Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті әзін-озі басқаруынан кәрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді
Плюрализм, пікір алуандығы (ағылш.плұралісм; лат.плұраліс; множествепиый, многообразный) Әздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлеріи білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда гүрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдык ұйымдардын (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекет тестігі Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады.Плюрализм – дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәу-елсіздігін мойындайды. Қоғамдық пікір - қайшылықты қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде қалыптасқан бұқаралық сананың өзекті күйі, адамдардың ірі топтарының осы жағдайларға қатынастарын бейнелейді; бір нәрсе немесе біреу жөнінде қоғамда көпшілік адамдарда сол бір сәтте қалыптасқан пікір.
Қоғамдық пікір– қоғам мүшелерінің ағымдық істер, не саяси мәселелер бойынша позициясының көрсеткіші. Қоғамдық пікірді зерттеу мен коршаған орта жайлы дұрыс ақпарат алу үшін пікіртерім әдісі қолданылады. Пікіртерім алғашқы әлеуметтік ақпарат жинаудың бір әдісі. Сұраудың екі негізгі әдісі бар: ауызша - анкета (сауалнама), жазбаша - интервью алу. Қазіргі кезде пікіртерім әлеуметтануда кең таралған әдіс болып табылады, барлық қоғамдық салада әлеуметтік пікірді зерделеу үшін қолданылады.
Қоғамдық пікір – жалпы қоғам немесе қоғамның белгілі бір бөлігінің ашық көрінетін іс-әрекеттер мен ұстанымдарды жақтауы немесе оларға қарсы болуы. Қоғамдық пікір қоғамдық жүйе үшін маңызды мәселелерге байланысты өз ойларын ашық білдіретін адамдардың үлкен топтарының тарихи кесімді және өзгеріп отыратын қоғамдық санасы.