Тауық өсіру бойынша бизнес-жоспар *Тауық өсіруді неден бастау керек?* Үй салған кезде, құрылысты шатырдан емес, іргетастан қалайтыныңыз анық. Ал қайықты суға шығармас бұрын, алдымен бағытты белгілеп аламыз. Тіпті дүкенге бару сияқты қарапайым шаруаның өзін алдымен тізім жасаудан бастаймыз. Көріп отырғандай, жоспарламай, бірде-бір істі бастамаймыз. Ал іскер адамдардың күнделігі болады және оның жұмыс жоспары біирнеше айға жасалады. Өз ісін бастағысы келетін адамдың басты міндеті бизнес-жоспар жасау болу керек. Ал құс өсіруе немесе басқа үй құсын өсіру бойынша бизнес-жоспар жасаудың маңызы өте зор. Неге дейсіз ғой?! Себебі, тауық –тірі жәндік, оны өсіру оңай шаруа емес, оның үстіне құс шаруашылығында тәуекел өте жоғары. Сондықтан да шаруашылықты жан-жақты бақылау үшін бизнес-жоспардың маңызы зор: қателікке жол берсеңіз, жоспарға қарап, қай жерден қате кеткеніңізді қарауға, проблеманы реттеуге болады. Оның үстіне біздің елімізде тауық өсіру өте пайдалы шағын бизнес, бұл іспен кез_келген адам айналыса алады, тек тауық өсіру бойынша сауатты жасалған бизнес-жоспар болса болды. *Қандай тауықты өсіру керек?* Жоспар жасау кезіндегі қабылданатын бірінші шешім - қандай тауық өсіру керектігі туралы шешім. Шаруалар көбіне, көп жұмыртқалайтын, етті және жұрт көп тұтынатын тауықтарды өсіруге ден қояды. Көп жұмыртқалайтын тауықтар - тауық үшін, екіншісі –ет үшін өсірілсе, үшінші тауықтар – алғашқы екі тауықтың оң сапаларын бойына сіңірген құс, яғни олар жұмыртқаны көп туады, еті де жоғары сапалы. *Қанша тауық ұстағыңыз келеді?* Бизнес-жоспар жасаудағы тағы бір маңызды мәселе: ұсталатын тауықтың саны. «Шамаңа қарай көсіл» деген сөз бар. Яғни, тауық өсірерде өзіңізді қаржылық мүмкіндігіңізге қараңыз. Қанша тауықтан бастауға болады деп ойлайсыз? Ең дұрысы, бастапқы кезде шаруашылығыңыздағы тауықтың саны бірнеше ондықтан аспағаны жөн. Сонда тәуекел де азаяды, ал бірінші партия өзіңіздің экономикалық мүмкіндігіңізді бағалайтын «бақылаушы топ» болады. *Балапанды қайдан алу керек?* Бұл шаруаны қолға алғанда ескеретін тағы бір мәселе – балапанды қайдан сатып алу керек деген мәселе. Балапанды құс фермасынан немесе жеке шаруашылықтардан сатып алуға болады, ең бастысы жеткізуші аты адал, құс өсірушілер мақтайтын, бұл іспен айналысқанына біраз уақыт болған адам болсын. Балапанды сатып аларда мына жайттарды назарда ұстау керек: балапанның тұмсыңы сары түсті болуы, балапан аяғына нық тұруы және тез жүгіруі керек. Тағы бір мәселе: жасы үш аптаға жақындап қалған балапандарды алу керек, олар бұл уақытта суыққа шыдайды және өз бетінше қоректене алады. *Тауық қора салу* Ал балапандарды сатып алмас бұрын, тауық қора салу керек. Оларға арналған қора егжей-тегжей жоспарлануы тиіс. Ең алдымен, сізге үлкен қораның керегі жоқ: жиырма шақты балапанға 10-12 шаршы метр аудандық қора жетеді. Егер балапандарды темір торға отырғызсаңыз, олар аз қозғалатын болады және тез семіре бастайды: бұл әсіресе етті тауықтарды өсіруде ескеретін мәселе. Және бір темір торға бір жастағы құстарды отырғызбау керек: олар өзара шұқысып қалуы мүмкін. Екі айдан кейін балапандарға жем шашып, жаюға болады, оларды күніне екі-үш рет жемдеу керек. Жиырма тауық үшін ең жоқ дегенде үш жүз кг жем алуыңыз керек, бұл бес айға жетеді. *Қоразсыз іс бітпейді* Қоразсыз тауық өсіре алмайсыз, ол анық! Үлкен шаруашылықтарда бірнеше қораз ұстау керек, бірақ оларды жеке ұстаған жөн. Себебі, олар «гарем» үшін «төбелесетін» болады. *Тауық өсірудің басқа да маңызды мәселелері* Тауық өсіру бойынша бизнес-жоспар жасауды жалғастырайық. Сонымен, сіз жұмыртқа көп туатын тауық сатып алдыңыз делік. Олар есейген соң, жұмыртқа әкеле бастады. Жұмыртқа басу инстинктері байқалмағандықтан, жұмыртқаны жинап, сату ғана қалады. Бір тауық екі күнде бір жұмыртқа туады. Осы көрсеткішті тауықтың санына көбейтеміз, сонда жиырма тауық аптасына алпыс жұмыртқа туатын болып шығады. Осы алпыс жұмыртқа санын сіздің ауылдағы жұмыртқаның сатып алу бағасына көбейтеміз, сонда шыққан сома «тауық» бизнесіне салған шығыныңызды ақтап шыға келеді. Бірақ, шығын ең әрі кеткенде жарты жылдан кейін ақталатынын естен шығармаңыз. Балапанды есеюі үшін бес ай уақыт керек, бірақ кешегі балапан күрке тауық атанғанша бір жарым жылға дейін уақыт керек. Тауырларды ветеринарға жиі тексертіп тұрыңыз, өйтпесеңіз, бизреске салған қаржыңыз құс ауруларының салдарынан жоқ болуы әбден мүмкін. Үй құстары аурулардың салдарынан қырылып қалатын кез аз емес. Тауықтар аз қозғалатын болса, жұмыртқаны аз туатын болса, тәбеті жоқ болса, сыртқы келбеті азып-тозса, дереу ветеринарға жүгініңіз. Тауық өсіруге бел буған адам құс туралы бәрін немесе ең керекті мәселелерді білуі тиіс. Тауықтар не жеп, не қояды, жұмыртқаны қалай туады, олардың орташа өмір жасы қанша, неден қорқады, нені тех жұқтырады, т.б. біліп жүргеннің артығы жоқ. Қорадағы жағдайды жақсы біліп отырсаңыз, бизнесіңіз де жақсы дами түседі.