тех жұқтырады, т.б.  біліп жүргеннің  артығы жоқ.  Қорадағы  жағдайды  жақсы біліп отырсаңыз,  бизнесіңіз де жақсы  дами түседі.
0 дауыс
Доллорға айналдырып банкке салып қой. Курс он есеге өскенде қайта аласың. Міне, бизнес))))))))))))))))
Толық ақпарат ала алмаймыз
0 дауыс
Құс шаруашылығымен айналассаңыз сізге инкубатор керек болады Үй инкубаторы Қазіргі уақытта көп адамдар үй құсын өсірумен айналысады, осылайша, өз отбасын оның сапасына сенімді бола отырып, экологиялық таза өніммен қамтамасыз етеді. Үй құсы – бұл мамық, қауырсын, тыңайтқыш үшін көң, ет және жұмыртқа сияқты әрқашанда қажетті пайдалы табыс табу  тәсілі. Бизнестің тез өтелімдігі шығынның аздығында. Сізге тек қана үй инкубаторын алу қажет болады, өйткені ұябасар тауық шығару үшін балапандардың қажетті санын қамтамасыз ете алмайды. *Таңдау: үй инкубаторын таңдау немесе өз бетінше жасап алу?* Инкубаторды мүліктенудің екі жолы бар: сатып алу немесе өз бетінше жасап алу.  Бұл мақалада біз үй инкубаторын өз бетінше  жасап алу тәсілін қарастырамыз. Басынан бастап жұмысыңыздың аяқталуы бойынша өзіңіз қалаған нәтижені анықтап алу қажет. Сонымен қатар пайдаланылатын жаймалар санын анықтаған жөн, соған жұмыртқа саны байланысты болады. Ескі компьютеріңіздің кулері бірнеше жайма болған жағдайда жақсы желдеткіш болады, өйткені ауа бірқалыпты жайылуы тиіс. Жұмыртқаға тікелей ауа легін бағыттауға болмайды. Егер жайма біреу болса, желдеткіштің қажеті жоқ. Бұл жағдайда егер қыздырғыш элементтерді дұрыс орналастырса, температураның біркелкілігіне қол жеткізуге болады  Өзіңіздің үй инкубаторыңыз үшін қорап табыңыз. Бұл мақсаттар үшін ескі тоңазытқыш, картон қорапша, фанер тақтай және басқалары жарай береді. Инкубатордың қабырғаларын  жылыту үшін келесі материалдарды пайдаланыңыз: киіз, поролон, пенопласт. Сіз жайманы барынша жылытуыңыз керек. Желдету үшін, сонымен қатар ауаның ылғалдылығын қамтамасыз ету үшін міндетті түрде тесік жасау керек (суы бар ыдысты түбіне орналастыру). Желдеткіштік тесіктер жабылып қалмауы тиіс, сондықтан суы бар қаңылтыр табаны қоймаңыз. Желдеткіш не үшін қажет? Адамдарға сияқты ұрықтарға да оттегі қажет, олар да көмірқышқыл газын шығарады, сондықтан да газды шығаратын және жұмыртқалар тұншығып қалмауы үшін оттегі легін қамтамасыз ететін құрылғы қажет. Ұрықтарды бақылау үшін ашылатын бақылау терезесін жасаңыз. Егер ол жылжитын болса тіпті жақсы, осылайша желдеткіш қамтамасыз етіледі. Жұмыртқаны  төңкеру және суды ауыстыру үшін есік жасаңыз. Жайманы дайындау үшін ұяшықтарын жұмыртқа көлеміне келтіруге болатын ағаш рамка мен торшаны пайдалануға болады. Жайма бортпен қоршалуы тиіс.  Жұмыртқаның бір жағының қабығына белгі салыңыз, сонда қай жұмыртқаны айналдырғаныңызды  шатастырмайсыз. Сонымен қатар сіз механикалық үй инкубаторын жасасаңыз өз еңбегіңізді жеңілдетесіз. Қыздырғыш элементтерді дұрыс орналастыра отырып, сіз балапандардың өміршеңдігінің жоғары деңгейін сақтай аласыз. Дұрыс орналастыру сіздің үй инкубаторыңыздың көлемі мен құрылысына байланысты болады. Қыздыру элементін ұрықтан элемент типін ескере отырып, қашықта орналастырыңыз. Бұдан басқа қыздырғыш элементтердің сенімділігі мен қауіпсіздігі ескерілуі тиіс. Егер мүмкін болса, инкубаторда термореттегіш орнатыңыз. Осылайша, сіз ішкі температураны үнемі тексеріп отра аласыз да, ұрықтың өлуіне әкелетін жұмыртқаның қызып кетуі мен салқындап кетуіне жол бермейсіз.Сіз радиотехниканы  жақсы меңгерген болсаңыз, термореттегішті өзіңіз жасап ала аласыз. Біз инкубаторды өз бетінше дайындауды қарастырдық, бірақ сонымен қатар сіз үй инкубаторын дүкеннен немесе интернет арқылы сатып ала аласыз. Бұл қымбатқа түседі, егер сіз коммерциялық мақсатта балапан өсірумен айналысқыңыз келсе,  салымдар ақталады. Үй инкубаторларының ассортименті көп болған жағдайда, әртүрлі функционалды бірнеше бағалық диапазондар ерекшеленеді: аударудың қолмен жасалуы (әрбір жұмыртқаны қолмен), механикалық тәсіл (жұмыртқа қолмен аударылады, бірақ бірнешеуін бірден) немесе автоматтық тәсіл. *Балапандарды үй инкубаторында шығару үдерісі* Сатылатын үй инкубаторларының көбі температураны автоматтық ұстау, желдеткіш, биоакустикалық жүйе, ұябасар тауыққа еліктегіш дыбыстар, жарып  шығатын балапанның шықылығы, құстардың әр түрін шығару үшін ыңғайлы режимдермен және т.б. жабдықталған.  Ашық терезе және суды құюды жоққа шығаратын қалтқыға дабыл артықшылығы болып табылады. Үй инкубаторының көпшілігін жаңа жарып шыққан балапандарың күтімі үшін құрылғы ретінде қайпаланады (14 күн). Қорытындысында шыдамды болу керектігін атап өткен жөн, өйткені бірінші реттен үй инкубаторы жасалмайды. Балапандардың көп пайызын алу үшін сіз үй инкубаторын бұрынғы жіберген қателерді ескере отырып, тағы бір рет қайта жасауыңыз керек болады. Егер сіз өз үй инкубаторын жасағыңыз келсе, онда қауіпсіздік және құрылғының сенімділігі туралы ұмытпаңыз. *"Комментар""йлер"*":" Ғалымжан: Өте заманауи мақала! Өз үй инкубаторымды жасап алмақшымын. Қыздыратын аспапты жұмыртқадан қандай қашықтықта орналастырған жөн? Жанна: Қайырлы күн, Ғалымжан! Сұрағыңызға рахмет. Сіз өз инкубаторыңыздың көлемін есепке алуыңыз керек және соған сәйкес жұмыртқаға дейін белгілі қашықтық ұсталу үшін, бірақ 25 см-ден кем емес есептелуі тиіс.Пікірлер
...