Қазіргі әскер қандай деңгейде?
Қояр сұрағым мынадай!
Мен 1-шы курс студентімін Қаржы мамандығында жасым 17 де, келесі жылы мен әскерге шақырту алуым керек!
Мен Қаржы мамандығы болған сон біздің Универсисетте Әскери Кафедра бар сонда оқып әскери билет алып шығуға болады. Олар бірдене жазып береді яғни әскерге бармауға болады.
Ал мен 9-шы сыныптан бастап әскерге баруды мақсат тұтқам яғни әскерге барып әскери өмірді көру.
Студенттік өмір деген секілді әскери өмір дегенде бар емес пе!!!
Әскерге өмірде бір ақ рет барасын сондықтан әскерге барғым келеді.Оған ешқандай кедергі жоқ барамын деп оқуды тоқтатып барып қайтуыма болады.
Енді достарыма соны айтып көргем олардың айтқандары:
Өй одан кафедра оқып ал,қазіргі армия армия емес!
Не істейсің!
1 жылын босқа кетеді!
Басын жасайма!
Міне осындай сөздерді естідім.
Шыныменде қазіргі әскер қандай деңгейде, біреуі бала-бақша дейді,біреуі қиналып кетесің анауда - мынау дейді.
Енді сіздерден сұрарым арамызда әскерге барып келгендер бар шығар!
Қазіргі әскер қандай? Мен әрбір жігіт Отан алдыңдағы борышын Кафедрада емес нағыз әскерде өтеген дұрыс деп ойлаймын. Мен кафедрада оқығым келіп тұрған жоқ!
Тіпті ағаларыма дейін кафедрада оқығанымды қалайды.Неге олай!? Мен өзіме риза боп отырмын , бәрі қашама білмедім ал менің барғым келіп отыр,тіпті АэроҰтқыр әскер қатарына!!!
Енді менің қайткенім дұрыс өзім не істегім келеді соны істейін бе әлде достарымды,жақындарымның айтқаны дұрыс па?